Атақты балеринамен билеген қыз

Атақты балеринамен билеген қыз

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғыны Гүлбарам Жағыпарова әжейді жергілікті халық тыл ардагері, кезінде ауылдың өркендеуіне үлесін қосқан еңбек майталманы, сауда-тұтыну саласының озаты және Ұлы Отан соғысы ардагерінің зайыбы ретінде таниды. Ал оның әйгілі биші, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, қазақтан шыққан тұңғыш балерина Нұрсұлу Тапаловамен бірге ауыл сахнасында талай рет өнер көрсеткенін біреу біліп, біреу білмейді.

Өткен ғасырдың 30-жылдары. Бүкіл елде сауатсыздықпен күресті жоюға, білім мен ғылымды меңгеруге қызу құлшыныс байқалған кез. Қазақстанға жер ауып келген білікті мамандар ауылдық жерлерде ағарту жұмыстарын жүргізіп, жергілікті жұртты батыстың мәдени-рухани тыныс-тіршілігімен сусындатып жатты. Осы кезеңде ұлттық фольклорды, халықтық музыканы кәсіби биікке көтеру ісі де қолға алынып, музыкалық-драмалық өнер қарқынды дами бастады. Рухани өркендеудің жаңа үрдістері кезінде әйгілі Көкжар жәрмеңкесі болған шалғайдағы Ойыл өңіріне де жетті. Ақтөбе облысы аумағында тұңғыш рет халықтық драма театры Ойылда ашылды. 1930 жылы ашылған жергілікті қазақ орта мектебі жанында даңқы ауданға жайылған акробатикалық және хореографиялық үйірмелер жұмыс істеді. Ленинградтан жер аударылған педагогтардың кеңесімен ашылған ұжымдарда ел ішінен шыққан табиғи таланттар шыңдалды. Бишілер үйірмесінің беткеұстарлары Нұрсұлу Тапалова, Гүлбарам Жағыпарова мен апалы-сіңлілі Лукьяновалар болатын. Ауылдағы жиын-тойлардың сәні болған қас бишілер қазақ, орыс және кавказ билерін нақышына келтіре орындайтын. Анасынан ерте айырылған Нұрсұлу отбасы жағдайына байланысты жеті кластық білімін жалғастыра алмай, Ойыл театрына биші болып жұмысқа орналасады. Алайда жалғыз бишінің қолынан не келеді? Театрдағы сахналық қойылымдар мен түрлі концерттерде жұптасып өнер көрсету үшін Нұрсұлуға лайықты сыңар бола білген 11 жастағы Гүлбарам ғана еді. «Мен де ел мақтайтын керемет биші болған шығармын, әйтеуір, мені сабағымнан репетицияларға сұрап алатын, – деп күледі Гүлбарам әже. – Екеуміз «Айжан қыз», «Келіншек» деген билерді билейтінбіз. Мен халық алдына шығып, өнер көрсеткеніме мәзбін. Әйтпесе, ол күнде қазіргідей той-томалақта билеп, ақша табу деген ойымызда болған жоқ». Нұрсұлу мен Гүлбарам бірге билеп қана қойған жоқ, екеуі сыр-құпиялары ортақ жан құрбылар еді. «Бірде концерт болғалы жатыр еді. Нұрсұлу: «Кезегіміз келгенше бір жерге барып келейік», – деді. Екеуміз аудан орталығындағы бір үйдің арт жағына келдік. Сөйтсем, ол Бақытжан Оразалин деген бір жігітке ғашық екен, соның үйінің қасына барып, жүзін бір көрмек болыпты. Бірақ онымен әлгі жігіт көзге шалынбады. Бақытжанды Нұрсұлу Алматыға кеткен кезде ғана ұмытқан шығар», – дейді Гүлбарам әже. 1934 жылы Алматыда жаңадан құрылған Құрманғазы атындағы оркестр Ойылға келіп, үш күн концерт берді. Бұл күн көнекөздердің әлі есінде. Оркестрдің ұйымдастырушысы әрі басқарушысы, қазақ кәсіби музыкасының атасы, атақты сазгер Ахмет Жұбанов ауыл жұртшылығына дүркіреген рухани мереке сыйлады. Өнер ұжымына қарап, Ойылдағы қазақ орта мектебінің сол кездегі басшылары аудандық көркемөнерпаздар ансамблін құруды қолға алды. Ал осы сапарында Ахмет Жұбанов Нұрсұлудың талантын байқап, оған кәсіби білім алуға кеңес береді. Арада екі жыл өткенде арнайы комиссияның іріктеуінен өткен биші қыз Алматыға жол тартады. Ал құрбысы ауыл мектебінің бишілер үйірмесіне жетекші болып қалады... «Үйдегі жалғыз қызбын. Әке-шешем менің Алматыдан келген комиссияның байқауына қатысуыма үзілді-кесілді қарсы болды. Өйткені астанаға баруға жағдайымыз келмейді. Іріктеуге Нұрсұлу мен оның екі әнші әпкесі қатысты. Кейін ол Алматыға кетіп, әйтеуір, жұмысқа орналасыпты. Бірнеше жылдан соң ауылымызға екі рет концертпен келген екен, ол кезде мен ауданның есепшісімін, іссапарда жүріп, кездесе алмадым», – дейді Гүлбарам Жағыпарқызы. Мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе кооператив техникумынан білім алып, аудандық тұтынушылар одағында есепші қызметін атқарған Гүлбарам әже содан қайтып бимен әуестенген емес. Алайда 86 жасқа келсе де, «Айжан қыз» бен «Келіншектің» қимылдары әлі есінде. Ал оның даңқты құрбысы әуелі Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрының кордебалет әртісі, прима-балеринасы, кейін Жамбыл атындағы филармония мен «Қазақконцерттің» солисі, кино әртісі де болған еді. Өнерсүйер қауым оның мың бұралған пластикасы мен саусақтарының айрықша қимылдарына ғана емес, табиғат берген мінсіз сұлулығына да тәнті болатын. Әйгілі Құрманбек Жандарбеков, Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұловалардан тәлім алып, Галина Уланова, Майя Плисецкаялармен бір сахнада өнер көрсеткен Нұрсұлу Тапалова 1998 жылы 75 жасында көз жұмды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста