Астанада математиктер бас қосты

Астанада математиктер бас қосты

Білім саласында жағымды жаңалық. Елордамызда Қазақ­­стан Республикасы математика пәні мұғалім­дері­нің І съезі басталды. «Қазақ­стан мектептерінде математи­калық білім беру ісін дамыту: қазіргі жай-күйі мен даму болашағы» тақырыбын­да өткен жиын «Қазақстан» орталық концерт залында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұ­ловтың қатысуымен ашылды. Онда математика мұғалім­де­рін даярлау, дарынды оқу­шы­лармен жұмыс жасау, математика оқулықтарын әзірлеу және басқа да мате­ма­тикалық білім берудің өзекті мәселелері талқылан­ды.
Отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуы мен өтіп жақтан cъезге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау хатын жолдап жіберіпті. Хатты Премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев оқып берді. «Бұл мәртебелі жиын рес­публи­ка үздік математиктерінің, білім беру саласы көшбасшыларының, жетекші ғалым­­дардың, белгілі әдіскерлер мен жаңашыл педагогтердің басын қосып отыр. Мен елімізде сапалы білім беру ісіндегі ұстаз рөлінің маңыздылығын түсіну қалыптасқанын қанағат сезіммен атап өткім келеді. Бүгінгі заман талабына сай мұғалім – ол рухани дамыған, педагоги­калық технологияның қыр-сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс. Мұның математика мұғалімдеріне де ерекше қатысы бар. Себебі еліміздің жедел индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында базалық техникалық пәндер­дің бірі ретінде математика қазіргі заманғы білім берудің алдыңғы шебіне шығып отыр», – депті Елбасы құттықтау хатында.
Съезде сөйлеген министр соңғы жыл­дары білім саласына ерекше мән беріліп, ЮНЕСКО ұйымының зерттеуіне сәйкес Қазақстан білім беруді дамыту индексі бойынша ТМД елдерінің ішінде бірінші орынға көтерілгенін алға тартып отыр. «Атал­ған зерттеу бойынша Қазақстан ТМД-да бірінші орынға ие болса, индекске қатысқан әлемнің 129 мемлекеті ішінде 4-орында келеді. «Биыл отандық білім беруді дамытуға бөлінетін мемлекеттік шығыстардың көлемі 900 млрд теңгені құрайтын болады. Бұл – елдің ішкі жалпы өнімінің 4,2 пайызы. Осылайша, біз ЮНЕСКО ұсынған 5,6 пайыздық көрсет­кіш­ке жақындап келеміз», – дейді Б.Жұ­ма­ғұлов.
Съезде ол сонымен қатар елімізде ма­те­матика пәні мұғалімдерінің қауымдас­тығын құру қажет деген ұсыныс айтты.
Қалай болған күнде елімізде тұңғыш рет математика пәнінің мұғалімдері съезінің өтуі осы салаға деген құрметтің артқанын білдірсе керек. Дегенмен кемшін тұстарымыз да жоқ емес. Белгілі академик Асқар Жұмаділдаевтың айтуынша, білім саласында кемшін түсіп жатқан жайттар да жетерлік. Соның бірі – білім жүйесінің жиі өзгеріске ұшырауы. Айтуынша, бір жүйеге көшеміз деп жүріп осыған дейін қол жеткізген дүниелерімізді ұмыт қалдырып жатамыз. «Ғылым, соның ішінде матема­тика консервативті болуы тиіс. Бұйрық шы­ғарып, өзгерте саламыз деу – құр қиялмен бірдей. Біздің жетістігіміз кеңестік жүйенің артықшылығында жатыр. Соның екпінімен келе жатырмыз. Сол кезде математикаға қатысты ең озық жүйе бізде болды. Бірақ біз соны өзгертіп, қазір батыстық жүйеге көшудеміз. Бұрын математиканы алгебра, арифметика, геометрия деп үш негізге бөліп оқыдық. Қазір бәрін қосып қойырт­пақтап жатырмыз. Ал батыстық жүйеде бұл сайнс ғылымы деп оқытылады. Жеке-жеке бөлмейді. Бұл дұрыс емес. Матема­тиканың үш негізі қалуы керек. Бізге осы жетістігімізді дамыту қажет. Олай болмаған күнде бәрін жоғалтып алуымыз мүмкін. Екінші бір кемшілігіміз – «алтын басты» кадрларымызды бағалай алмаймыз. Білімді жастарымыздың барлығы шетелге кетіп қалады. Озаттарымыз бен үлкен олимпиаданың жеңімпаздары көп. Бірақ олардың көбі елде емес. Барлығы дерлік батыс мемлекеттеріне кетіп қалған», – дейді ол.
Күләш Шәмшиддинова, «Назарбаев интеллектуалдық мектебі» АҚ төрайымы:
– Бұл – еліміз үшін өте қажет дүние. Себебі қай елде болмасын мектептегі білімнің сапасы мұғалімге байланыс­ты болады. Мұғалім жақсы болса, білім де жақсы. Осы мақсатта біз съезге ерекше дайындықпен келіп отырмыз. Өзіміздің сайтымызда мұғалімдерге арналған бөлім аштық. Онда ұстаздар дайындаған методика­лық құралдар, оқу жоспарлары болады. Қиын есептерді шығару жолдары бар. Сонымен қатар форум жұмыс істейді. Мұғалімдер өз сауалда­рын қойып, жауап ала алады.

Асқар Жұмаділдаев, академик:
– Бұл жиын әрмен қарай басқа да пәнге қатысты съезд түрлерімен өз жалғасын табатын болады. Себебі, біз Болон кеңістігіне кіріп отырмыз. Алда үлкен реформа күтіп тұр. Мек­теп­тердің барлығы 12 жылдық жүйеге көшеді. Съездің мақсаты – осы реформаның ішіндегі математи­каның рөлі. Дүниежүзінде оқылатын жалғыз ғана ортақ білім болса, ол – мате­мати­ка. Оның үстіне дүниежүзін­де ұлттың негізін анықтайтын екі критерий бар. Оның бірі осы – мате­ма­тика. Бүгінгі таңда жастарымыз – өте білімді, логикасы жоғары. Біздің оқушыларымыз математикалық білімі жағынан 200 елдің ішінде бесінші орында тұр. Бірінші бестікте – Сингапур, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея және Қазақстан. Бұның бар­лығы да – Азия елдері. Ендігі мақсат – осы қарқынды жоғалтып алмау.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста