Атауларды қазақша жазуға арланамыз ба?
Қазiр елiмiздiң кез-келген қаласына барсаң, қарсы алдыңнан қызылды-жасылды жазумен көмкерiлген сан алуан атауларды кезiктiресiң. Олар қазақ және орыс тiлдерiнде жазылса құба-құп. Оған ешкiм де дау айта қоймасы анық. Бұл бiздiң елiмiзде қолданылатын тiлдердiң санатына жатқызылады. Өкiнiшке қарай, кейбiр адамдар осындай талаптарды сақтағысы келмейтiнi өтiрiк емес. Мәселен, өзiне тиесiлi орындарға ағылшынша жазып қоятын жандар да баршылық. Тiптi олардың кейбiрiне түсiнбей қалуың да ғажап емес. Атап айтқанда, арабша, қытайша және өзге де тiлдерде жазатындар бар.
Бүгiн алыс-жақын шетелдерге барып-келу қиын шаруаға жатпайды. Қалтаңда қаржың болса, көңiлiң қалаған елге барып демалып қайтуға мүмкiндiк бар. Барғаннан кейiн жан-жағыңа көз салып қарайсың. Әрбiр мемлекет өзiнiң талаптарын сақтауға құлықты саналады. Сол елдерге барғанда көшенiң қақ ортасындағы дүкен немесе тойханаңа қазақ тiлiнде атау жазып қоя алмайтының ақиқат. Олай еткен жағдайда сол жердiң атқа мiнерлерi дереу жетiп келедi де, өздерiнiң елiнiң талабын айта бастайды. Оған бағынбай көршi, дереу саған қарсы шара қолданады. Сосын одан қашып құтыла алмайсың. Амалсыздан сол елдiң талабына бас шұлғып, әлгi жазуды алып тастауға кiрiсесiң. Бұл – шын нәрсе. Ол жайында мерзiмдiк басылым беттерiнде талай мәрте әңгiме қозғалды да. Әңгiме сөз күйiнде қалып қойып жатыр десек те болады. Себебi, әлi де Қазақстанның қай өңiрiне барсаңыз да, осындай көрiнiс көз алдыңа ұшыраса кетедi.
Өткен жылы Сыр елiнен бiр топ азаматтар Франция елiне барып қайтты. Онда қазақтың белгiлi қайраткерi Мұстафа Шоқайдың тұрған үйiнiң алдына ескерткiш-бюст орнатуға барған едi. Сол елге барған жерлестерiмiз ескерткiшке Мұстафа Шоқай деп қазақша жазуды дұрыс көрген екен. Қызығы, оған Франция басшылығы қарсылық танытқан. Дегенмен сол мемлекеттегi бiздiң елшiлiк өкiлдерiнiң араласуымен ескерткiшке қазақ тiлiнде жазылды. Алайда оның шаруасы аз болған жоқ.
Осыған қарай отырып Францияда атауларға қатаң қарайтыны аңғарылады. Болмаса, не бір шағын ескерткiште басқа тiлде жазылған дүниеде не тұр дейсiң? Оның өзiнде әлгi жазу көзге көрiнер-көрiнбес ғана екен.
Қалай десек те, ондай талапқа еш таңғалуға болмайды. Бұл тек Францияға тән жағдай емес. Еуропаның барлық елдерiнде осындай қатаң қағидалар сақталады. Соның арқасында олар түсiнiксiз атауларға жол бермейдi. Бұл бiзге де үйренетiн нәрсе деп айта аламыз. Әрине, бiз де оны өз өмiрiмiзге енгiзсек артық емес. Тiптi ондай жөнсiздiкке жол бергендерге қомақты көлемде айыппұл салған артық емес. Болмаса, аз-маз айыппұлмен оларды тәртiпке шақыра аламыз ба?
Сыр бойында тұратын жұрттың 95 пайыздан астамы жергілікті ұлт өкілдері болып табылады. Қала көшелерінде сөйлескен адамның барлығы дерлік қазақ тілінде тіл қататынын көреміз. Осыған қарамастан, тіл мәселесінде кейбір келеңсіз жағдайлар кездесіп қалатыны тағы бар. Ерінбей-жалықпай қала көшелеріне шығып, билбордтар мен жарнамаға көз сала қалсаңыз, апыр-ай деп бас шайқайтын жағдайлар аз кездеспейді.
Әріге бармай-ақ қоялық, өзге ұлт өкілдері де жатқа білетін «гүл» сөзін дұрыс жаза алмай жүрген кәсіпкерлер баршылық. Байқағанымыз, бұған олардың тарапынан немқұрайды көзқарас бар секілді. Тіпті кәсіпкерлік нысанының иесі өзге ұлт өкілі болғанның өзінде қазақ тіліндегі жарнаманы қате жазуға ешкім құқық берген жоқ. Бұл жерде Қызылорда жұртшылығы тарапынан патриоттық, жанашырлық, елжандылық жетіспей жатыр ма деген де еріксіз ойға қаласың.
Сыр елінің бас ордасындағы орталық көшенің бірі – Абай даңғылы бойында орын тепкен гүл дүкенінде жазылған қатені «бұдан да өткен сорақыны көріп жатырмыз ғой» деп елемей кетуге де болар еді. Күнделікті қолданыста жүрген кәдімгі қарапайым сөзді көз алдыңда қате жазып қойғандықтан, оған назар аудармасқа болмады.
Осыған ұқсас жағдай Бөкейхан көшесі бойындағы «Гүлзира» ательесінде де орын алып отыр. Аталмыш тігін ательесінде еңбек ететін қыз-келіншектердің барлығы – өзіміздің қаракөздер. Десе де, олар жоқ жерден қателікке бой алдырып, мекеменің атын «Гулзира» деп жазып қоюға ешбір қымсына қойған жоқ. Тігін ательесінің жұмыс жасап жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Өкінішке қарай, содан бері қазақтың Гүлзира деген есімі орысша бұрмаланып отыр. Қазақ десең, таяқтың бір ұшы осылай өзімізге тиеді.
Көшедегі көрнекі ақпараттардың, яғни маңдайша, жарнама, хабарландырулардың жазылуы тіл туралы заңнамаларға сәйкес болуы үшін, ең алдымен, кәсіпкерлік нысанның иесі, мекеменің басшысы «Қазақстан Республикасы Тіл туралы» заңның талаптарын білуі тиіс. Осы заңның 21 бабы бойынша, маңдайша, хабарландыру, жарнама, басқа да көрнекті ақпараттар мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады делінген.
«Алаш айнасы» интернет-газеті құзырлы органдардан осы мәселе назар аударғанын сұрайды.