Асхат Тарғынов: "Чип-чип-чип шоу-бизнеске болмаса да, той бизнеске керек..."

Асхат Тарғынов: "Чип-чип-чип шоу-бизнеске болмаса да, той бизнеске керек..."

 Қазіргі уақытта қазақтың тойы хит әнсіз өтпейтін болды. Соның бірі – «Мария Магдалена» әні. Қазір тойдың «чип-чипсіз» сәні жоқ. Бір ғана әнімен көпшілікке танылған Асхат Тарғынов өмірде қандай жан? Оның өмірлік ұстанымы қандай? Қазақ эстрадасының өлшемі «чип-чип» бола ала ма? Асхат Тарғыновпен әңгімеміз осы төңіректе өрбіді.

– «Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң» демекші, туған жердің суы да, ауасы да ыстық. Сіз қай өңірдің тумасысыз?

– Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет батыр ауылында 1981 жылы дүниеге келдім. Есет батырдың ауылы шағын ғана болатын. Ауылда бар-жоғы 50 шақты үй ғана бар. Сол ауылдың құмында ойнап-өскен баламын.Ақтөбе педагогикалық институ­тында музыкалық білім алдым.Анам – тігінші. Әкем өмірінің ширек ғасырын совхозда істеген. Қазіргі уақытта екеуі де зейнетте.
– Өнердегі алғашқы қада­мыңыз қалай басталды?
– 5 жасымнан ауыл сахна­сын­да ән сала бастадым. Негізі, біздің отбасымыз өнерге жақын.Отбасында үш ұлмыз. Нұрбол, Нұр­дәулет және мен. Үлкен ағам да ән айтады. Бірақ қазір өзі­нің мамандығы бойынша, суретші болып жұмыс істейді. Өзінің суретшілікке қабілеті де, Құдай берген таланты да бар. Ал екінші ағам Нұрдәулет те кезінде ән салған. Қазіргі уақытта Ақтө­беде асаба болып қызмет істеуде. Ал мен мектеп қабырғасында жү­ріп домбырамен ән сала бас­та­дым. Сөйтіп, аудандық кон­церт­терге, байқауларға, «Әнші балапан», «Жас дәурен» және басқа да көптеген аудан, облыс көле­мін­дегі байқауларда бақ сынадым. Шалқар ауда­нын­да ән айтып жүріп, кейін мәде­ниет бөлімінде жұмыс істедім. 2005 жылға дейін Шалқар ауда­нында тұрдым. 2005 жылдан бас­тап үлкен сахнаға шықтым. Же­ке шығармашылы­ғыммен соңғы жылдары ғана айналыса баста­дым. Оған дейін тиіп-қашып жүр­ген едім. Жасы­ратыны жоқ, тойларға шақыр­тулар келеді. Той­ларға шығатын себебім, осы­дан басқа табысым да, кәсібім де жоқ. Бірақ ата-анам да өмірден құралақан емес. Сондықтан ана­ның ақ сүтімен, әкенің қанымен бұл өнер бәрі­мізге дарыды десем де болады. Продюсерім жоқ, бі­рақ Ринат есімді пиар менед­жерім бар.
– Репертуарыңызда 30-ға жуық әндер бар екен. Алайда бір ғана «чип-чип» сізді танымал етті. Одан өзге әндеріңіздің «бағы» жан­бауының себебі неде?
– Шыны керек, басқа ән­де­рім арқылы таныла алмадым. Бұл әнді мен «хит қылдым» деп те айта алмаймын. Тек қана орын­даушымын. Халықтың таң­дауымен хит болған ән. «Мария Магдалена» әнінің ерекшелігі – халықтың көбісі бұл әнді жақсы білмейді. Әнді Шалқар ауданындағы Хайдар, Сайлаубек деген ағаларымыз 1980 – 1985 жылдары орындаған және сол Шалқар ауданы ғана білген. Ескі әндердің бірі. Ол кездері ағала­рымыз ансамбль құрып, жанды дауыспен итальян түріндегі нұсқасын орындаған екен. Кейін ешкім айтпаған соң, ұмыт болып қалған. Кейін оны Шалқар ауда­нына келіп, ағалардан үйренген едім. Алғашқы кездері итальян нұсқасында айтып жүрдім. Одан соң бір-екі жыл айтылды да, ұмыт қалды. Қазір көбісі қыр­ғыз­дың, өзбектің, шетелдің ән­дерін айтуды сәнге айналдырып алды. Көбі қазақшаға аударып орындап жүр. Оны плагиат деп те атаймыз. Бір күні ескі ән дәптерімді ақтарып отырсам, итальян тіліндегі «Мария Маг­да­лена» әні көзіме шалынды. Осы әнге қазақша сөз жазып неге айтып көрмеске деп ойладым. Той жанрында жаздырғаным рас. Сонымен, ойлана келе Сай­лаубек Елмановқа хабарласып, сөзін жаздырдым. Осылайша, ән хит болды. Бүкіл Қазақстан, Ре­сей, Америка, т.б. елдерге таны­ла бастадым. Көпшіліктің ара­сында хит бола бастаған кезде, қысы­латынмын. Әсіресе, «чип-чип» деген жерін айтқанда, жұрт қа­лай қабылдар екен деп алаң­да­дым. Алғаш орындалғаннан-ақ көпшілік бұл әнді жақсы қабыл­дады. Тіпті бір кеште бір­­неше рет тапсырыс берген сәттері де болды. Әнім хитке айнал­ғанмен, орындаушысы кім еке­нін білген жоқ. Сол үшін бейнебаян түсіру­ге тура келді. Ән көңілді болған соң, комедиялық жанрда түсір­дік. Бірақ бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Ұнатпағандар да бар.

– Бүгінде көпшіліктің таңдауы той әндеріне түсіп тұр ма? «Қызыл өрік» және «чип-чип» әндерінің хитке айналуының себебі осында ма?
– Сөзі жеңіл той әндерімен ғана шектеліп қалмауымыз қа­жет. Алайда «Мария Магдалена» менің шығармашылығыма жол ашты. Бұған дейін де ауыз тол­тырып айтарлық әндерім жетер­лік. Өкінішке қарай, олардың бар­лығы хит емес. Мұндай ән­дердің хитке айналып бара жат­қанына не себеп дейсіз. Мүмкін, заман талабы солай шығар. Мүм­­кін, тойшылдығымыздан шы­ғар. Қазір тойды бір-бірімен жарысып, бірінен-бірі асырып өткізу сәнге айналды. Сол той­ларға көбісі көңіл күйлерін кө­теру үшін барады. Осы уа­қытқа дейін шетелдің, орыстың әндері­не билейтін еді. Ал қазір Құдайға шүкір, қазақтың да көң­іл­ді ән­дері көбеюде. Мысалы, «Аспан­ға қараймын», «Қызыл өрік», т.б. секілді билеуге ыңғай­лы, әуені ырғақты әндер бар­шылық. Сол себепті де хит бо­лып тұр. Егер бұл әндер болмаған жағдайда шетелдің әндеріне би­лейтін едік. Шоу бизнеске бол­маса да, той бизнеске мұндай әндер қажет-ақ. Алдағы уақытта тек той қуып кетпей, сөзіне, мән-мағынасына қарап, ән жаздырсам деймін.
– Репертуарыңызда патриот­тық әндеріңіз бар ма?
– Шығармашылығымда «Отан» туралы әндер жоқ. Қазір іздестіру үстіндемін. «Асыл аза­мат» деген әнімді Нұртылла Жүсіпов жазды. Сөзін Рақымжан Өтемісов деген ақтөбелік ақын-композитор жазған. Жалпы, еліміздегі абыройлы азаматтарға арналған. «Ауылым», «Ана тілі», т.б. туралы әндерім де бар. Пат­риот­тық ән болған соң, көп із­деніп, халыққа мағыналы, мәнді дүние жеткізу қажет.
– Африкалық әнші Рич Димен бірге дуэт орындайды екенсіздер. Сол рас па?
– Рич Димен дуэт болып орындағанымыз рас. Негізінде, африкалық азамат Рич Ди өзі хабарласып, осы әнді дуэт болып айтуға ұсыныс білдірді. Ол жігіт африкалық болғанымен, Алма­тыда тұрып жатқанына 10 жыл. Осында оқуға келіп, арман қала Алматыда тұрақтап қалған. Өзі қазақ тілінде сөйлейді әрі қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде ән айтады. Шығармашылығында Шәмшінің әндері де бар. Көбіне тойларға шығып, Шәмшінің ән­дерін орындайды екен. Өзі өнер­лі жігіт. Ұсыныс тастаған соң, бірге дуэт болып айтуға келістім. Бірақ әлі күнге дейін фонограм­масын жария етпедік. Себебі, клиппен бірге жариялауды жөн көріп отырған жайымыз бар.
– Өзге эстрада жұлдызда­ры­мен дуэт құру ойыңызда бар ма?
– Дуэтке ұсыныстар бар. Оған дұрыс ән таңдау қажет. Қа­зір қарбалас үстіндемін, уақыт тапшылығы болып тұр. Алдағы уақытта жақсы ән таңдап, Қа­зақстанның белгілі жұлдызда­рымен бірге ән айту жоспарымда бар.
– Шығармашылығыңызда не жаңа­лық? Тыңдарман­да­рыңыз­ды немен қуанта аласыз?
–Біз халықты әнімізбен ғана қуантамыз. Жақында «Биле, жеңге» атты ән жаздырдым. Бұ­ның авторы Әбдеш деген кісі. Қызылорда облысы Арал өңірі­нің тумасы. Қазір халыққа тарап, тойлардағы көңілді әндердің біріне айналуда. Бұл әнге жа­қында бейнебаян түсірілді. Қазір бейнебаянды монтаждау үстін­деміз. Бұйыртса, қалың көрер­менге қыркүйек айында жол тартады. Оның бағасын көпшілік өзі берер.
– Бұл ән «Мария Магдалена» сияқты хит бола ма?
–«Биле, жеңге» әні «Мария Магдалена» секілді хит бола алмайды. Себебі, «Мария Маг­дале­на» әні клип түсірмей-ақ, өз ал­ды­на хит болған ән еді. Сон­­дай-ақ интернет арқылы халық­қа өзі тараған болатын.Сол кездері интернеттен тоқтату да мүмкін болмай қалған еді. Ал «Биле, жеңге» әні көпшілікке енді таралу үстінде.

– Алматыда жеке шығарма­шылық кешін өткізу жоспа­рыңыз­да бар ма?
– Жеке шығармашылық кешін өткізу ойымда бар. Себебі, Алматы қаласына келгеніме қыркүйек айында 1 жыл толады. Бірақ маған әлі ерте секілді. Себебі, репертуарыма жаңадан өз­герістер енгізуім керек. Рес­пуб­лика сарайына кеш өткізу үшін қомақты қаражат та қажет. Концерт беру оңай шаруа емес. Сосын тағы да бір жылдай дайындық қажет шығар деймін. Алла бұйыртса, алдағы уақытта көре жатармыз.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Жадыра ПЕРДЕБАЙҚЫЗЫ

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста