«Асыл» тобының құрамы тағы да өзгерді
Қобызшы қыздардан құралған «Асыл» тобында тағы да өзгерістер орын алды. Бұл туралы топ мүшелері Гакку арнасына берен сұхбатында айты. Топтағы Ғалия Мұратова қазан айында әнші әрі актер Ален Самыкеновке тұрмысқа шыққан болатын. Сол себепті Ғалия өнерден қол үзіп, қатардан кеткелі жатыр. Мұндай жаңалықтың себебін Ғалия былай деп түсіндірді: «Топтан кетейін деп жатқан себебім, тұрмыс құрдым. Құдай қаласа ана атанайын деп жатырмын, сәбилі болайық деп жатырмыз. Сондықтан, әзірше топтан кетейін деп жатырмын». Енді трио боп құралған қыздар Ғалияның орнына қобызда жақсы ойнайтын, түр әлпеті әдемі, бойы ұзын, биге икемді, дауысы жақсы қыз іздеп жүр.
Айта кетейік, Асыл тобы 2008 жылы Ғалия Мұратова, Ақерке Бүркітбай, Анар Аязбаева сынды қобызда шебер ойнап қана қоймай, әнді де нақышына келтіріп айтатын қыздардан құралған болатын.
baistars.kz