Астанада студенттік фильмдер фестивалі өтеді

Астанада студенттік фильмдер фестивалі өтеді

Астанада студенттік фильмдердің жыл сайынғы Annual Students Film Festival 2015 фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана - жастар парламенті" қоғамдық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Фестивальді қоғамдық ұйым мен "Астана" ұлттық картиналар галереясы ұйымдастырып отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, фестиваль 20 ақпан күні сағат 19.00-де Республика даңғылында орналасқан "Астана" галереясында өтеді, бұл шара биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

"Annual Students Film Festival 2015 - бұл шығармашылық жоба, фестиваль ұлы кинорежиссер, актер әрі халық әртісі Шәкен Аймановтың туған күніне орай жылда ұйымдастырылады. Фестивальде Назарбаев Университетінің студенттері түсірген қысқаметражды фильмдер мен роликтер көрсетіледі, басты тақырып - "Әлеуметтік даму: Ұлтты тәрбиелеу", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл тақырыпта мынадай категориялар бар: "Рухани құндылықтар", "Тәрбие", "Салауатты өмір салты" және "Экология". Қазылар алқасының құрамында қазақстандық киноматография саласының жұлдыздары: режиссерлер, актерлер және кинотанушылар болады.

Тengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста