"Астана Опера" театрының құрамы әлемге танымал опера әншісімен толықты

"Астана Опера" театрының құрамы әлемге танымал опера әншісімен толықты

Мамырдың 18-і мен 27-сі аралығында «Астана Опера» театрында жыл сайын өтетін әртістер конкурсы өткізілді.
Театр труппасының әртістері шарт бойынша бір жылға жұмысқа алынады және осы мерзім аяқталғанда, өнер иелері өз кәсіби деңгейлерін қайта растап, аттестаттаудан өтулері керек. Әлемдік театрлардың тәжірибесінен үлгі болған бұл жүйе әртістерді үнемі шығармашылық ізденушіліктерге талаптандырып, ынталандырады.
Аталған конкурстың қазылар алқасының құрамына отандық мамандармен қатар Алмания, Грекия, Италия, Ресей және Украина сияқты елдерден беделді адамдар шақыртылды. Додада тек Қазақстан әртістері ғана емес, алыс-жақын шетелдіктер де өз бақтарын сынады. Конкурсқа қатысқан 468 адамның 332-сі сыннан сүрінбей өтті.
Сондай-ақ театрдың опералық труппасында да елеулі оқиға болды. Оның құрамы әсем бас даусының иесі, Армения Республикасының Халық әртісі, әлемдік деңгейде танымал опера әнші Барсег Туманянмен толықты.
Жалпы алғанда, опера солистерінің құрамы бұрынғы қалпын сақтап, негізгілері қалды. Ал кей әртістер сахнаның жетекші шеберлері деңгейіне дейін көтерілді. Бұл конкурсқа 49 адам қатысты, жоғары бәсекелестік әнші қыз-келіншектер (сопрано) арасында байқалып, 24 үміткердің тек 9-ы ғана өтті.
Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, «Мәскеудің асқан шеберлері» оркестрінің солисті, Мәскеу консерваторияның ұстазы, халықаралық конкурстардың лауреаты, Салацгривадағы (Латвия) халықаралық классикалық музыка фестивалінің ұйымдастырушысы Лундин Алексей әртістерге өз бағасын берді.
«Өте жақсы әсерде қалдым. Оркестрдің орташа деген деңгейі - өте жоғары, жекелеген музыканттартіпті таң қалдырды. Ал кейбір үрмелі аспаптар тобының кереметтігі соншалық, Мәскеудегіге қарағанда мұнда таңдау жасайтын мүмкіндік мол. Музыканттар кәсіби деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті. Сайысқа өтінім бергендер арасында екінші курста оқып жүріп, оқумен қатар тығыз жұмыс кестесіне үлгеру керектігін ойламай келгендер де болды», - дейді Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі.
Оның ойынша, «Астана Опера» музыканттары өзге конкурсқа қатысушылардан өздерінің жоғары шеберліктерімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, нақышына келтіріп ойнау, екпіннің тазалығы, мәтінді оқудағы ұқыптылық жағынан олар озық тұр. Мұның барлығы жоғары класты оркестрде тәртіптің қалыптасқандығының нәтижесі. Сайыс соңында оркестрдің құрамы 20 музыкантпен толықты.
Ал хор құрамы өзгерген жоқ. Балеттік труппаның негізгі құрамы сақталып, кордебалетке 17 мен 23 жас аралығындағы 12 адам алынды. Балет әртістерінің позициясында шамалы өзгерістер орын алды: кордебалеттегі бірнеше адам солист атанып, труппа жетекші солист атанған Жандос Әубәкіровпен толықты.
«Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев конкурстан өткен қатысушылардың қарымы күшті екенін атап өтті. Комиссияны КСРО Халық әртісі, аса көрнекті биші, Үлкен театрдың прима балеринасы Людмила Семеняк басқарды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста