«Атамекен» алтыншы рет қанат қақты

«Атамекен» алтыншы рет қанат қақты

Тамыздың 14-і мен 16-сы аралығында Жайық топырағынан нәр алып, күллі қазақтың  жайсаң  ұлына  айналған  ҚР Халық әртісі  Ескендір  Хасанғалиев  әндерін  орындаушылардың  республикалық «Атамекен» ән  фестивалі болып өтті. Биыл алтыншы рет шымылдығын түрген бұл байқау алғаш 2000 жылы басталған болатын. Алайда 2006 жылдан бастап ол халықаралық дәрежеге ие болды.
Он жылдан аса тарихы бар «Атамекен» фестивалі ән саласында   өзіндік ізін қа­лып­тас­тырып, өнерге үлес  қосуға   тал­пын­­ған  жастардың болашағына жол ашып үлгерді. Бірнеше ұрпақтың  жан  азығына  айналған әндердің ішінде белгілі сазгер Ескендір Хасанғалиевтің  де әндері бар екенін барша Алаш мойындайды.
Бұл жолғы байқауға еліміздің  барлық ай­мағынан және Ресейдің Астрахань облы­сы, Саратов қаласынан барлығы 28 жас үміт­кер қатысты. Ашылу  салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі  Нұрлан Ноғаев арнайы келіп,  қатысушыларға өз аузымен жеңіс пен сәттілік тіледі. Сонымен, сайыстың аты – сайыс, жүзден жүйрек, мыңнан тұлпардың озып шығуы шарт. Ендеше, байқау қорытындысы бойынша, 3-орынды бес үміткер бөліссе, 2-орын Қызылорда  облысынан Индира  Ахмето­ваға, Жамбыл  облысынан Жанна Асан­құ­ловаға  және оралдық Айнара  Айтқа­лие­ваға бұйырды. Ал байқаудың бірінші жүл­десін Ескендір Хасанғалиевтің туған  же­рінен келген «Қаратөбе» квинтеті өз қан­жығасына байлады. Квинтет құрамы  Ақ­ташов Рүстем, Байтеміров  Жарқын,  Бранов Абзал, Рамазанов Мұхтар, Жапаков Айдос секілді ауданның жас  әншілерінен тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста