Аты әлемге танылған алаш арулары

Аты әлемге танылған алаш арулары

«Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» қазақ әйелдерінің арасында есімі тек өз елімізге ғана емес, жер жаһанға танылған жандар аз емес. Бірі ғажап даусымен, енді бірі білімімен, тағы бірі спорттағы жетістіктерімен қазақтың атын әлемге танытып жүр. Бүгінде «Алаш айнасы» осындай сан қырлы нәзікжандылардың тізімін оқырмандарға ұсынып отыр.

Бибігүл Төлегенова – қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967). 1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. Б.Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жүмысшылықтан бастады. Б.Төлегенованың қайталанбас орындаушылық өнерінің қайнар бүлағы ең алдымен қазақтың халық әндері. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері ("Гауһар тас", "Жиырма бес"), Қазақстан композиторларының шығармалары (Хамидидің "Бұлбұлы", Брусиловскийдің "Қос қарлығашы", Төлебаевтың "Еске алуы", Рахмадиевтің "Тарантелласы", Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", Тілендиевтің "Кел еркем, Алатауыма"), сондай-ақ П.П.Чайковский мен С.В.Рахманиновтың романстары, Н.А.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыc Еуропа сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар. Б.Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдіксапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер көрсеткен

Майра Мұхаметқызы – (сахнаға Maira Kerey деген есіммен шығады. Ол (1965 жылдың 5 қыркүйегінде Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келген. Қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі "Гранд Операның" Қазақстаннан шыққан ұңғыш әнші.

Ақмарал Арыстанбекова – ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1974) бітіргеннен кейін осы университетте кіші, аға ғылыми қызметкер (1974–78), Қазақстан ЛКЖО ОК-нде бөлім меңгерушісі (1973–83), Шет елдермен достық және мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамы төрағасының орынбасары (1983–89), Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі (1989-91), БҰҰ жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі (1992–99), Куба (1996–99) мен Франциядағы (1999–2003) Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, 2002 жылдан Халықаралық дипломатия академиясының вице-президенті (Париж), т.б. жауапты қызметтер атқарады.

Наталья Арынбасарова – театр және кино актрисасы. Әкесі Өтеулі Төремұратұлы – қазақ, анасы Мария Константиновна – польша азаматшасы. Ол 1966 жылы Шыңғыс Айтматовтың романы бойынша түсірілген Андрей Михалков-Кончаловский «Алғашқы ұстаз» фильміндегі рөлі үшін Венеция кинофестивалінде «Алтын Вольпи кубогына» ие болған.

Дариға Назарбаева – 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысы Теміртау қаласында туылған. Ол тарих ғылымдарының кандидаты (1991), саясаттану ғылымдарының докторы (1998). ҚазҰУ-ды 1985 жылы бітірген. Телевизия өнерлері мен ғылымдар халықаралық академиясы (Нью-Йорк, АҚШ) басқармасының мүшесі, Еуразия экономикалық халықаралық академиясының мүшесі, Стратегиялық зерттеу Еуразия орталығының президенті. Әр уақытта қоғамдық мансаптары болған: ҚР ЮНЕСКО жайындағы ұлттық коммисиясының мүшесі, «Қазақстан жарнамасы» қорының президенті, ҚР гимнастика федерациясының құрметті президенті, Қазақстан журналистері конгрессі атқару комитетінің төрайымы, Журналистер академиясы мүшесі, «Жастар қалауы» ұйымы қамқорлық кеңесінің төрайымы.

Динара Кұлыбаева – (1967 жылы 19 тамызда туған, Қарағанды облысы Теміртау қаласы) – экономист, педагогика ғылымдарының докторы (2007) - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ортаншы қызы. Қазақстандық миллиардер Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың зайыбы. Тимур Құлыбаев екеуі "АЛМЭКС" Холдинг тобының құрылтайшылары . Аталған компания арқылы Қазақстан Халық Банкі Акционерлік қоғамының иесі болып табылады. Динара әлемнің ең бай адамдарының қатарында болғандықтан оның есімі forbes журналынан түспейді.

Ольга Шишигина – қазақстандық жеңілатлет. 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының жүлдегері. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2013 жылы шақырылған ҚР Праламент Мәжілісінің депутаты.

Жәния Әубәкірова – пианист, концертмейстер. Ол Алматыда 1957 жылы дүниеге келген. ҚР халық әртісі Жәния Яхияқызы Әубәкірованың есімі дүниежүзі музыка сүйер қауымына кеңінен танымал. Оның пианинодағы шебер еңбек жолы Қазақстан мемлекеттік сыйлығымен, Францияның өнер және әдебиетінің орденімен, Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты бекіткені үшін ІІ-Екатерина атындағы 2-дәрежелі «Кавалер» орденімен марапатталды. «Платиналық Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреатты, ал 1991 жылы ҚР әртісі атағы берілді. Францияда өткен халықаралық Маргарет Лонг және Жак Тибо конкурсында 1983 жылы Гранприді жеңіп алған.

Роза Рымбаева – 28 қазанда 1957 жылы Семей облысы Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі. 1976-1979 жж. Республикалық Гүлдер жастар – эстрадалық ансамблінің солисі, 1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алады. 1979 жылы - «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталады. 1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алады. 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанады.

Гүлжан Молдажанова – Ресейдегі жоғары жалақы алатын 20 топ-менеджер қатарына кіреді. Ол 1966 жылы Алматы қаласында туған. Гүлжанның жылдық еңбекақысы 7 млн долларды құрайды. "Базовый элемент" корпорациясының бас директоры Олег Дерипасканың компаниясына қарапайым хатшы болып келген ол бүгінге дейін ешбір әйел қайталамаған ерлікті жасап, мансабын сәтті қалыптастыра білді. Гүлжан Қазақ ұлттық университетін және Ресей Федерациясы билігі жанындағы қаржылық академияны тәмәмдаған. Сонымен қатар, Гүлжанда Антверпен университетінің дипломы да бар. Американың Forbes журналы 2008 жылы әлемдегі ықпалды 100 әйелдің тізімін жасағанда, Гүлжан Молдажанова 37-і орынға тұрақтады. Батыс басылымдары оны "алюминий королі Олег Дерипасканың оң қолы" деп атайды.

Сәуле Рахмедова – Қазақстандық прима-балерина. Ол ең алғаш 1988тжылы Алматы аруы атанса,и 1989 жылы қазақстан аруатағына ие болған. Атақты биші ұзақ жылдар шетелде қызмет етті. Қазақстанға оралғалы ол Абай атындағы Опера және балет театрында қызмет етеді және телевизияда жүргізушілікпен де көзге түсіп жүр.

Зарина Диас – WTA нұсқасы бойынша әлемнің үздік теннисші қыздарының тізіміне енген қазақстандық спортшы. Ол 1993 жылы 18 қазанда Алматы қаласында туған. Диас 1999 жылы отбасымен Чехияға көшіп кеткен. Қазақстанның атынан әлемдік жарыстарға қатысып, үздік атанып жүрген спортшы кәсіби тенниспен 2007 жылдан бастап айналыса бастады.

Қазақстанда қай салада болса да үлкен жетістіктерге жеткен әйелдер аз емес. Біз солардың «ең, ең» дегендерін «Алаш аруларының» тізіміне қосып отырмыз. Құрметті оқырман, өздеріңіз «Алаш аруы» атағына лайықты деп тапқан нәзікжандылар осы тізімде тұруға лайық десеңіздер есімдерін ұсыныңыздар...
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста