Асхат Садырбай көп жылдан кейін ұлымен кездесті
Журналист Асхат Садырбай мен әнші Ерке Есмахан ажырасқаннан кейін, кішкентай Муслим нағашыларының қолында тәрбиеленді. Ара-тұра жұмыстан қолы босамайтын анасы Ақтөбеде тұратын ата-анасы мен баласына барып тұратын. Соңғы кездері Ерке ұлын өз тәрбиесіне алған ұқсайды. Ол қайда барса да, Муслимді өзімен бірге ертіп жүретін болған.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұған дейін берген сұхбатында Ерке ұлын әкесімен кездестірмейтінін, араласуына рұқсат бермейтінін мәлімдеген еді. Алайда ана жүрегі жұмсарған көрінеді. Асхат Садырбай ұзақ уақыттан бері алғаш рет ұлымен кездесіп, онымен түскен суретін желідегі парақшасына салып қойды.
“Үлкен ұл Муслим. Аллаға шүкір. Айт құтты болсын”, – деп жазды ол.
Суреттен бір-бірімен қауышқан әке мен баланың бақыттан бал-бұл жайнап отырғанын байқауға болады.
Ал желідегілер Асхат Садырбай үшін қуанып жатыр. Желі оқырмандарының басым бөлігі Муслимнің әкесінен аумай қалғанын жазуда.