Атышулы Замира елді тағы шулатты (видео)
“Атқа отыра алмайсыңдар, әлсізсіңдер”, - деп жігіттерді мұқатумен аты шыққан Замира ерсі қылығын әлі тастамаған секілді. Ол бұл жолы бассейнде би билеп, денесіндегі артық майын көрсетті.
Замира Сұлтан көпшілікке отандық ток-шоу арқылы танылған болатын, деп хабарлайды Экспресс К.
Видеодан кадр
Былапыт сөздерімен, жынды мінезімен, ер азаматтарды келеке етуімен танылған Замира Сұлтан шомылуға арналған киімімен билеген видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ол осылай өзіне "арықтап кетіпсің" дегендерге жауап берген.
Атышулы қыздың бейнежазбасына он мыңнан астам адам лайк қойып, түрлі пікір қалдырған.
"Айбыыый, намыссыз. Фууу, дәу жарым", "Жиіркенішті", "Ұятсыз шошқа", "Толық болсаң да, арық болсаң да ең басты байлық — денсаулық", — деп жазды желі қолданушылары.