Авторға керегі – алауыздық емес, қамқорлық

Авторға керегі – алауыздық емес, қамқорлық

«Аққу, шортан һәм шаян» атты Ахаңның мысалын оқымаған қазақ жоқ шығар. Бірі – көкке, бірі – суға, бірі құрғаққа тартқан осы үшеуі секілді алауыздықты дәл бүгін біздің қоғамда авторларымыз бастан кешіріп отыр. Дәлірек айтсақ, ондай туталақайды авторларға таласқан ұйымдар тудырып отыр. Бертінге дейін бізде шығармашылық иелерінің құқықтарына жауап беріп, ақысын уақытында төлеп келген жалғыз қоғам жұмыс істеді, ол – Қазақстан авторлар қоғамы. Бар кілтипан онымен бәсекелес  қоғамдардың құрылған сәтінен басталды. Басында онша мән берілмеген бірді-екілі оқиға, жинала келе, аталмыш ұйымдардың арасына сызат түсіргені былай тұрсын, соңғы кездері олар бір-бірімен соттасудан көз аша алмай қалған. Әділет іздеп әбден басы қатқан Қазақстан авторлар қоғамы жуырда баспасөз өкілдерін жинап, ашық мәлімдеме жасады.
Нақты дерек бойынша, бүгін елімізде Қазақ­стан авторлар қоғамынан бөлек, «Абы­­рой» және САП (Шымкент) секілді тағы екі ұйым жұмыс істейді. Әу бастан уы­ғын қадап, шаңырағын көтеріп алған ҚазАҚ-тың құрамында 1700-дей мүшесі бар, сонымен қатар ол екі жақты келісім бойынша 2,5 мил­лиондай авторы бар әлем­нің 124 елінің Қазақ­стан аумағындағы мүд­десін қоса ба­қы­лайды. Олардың туын­ды­лары бүкіл теле­радио, кабельдік арна, кафе, мейрам­ха­на­ларда, концертте пай­да­ланылады. Олар­дан түсетін қаржы тым мол: жүздеген миллионды құрайтынға ұқ­сай­ды. Кикілжің, дау-дамай, мінекей, осы қар­жының төңі­регінде, соны дұ­рыс әрі әділ бөлмеуден туындап отыр. Жур­­на­лис­терді шақырып, басқосуды ұйым­дастырған ҚазАҚ төрағасы Марал Ысқақбай мыр­за жиынды осы жайт­тарды алға тартып, жағ­дай­ды түсінді­ру­ден бастады.
Марал ЫСҚАҚБАЙ, Қазақстан авторлар қоғамының төрағасы:
– Біз авторлар құқығын қорғау жо­лын­да қаншама жылдан бері қал-қаді­рі­міз жет­кенше қызмет істеп келеміз, осы ара­лық­та ешқандай  түсінбестік туған емес. Себебі біз тұтынушылардан түскен қандай  қаржы болсын, әр авторға тиесілі мөл­шерде – ай сайын, ше­тел авторларына жы­лына бір рет бе­ріп тұрдық. Заңға енгі­зіл­ген соңғы өз­ге­ріс бойынша, автор сый­ақы­сы ке­мін­де үш ай сайын төленіп оты­руы­ тиіс. Біз бұл талапты орындап келеміз, алайда біз­дің бәсеке­лес­теріміз бір жылдан астам уақыт бойы өз авторларына ешбір ақы төлемей келеді. Бүгінгі жиын мақсаты – осы. Егер бұған дейін еліміздің түрлі құзырлы органдарына жазған хатта­рымызға тиесілі жауап пен нәтиже ала алсақ, біз бүгін ақпарат құрал­да­рының басын құрап, мәлімдеме жаса­мас едік. Өкінішке орай, олай болмай тұр. Қазір біздің көп уақытымыз осы саладағы заңсыз­дық­тар­мен күресуге, соған жол берген ұйымдармен сотта­су­ға кетіп жатыр.

Темірлан ТӨЛЕГЕНОВ, заңгер, «Абырой» АҚ авторлар кеңесінің жетекшісі: 
– Авторлық – жеке құқық. Демек,  автордың өзі ол құқығын қалай қол­данса да, өзі біледі. Дәл қазіргі біз­дің теке­ті­ре­сімізді мен аға буын мен кейінгі толқынның ара­сын­дағы әр за­ман­да болып тұратын қалып­ты құ­бы­лыс деп білемін. Иә, бәріміз осы қарашаңырақ – Қазақстан авторлар қоға­мы­нан түлеп ұштық. Осыдан үш жыл­дай бұ­рын әлгі қоғамға балама ретінде автор­лық құқық­пен айналысатын қоғам құрып, оны тіркеуге жол беретін заң қабыл­дан­ды. Бәсекелестік, тартыс деген осы мәселеден шығып отыр. Заң­сыз­дықтың бір көрінісі деп мен мей­рамхана, кафе­лер­ге ба­рып, «жігіт­тер, біз сіздерге қала­ған сомаға келісуге бар­мыз, тек «Абыроймен» келі­сім­шарт жа­са­ма­саңыз­дар, болды» деген де фактіні айтар едім. Алайда біз құрыл­ға­лы бері атымызға сай абы­роймен қыз­мет істеп келеміз, со­ның дәлелі деп мен көптеген теле­радио компа­ния­сының бізбен әріп­тестікке келісуін айтар едім. Әу баста біз Қазақстан авторлар қоғамымен ауыз­бір­лікте жұмыс істеуді ұсынғанбыз. Бірақ бұл қоғам мәмілеге келуден бас тартып, көп­те­ген өкілетті орынға бізге қарсы хаттар жол­­да­ған. Бұл жерде бір нәрсені ашып ай­туы­мыз керек, Қазақ­стан авторлар қо­ға­мы­ әу бастан моно­полистік қызме­тіне үйреніп қалған, содан бас тарту оңай болмай тұр, бар­лық мәселе, айналып кел­ген­де, осыдан шы­ғып тұр.

Баспасөз өкілдерін, сондай-ақ автор­лар­ды да шақырған аталмыш жиында «Абы­рой» мен ҚазАҚ арасындағы қай­шылық сыры айқындала түсті. Екі жақ­тың өз принциптері бар, алайда Марал Ыс­­қақбай мырза осы тұста өздерінің бәсекелес ұйым­дармен келісімге келе алмауының мынадай нақты себептерін жайып салды:
1. Шетел қоғамдарымен жасалған келі­сімшарт бойынша, аталған ұйымның өзде­ріне сеніп тапсырылған құқықты үшін­ші жаққа беруге қақысы жоқ.
2. Авторлардың құқығына өкілдік жа­сат­са, онда шетел авторларының мүлік­тік құқығы қамтылмаған соң, ондай шала­жан­сар келі­сімнің заңды күші бәрібір болмайды.
3. «Абырой» мен САП авторлық сый­ақы мөлшерін Үкімет анықтаған ең төменгі мөл­шерден де төмен қоя отырып, заңға қайшы әрекеттерге барған. Әрине, олар­дың өз автор­ларының атына жұмыс істеп, төмен­детуіне болар ма еді, бірақ олар бар-жоғы 150-200 автордың атынан өкілдік жа­сап, сыйақыны  2,5 млн автор үшін жинаса, әділеттілікке жатпасы анық.
Айта кету керек, авторлар қауымының кафе, мейрамханалар үшін белгілеген ең тө­мен­гі сыйақы мөлшері ең төменгі жалақы мөлшеріндей, яғни – 17 мың теңге. Ал осы ретте САП небәрі бір, екі, үш, бес мың теңге мөлшеріндегі сомаға ғана келі­сімшарт жасаған. Мұны дәлелдейтін құжат­тарды осы жиында Марал мырза отырғандардың баршасына таратып берді. Атал­ған қауымның қанша­лық­ты заң­сыз­дыққа бой алдырғанын жұрт өз көзімен көрді.
Жиынға елімізге белгілі ақын Исраил Сапарбай, сондай-ақ Әбдірахман Асылбек сынды азаматтар мен сазгер Нұрлан Бай­гө­зовтер келіп, қатысты. Нұрлан Байгөзов әу баста, Қазақстан авторлар қоғамы құрыл­май тұрғаннан Марал Ысқақбайдың жанынан табылып, осы ұйымды құруға атсалысқан жан ретінде өз пікірін, төрелігін ортаға сал­ды. Ал енді сонау Мәскеуден келіп, ондағы жағдай мен Қазақстандағы жағдайды саралап, сөз алған Тұрсынай Ораз­баеваның пікірі басқосудың қоры­тын­ды нүктесін қойғандай болды.
Тұрсынай ОРАЗБАЕВА, автор:
– Менің Мәскеудегі Қазақстан Жа­зу­­шылар одағының әдеби өкілі болып жұмыс істеп келе жатқаныма 15 жыл­дай болды. Ай­тайын дегенім, бұрынғы Ке­ңестер Ода­ғындағы елдердің ешбі­рін­де қазір Қазақ­стандағыдай Жазу­шы­лар одағы жоқ. Себебі быт-шыт болып, тарап кетті. Татулық пен ынты­­мақ жоқ жерде береке де болмайды, іс алға жүрмейді. Дәл сондай масқара жағ­дайды Қазақстан авторлары бастан кешпес үшін «бір жеңнен – қол, бір жаға­дан бас шы­ғаруы» керек, бірақ заңның аясында. Ресей­де қазір халық саны 160 миллионды құрайды, яғни бізді он орап алады. Бірақ сөйте тұра, олар­да жалғыз авторлар қоғамы бар. Ресей­дің бар жағдайына бол­маса да, осынысына дән ризамын. Неге? Себебі ол жерде қаржы бар, ал қаржының бір орта­лық­тан басқарылып, тарағаны дұрыс. Әртүрлі қо­ғамға бөлініп алып, олар­дың әр­қай­сы­сы­ның әртүрлі мөл­шер­ле­ме­мен жұмыс істеуі мүлдем дұрыс емес. Біз әу бастан өз авторлық құқығымызды сеніп тапсырған бір қоғам болса, ол –  Қазақстан авторлар қоға­мы. Одан жамандық көрген жоқпын, тұрақты түрде қаламақымды алып келемін. Енді келіп, оған балама қоғам­дар құрып, автор­лар­ды ары-бері тар­тып, таласқаны автор­лар­ға түкке де қа­жет емес. Қазақта «бө­­лінгенді бөрі жейді» деген бар. Сондай-ақ қаһарман атамыз Бауыржан Мо­мышұлының «тәртіпсіз ел бол­май­ды, тәр­тіп­ке бағынған құл болмайды» деген. Әлгінде Темірлан айтқандай, бұл жерде мәселе – жаста, буындар ара­сындағы қайшылықта емес, ортақ тәр­тіпке бас имей, заңды бұзу­шы­лықта.

Осыдан соң илігуге көшкендей, «Абы­рой» АҚ авторлар кеңесінің жетекшісі Темір­лан ТӨЛЕГЕНОВ былай деді:
– Бізде авторлық құқық жөнінде бір емес, бірнеше қоғамның өмір сүруіне жол беретін заң қабылданғанда мен де сол жерде болдым. Сөйтіп, ол жерде өз пікірімді ортаға салған болатынмын. Әрине, егер қоғамда бірнеше ұйым болса, олардың әрқайсысы әр жаққа тартып, ит тартыс болатыны белгілі. Сондықтан осы тұста бес қадам алға шығу үшін АҚШ тәжірибесін ұсындым: қоғамда бір мақсатта жұмыс істейтін қанша ұйым болса да, олардың әрқай­сысының жұмыс істеу салаларын анық­тап беру керек, яғни бір компания – тек қана телера­дио­ком­па­ния­лар­мен, енді бірі – тек мейрамхана, кафе­лер­мен, ал үшінші біреуі тағы сондай орындармен дегендей. Осы­лай еткенде ғана бес саусақтың жұ­мылып, бір жұдырыққа қызмет ет­ке­ніндей, біз де біртұтас салаға жұмыс істей аламыз.

Қалай болғанда да, бізге ит тартыс  қа­жет емес және жалпақшешейлікке салы­нып, көзге көрініп тұрған кем­ші­ліктер мен әділет­сіздіктерді жылы жауып қоя салудың да қажеті жоқ. Іс жүзінде заң­сыз­дық­тар орын алса, олардың ақ-қарасын құзырлы ор­гандар айырып, авторлардың дер кезінде өз сыйақысын алып отыруын рет­тейтін жағ­дай туғызу қажет. Ал енді тағы бір айтарлық жағдай: елі­міз­дегі әрбір шығармашылықпен ай­на­лысушы тұлғаның өз авторлық құ­қық­та­рын толық білуі үшін заңнан, оған енген өзгерістерден хабардар болуы шарт. Көзіміз ашылмай, көр­со­қыр бола беретініміз, со­лай­ша көрін­ген­ге талана беретініміз хақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста