Атышулы Алтынай Жолдыбаева тұрмыс құруға қатысты ойын айтты
Жалаңаш суреттерін желіге жиі жүктейтін кіші Жолдыбаева «Джейран» тобындағы жұмысында жаңа келісімшартқа отырғалы жатыр. Жаңа құжаттың мерзімі аяқталғанша қыздардың тұрмысқа шығуға құқы жоқ болғанымен, Алтынай сүйіктісін кездестірсе бәрімен қоштасуға әзір екенін айтты деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Келісімшарт бойынша барлығын сақтауға тырысамыз. Дегенмен өз махаббатымызды кездестіріп, басымыз айналып: «маған тұрмысқа шық» деп ұсыныс жасап жатса, ол да бір бақыт!», - дейді Алтынай Жолдыбаева
Төрт қыздан тұратын «Джейран» тобы өткен жылдың соңында триоға айналған еді. Бүгінде, ұжымдағы бұл өзгерісті әркім өзінше пайымдап жүр. Мәселен, квартеттің үштікке қысқаруын арулар арасында ауызбіршіліктің жоқтығынан деп болжайтындар бар.
«Кей мәселені талқылаған сәттер болды. Бірақ бір-бірімізге ренжіген сәттер болмапты. Ортақ дүниені талқыға салу творчестволық процесс қой. Сондықтан мұның бәрін біз жақсы түсінеміз», - дейді әнші.
Еске салсақ, гелзбендтің экс-мүшесі Кармела тұрмысқа шығуына байланысты топтан кеткен еді. Әнші қыздың орнын басар бойжеткен табылса, топ қатарға қосуға тас-түйін дайын.