Ашық киінуден ашық сүйісуге көшкен әншілер...

Ашық киінуден ашық сүйісуге көшкен әншілер...

 Соңдарынан күңкіл сөз ерту (бәрі емес, көбін) бұрын ашу шақырса, қазір әншілерді ләззатқа бөлей бастаған секілді. Сол үшін әдейі парақшаларына ерсі суреттерді жиі салады. Өйткені көп талқыланады ғой. Тіпті «мынаны қарашы, әдейі осы суретімді бере салып едім» деп өзінің instagram-ға салған бейәдеп фотосын бір-біріне көрсетіп, масаттанып отырған әншілерді көріп жүрміз. Бейне, бір топ итке сүйек лақтырып, олардың аш бөріше талап жатқанын қызықтап отырғандай, суреттеріне жазылған жағымды-жағымсыз коменттерді оқыған сайын, жүздері алаулай түседі...

Қос бикештің сүйісі…

Соның бірі – күні кеше қос әншінің сүйісіп тұрған суреті... Бірі екіншісін туған күнімен құттықтаған түрі. Жә, жеке парақшасына жазды дейік, бірақ оны қанша жұрт көріп отыр ғой. Ашық-шашық киімдерімен алыса-алыса, оны да қойдық. Қойғанда жастардың бәрі солай киіну дұрыс екен деп, жаппай сәнге айналған соң, енді алысқаннан не пайда деген шығармыз? Бірақ, бар кілтипан осы жерден кетіп тұр емес пе?.. Себебі түшкіріп бастағаннан шара қолданбаса, тұмаудың өршіп кететіні заңды ғой. Міне, өршімей не енді, еркек еркекмен ел көзінше құшақтасып, қыздар сүйісуден ұялмайтын боп алды. Басқа емес, «беткеұстар» бикештердің қылығы осы. Ал енді ауыздықтауға болмады деуіміз бекер, өзіміз боркемік, солқылдақ, бейжайлық таныттық. Әйтпесе…

«Өзбекстан Робинзон Крузоның аралы емес»!

– деп бір-ақ кесті ғой өз-ағамдар… Өзімізше «өй өзбектер» деп мұрын шүйіреміз, (мықты болса, халқын жұмыс іздеп тентіретіп қоймас еді ғой деп), ия мүмкін кедей шығар, бірақ тәртібі мен тәрбиесін уыстан шығармаған бұл халық киім үлгісіне қатысты айтылған сын-ескертпелерді ескермеген өнерпаздарды сахнаға шығу құқығынан айырып жатыр. Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Эльмира Боситхонова мемлекеттік әйелдер комитетінің төрайымы болып тағайындалған қаңтар айынан бері әншілердің киім үлгісіне қатты мән бере бастады. Ең алғаш сахнаға киіп шыққан көйлегі үшін сынға іліккен белгілі әнші Лола Юлдашева. Кейін ол басқа әйел әншімен бірге ән шырқағанда Өзбекстанның кейбір тұрғындары «онда лесбилерге тән астар бар» деп шығарды. «Халық айтса, қалып айтпайды» дегенді ескерген Эльмира Боситхонова белгілі мәдениет және өнер тұлғаларынан құралған, мейрамхана басшылары, әншілері бар парламенттің қос палатасының өкілдері алдында маусым айында сөз сөйлеген кезінде Лола Юлдашеваның атын атап, түсін түстемесе де, жалпы сөз алып, «Біздің кейбір әйел әншілердің денесін ашып-шашып, ұлттық стильден алшақ киініп, отбасымен көруге арналған телеарналардан шығатынын қалай түсінеміз? Олар тіпті сынауға да келмейтін мағынасыз әндер айтып, жеңілтек клиптер түсіреді» деді ол. Сол тұста Ұлттық өнер орындаушылардың даму және үйлестіру кеңесінің төрағасы Икбол Мирзо да «сахнадағы өнімдерге «заңның көмегімен» ар-ұят түсінігін ендіретін кез жетті» деп дем берген. Басқа қала Ташкенттен бастауды ұйғарған ел тізгініндегілер қаладағы 140-тан астам тойхана, мейрамханаларды бақылауға алып, нәтижесінде үш әнші сахнаға және теледидарға шықпайтын болды, 11 орындаушыға ескерту жасалды. Сөз соңын үкімет басшысы «Өзбекстан Робинзон Крузоның аралы емес. Егер біреулер қазір бұл жерде демократия бар деп ойласа, қалаған іс-әрекетімді жасаймын десе қателеседі» деп шарт түйген. Міне, кесімді шешім, нәтиже деген осындай болса керек. Жалпы бұл ғана емес өзбек ағайындар бұрыннан тәртіпке, әсіресе сахна тәртібіне бұрыннан қатал. Әлемге әйгілі Юлдуз Усманованың өзін 2005 жылы шетелдерде өз елінің беделін түсіретін бейәдеп қылық танытқаны үшін 7-8 жыл елге кіру құқығынан айырғаны естеріңізден шыға қоймаған болар. Ақырында айылын жиып, отанының қадірін түсінген әнші ел басшысынан жылап тұрып кешірім сұрап, тәубесіне келді емес пе? Сондай-ақ өзбектің Әзиза атты әншісі де күні бүгінге дейін Ресейді паналап жүр. Өз елінен кезінде өрескел қылығы үшін аластатылған.

Құрманғазы мен Пушкиннің қасында…

Бәлкім, мұндай жаза кейбіреу үшін тирандық боп көрініп тұрған шығар? Бірақ халықтың бойындағы ар-ұят пен әдепке кері әсерін тигізетін титімдей қылыққа жол бермеу жағынан бұл өте әділ шешім. Әке-шеше де балаға әуелі ескертеді, тыяды, ал бағынбаған баласын қанша жерден бауыр еті болса да, жазалап алады ғой. Оның бәрі – баланың жақсы болып өсуі үшін, өмірден сабақ алуы үшін. Ал біз болса, осындай жаза мен шара қолдануға келгенде, «өй, ол демократияға қайшы ғой» деп жалпақшешейленіп шыға келеміз. Әрине, содан соң әркім өз ойына келгенін жасап, сахнаны сайқымазаққа айналдырып, киесінен айырып, қадірін қашырғаны былай тұрсын, Құрманғазыдай ұлы тұлғасын Пушкинмен сүйістіріп қойса да, үндемей отыра береді. Олардың қасында «қос бикештің» сүйіскені сөз боп па? «Не бопты, екі қыздың ерін түйістіргеніне бола» дейтіндер табылады, оған күмәнім жоқ. Себебі біздің қазір әр нәрсені көре-көре етіміз өліп кеткен…

Мәриям ӘБСАТТАР

ФОТО Дильназ Ахмадиеваның Instagram-парақшасынан алынды

«Skifnews.kz»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста