«Асық тұлпардан» соң – «хрусталь барыс»
Туындылары көптеген көрмеде қойылған жас суретші-мүсінші Нұрлан Әбішевтің екі картинасы осыдан екі жыл бұрын Америкада өткен халықаралық байқауда жоғары жүлдеге ие болған еді.
Онда суретшінің «Мен сені сағынғанда» атты картинасы «Лирика» категориясы бойынша «Алтын медальға» лайық деп танылса, «Реализм» категориясында «Шарын шатқалы» туындысына күміс жүлде берілген болатын. Ал өткен жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнап 8500 асықтан құралған тұлпар мүсінін жасаған. Бұл жолы жас шебер дүйім жұртты хрустальдан жасалған «Барыс» туындысымен таңғалдыруда.
«Барыс» мүсіні
Салмағы – 35 келі
Ұзындығы – 2 метр
Ені – 40 см
Биіктігі – 70 см
Жұмсалған материал – темір және әрқайсысының құны 100 доллардан тұратын 12 мың хрусталь моншақтан тоқылған. Хрустальдар арнайы Мысыр елінен сатып алынған.
Алмат ИСӘДІЛ