Атышулы "Қалаулым" шоуына қатысушы арудың басы дауға қалды (фото)

Атышулы "Қалаулым" шоуына қатысушы арудың басы дауға қалды (фото)

Елге "Қалаулым" қатысушысы ретінде танылған журналист Жанерке Елшіннің басы дауға қалды. Бүгінде Instagram желісінде 300 мыңнан астам жазылушысы бар оны Алматыдағы киім дүкендерінің бірі оны жарнамаға келген киімін сатылымға шығарды деп айыптады деп хабарлайды NUR.KZ.
Алматыдағы сауда үйіндегі дүкендердің бірі "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Елшін Жанеркенің жаңа ашылған дүкеніне қатысты өз ренішін білдірді. Оның айтуынша, Жанеркенің сіңілілері Мақпал мен Ақмарал дүкеннен бірнеше киім алып, оны кәсіби фотоларымен жарнамалауға уәде берген. Алайда біршама уақыт өтсе де, уәде етілгендей кәсіби фото салынбағанын айтады кәсіпкер. Есесіне, телефоннан түсірілген бір ғана жарнама жасалған, дейді ол.

"Мен өз дүкенімді ашқан соң оны жарнамалау үшін желіде танымал бойжеткендерді іздей бастадым. Маған бір танысым "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Елшін Жанеркені ұсынды. Оған хабарласып едім, ол тек қолма-қол ақшаға жарнама жасайтынын айтып, бас тартты. Алайда ол екі әпкесі мен бір құрбысын ұсынды. Осылайша олар өздері қайта-қайта хабарласып, үш қыз жалпы сомасы 67 мың теңге болатын киімді алып кетті", - деген бутик қожайыны Меруерт олардың өзі сұрағандай кәсіби суретке түсіп, желіге жүктемегенін айтып ренжіді.

Оның айтуынша, олар 21-22 қаңтар күні сауда жасаған. Ал 24-25 қаңтарда Жанерке өзінің жеке сауда бутигін ашқан.
"Ең қызығын айтайын, 24-25 қаңтарда Жанерке өз бутигін ашты. Бір кезде бізге көрші бутиктегі қыздар жүгіріп келді. Ақмарал модель ретінде бізден алған көйлегін киіп шығыпты. Сөйтіп ол көйлекті өз әпкесінің дүкеніне қойып қойған екен. Ал бізді жарнамалаған жоқ. Мұны көрген соң Ақмаралға жаздық, ал ол болса, ол көйлек үлкен болып қалған соң жарнама жасамағанын айтты. Нәтижесінде парақшасына бізден алған қысқа шалбарды ғана салып қойды. Бұны не үшін жаздық? Қыздардың аккаунтарын қарап отырып, таңғаласың. Бір жазба үшін бірнеше киім алады. Жүздеген бутикке жарнама жасайды. Ал одан түскен киімнің барлығын қайда жібереді? Ел алдында жүрген адамдар бір рет қана киеді. Сондықтан Жанерке осылайша өз "секонд хэндін" ашып отыр. "Қалаулым" қатысушыларының барлығы "Атакент моллдан" қайыршы сияқты киім жинап жүреді", - деген ол өз жазбасында Жанеркені адамдарды алдап жүр деп айыптады.
"Осылайша Жанерке өзіне сенетін оқырмандарын алдап жүр. Ал өзі болса, киілген киімдерін сатуда. Тауарды тегін алып, оны сату. Еңбексіз, еш ақша салмай-ақ жасаған бизнес.

Ал Жанеркенің өзі бутик иесі "бізді пайдалану арқылы өздеріне жарнама жасағысы келетінін" айтады. Сондықтан ол Меруертті желіде бұғаттап тастаған екен.

"Менің сіңлілерім маған бұл жайт туралы айтты. Олар дүкендерге барлық жарнамаларын жасап берген. Суретке де түсіп, парақшаларына салған. Бүкіл иелері осылай елің назарын аударып, өзіне адам жинағысы келген. Олар сіңлілеріме жала жауып, сондай жазба жазған. Ол бутиктің қожайыны бастапқыда маған хабарласқан. Мен тек қана қолма-қол ақшамен жұмыс істейтіндіктен бас тартқан едім. Сөйтіп олар сіңлілеріме хабарласты. Мен өзім бутик ашқандықтан, оларға жарнама жасамайтын болдым. Сондықтан солай істеген шығар. Әйтпесе жарнамалары түгел жасалды", - деді Жанерке. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста