Атышулы әнші Say Mo қалыңдық атанды (фото, видео)
Ресейлік музыкалық жобада жұлдызы жанып, қалың көпшілікке Say Mo лақап атымен танылған әнші жақында тұрмысқа шықпақ. Күні кеше Мөлдір Есембекке сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алды. Өнер иесінің таңдауы кімге түскенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
 
Кеше барша отандық танымал блогерлар Instagram парақшаларында күтпеген жаңалықпен бөлісіп, желіні шулатты. Олар жариялаған бейнежазбалардан әнші "Say Mo"-ға жігіті үйленуге ұсыныс жасап жатқанын көруге болады.
 
Халық алдында ғашығына ән шырқаған азамат соңында сахнадан түсіп, тізерлеп отырып оған сақинаны тарту етті. Бойжеткен ойланбастан оған "тә" деп жауап беріп, ресми түрде қалыңдық атанды.
 
Анықталғандай, Мөлдір Есембектің таңдауы халыққа вайнер ретінде танылып, кейін актерлік салаға бет бұрған Шәріп Серікке түскен. Ер азамат қазақстандықтарға "Shakenti" лақап атымен танылды.
 
Актер жігіттің ұсыныс шарасына оның көптеген жұлдызды достары қатысып, көмектесті. Белгілі блогерлар қос ғашыққа деген ақ тілегін айтып, енді олардың бірге жүргенін видеоға емін-еркін түсіруге болатынына аса қатты қуанды.
 
Анықталғандай, Мөлдір Есембек пен Шәріп Серік қарым-қатынастары басталған бойда барша достарына өздерін түсіруге тыйым салған болып шықты.
 
Айта кетейік, шоу-бизнес жұлдыздарының арасында махаббат сезімі бар екені жайлы әңгімелер осыдан бір жыл бұрын пайда болды.
 
Желідегілер ғашықтарды сұрақ астына алғанымен, олар соңына дейін мойындамай қойды.