"Ата-енені жақсы көруге міндетті емеспіз": Әсел Асқар сәлем салуға қарсы шықты
Танымал блогер, актриса Әсел Асқар ата-енеге сәлем салу туралы ойын білдірді. Ол тек Жаратқанның алдында бас ию керектігін және ата-енені жақсы көру міндетті емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Біз өз ата-анамыздың алдында бас имейміз. Ал бірақ бізді туып, тәрбиелеп, оқытып, бар махаббатын берген кісілер солар. Ал мұнда бөгде адамдар. Иә, әрине, екінші жартыңның ата-анасын бөтен деп қабылдауға болмайды. Дегенмен, оларды жақсы көруге де міндетті емеспіз. Олар да бізді ұнатуға міндетті емес. Бірақ оларды сыйлауға, тәрбиелеп өсірген баласы үшін алғыс айтуға міндеттіміз", - деп бөлісті Әсел.
Алайда блогер ата-енеден жеке шекараны қорғау қажет екенін алға тартты. Ол қалауыңды тікелей үлкен кісілерге емес, ерің арқылы жеткізуге кеңес берді.
Сондай-ақ, аяғы ауыр Әсел Асқар алғашқы жүктілігіне аса жауапкершілікпен қарамағанын мойындады. Ол жүктілік бойынша есепте тек 7 айда тұрғанын айтты. Есесіне бүгінде жасы 30-ға келген бикеш екінші жүктілім саналы түрде өтіп жатыр, деді.
"Алғашқы жүктілік кезінде көп салмақ қостым. Үнемі үйде отыратынмын, не болса соны жейтінмін. Салмақты тез қосатынмын.
Есепке тек 7 айда тұрдым. Анемияның кесірінен талып қала беретінмін. Қорқынышты еді", - деп еске алды актриса.
Ал екінші сәбиге келгенде бәрі басқаша, дейді бикеш.
"Бұл жолы өзімді сүйемін, бәрін сүйемін, барлығына, әсіресе жақындарыма сыйлық жасап, қуантқым келеді. Саяхаттағым келеді. Денем өзіме ұнайды, баламен жиі сөйлесемін. Армандаймын. Ішімді жиі сипалаймын", - дейді Әсел Асқар.