Атышулы Байзакова түнгі көбелектерді сабаған Ахмадиевтің масқарасын шығарды (фото)
Атышулы блогер күні кеше түнгі көбелектерді жез қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің масқарасын шығарды. Айжан Байзақова заманауи жыраудың бұл ісін сынға алып, оның тек әйелдерге күші жетеді деп айыптады. Бұл жайында NUR.KZ хабарлайды.
Атышулы ару Ахмадиевтің бұл ісінің дұрыс емес екенін алға тартты.
«Одан да қыз зорлаған, жеті жасар баланы зорлағандарды саба. Сенің батырлығыңды сонда байқаймыз. Күшің тек әйелдерге ғана жетеді сенің. Мен саған бірнеше адамның есімін айтайын, саба соларды», - деп айыптап, Instagram парақшасында одан жауап берін талап етті.
Оның бұл шақыруына Жан Ахмадиев те үнсіз қала алмаған.
«Алдымен «Қазақпыз ғой-дың» алтыншысына дейін қара. Алда оларға да уақыт жетеді. Неге сабамасқа? Шамам жетеді», - деді заманауи жырау.
Ал Байзақова егер ол айтқан сөзінде тұрмаса «Жез қамшы» жобасының көзін құртатынын жеткізді.
Айта кетейік, күні кеше Жан Ахмадиев Сейфуллин көшесінің бойындағы түнгі көбелектерді қамшымен сабаған болатын.