Авторлық құқықтан түсетін гонорар қайда кетіп жатыр?

Авторлық құқықтан түсетін гонорар қайда кетіп жатыр?

Заңға сүйенсек, теледидарда, радиода, ғаламторда, тіпті дәмхана мен мейрамханаларда орындалатын әндер үшін әншілерге, оның сөзін жазған ақындарға авторлық қаламақы төленуі шарт. Алайда, әр әнші, әр автор осының бәрін бақылай алмайтыны анық. Сондықтан олар үшін бұл жұмысты авторлық ұйымдар атқарады. Қазақстанда осы іспен айналысатын ондаған ұйым бар. Олардың негізгі мақсаты – гонорарды жинап, ақындар мен әншілерге таратып беру. Дегенмен, сол ұйымдар авторлық сыйақының басым бөлігін өз қажеттіліктеріне жаратып жатқан көрінеді. Ал олардың сайттарында қаламақы алмаған қазақстандық авторлар мыңдап саналады екен.
Иә, бүгінде зияткерлік құқықты қорғау заңнамасына сәйкес, телеарналар, ғаламтор сайттары, сондай-ақ дәмханалар, түнгі клубтар, мейрамханалар, театрлар, филармониялар, білім ордалары, сауда орталықтары сияқты қоғамдық орындарда қойылатын өлеңдер үшін гонорар төленеді. Ол қаржының барлығы авторлық ұйымдарға аударылады. Аударылатын қаражат та аз емес секілді. Ал ақша көп жерде айтыс-тартыстың да жиі болатыны белгілі. Мұндай айтысқа бір-екі рет куә де болғанбыз: былтырлары Астанада өткен бір жиында екі авторлық ұйым арасында жанжал шыққан-тын. Сол кездегі Қазақстанның авторлық қоғамы «Абырой» атты басқа бір авторлық қоғамының жетекшісі Темірлан Төлегеновпен соттасып жүргенін естіген едік. Әлгі басқосуда Төлегенов Қазақстанның авторлық қоғамы қосылған құн салығын төлемейді деп, өз сөзін бастап еді, сол ұйымның басшысы Марал Ысқақбай: «Сен не деп отырсың?! Бәрібір сотта жеңілдің ғой!», - дегені бар. Жиналыста екеуі ұрыса жөнелді. Төлегенов шыдай алмай, есікті тарс жауып, кетіп қалды. Сонымен не керек, зияткерлік құқықтар жөніндегі комитет сол басқосуға барлық ұйымдарды шақырғанымен, жеті ұйымның тек үшеуі ғана келіп еді, ұрыспен басталған отырыстан Төлегенов кеткен соң, екі-ақ ұйымның өкілдері мәслихат ашты. Сөйтіп, авторлық құқық мәселесі ашық талқылауға түспеді. Ақыры осы саладағы ұйымдардың авторлық құқықты қорғаумен емес, пайда табумен айналысатындығы байқалғандай болып еді.
Байқалды демекші, бертін келе, авторлық ұйымдардың тағы бір қулығы әшкерленгені бар. Авторлар мейрамхана сияқты қоғамдық орындар үшін қаламақыны нақты бір соммасын белгілесе де, кейбір ұйымдар одан төмен «ставканы» қойып, гонорар төлейтіндердің санын барынша арттыруға тырысыпты деген мәліметтер бар. Ал дәмхана, мейрамхана мен ойын-сауық кешендерінің қожайындары, өздерін қорқытып, қыруар қаржы талап ететін авторлық құқықты қорғаушылардың да бар екенін мәлімдеген болатын. Тіпті, ондайлардың арасында дәмхана-мейрамханаларда тегін тамақ ішіп қана қоймай, қаламақыны ұдайы алып тұратындар да бар көрінеді. Осының өзі авторлық құқық саласындағы олқылықты танытпай ма?
Қазір еліміздің ойын-сауық орталықтарынан бастап, демалыс орындарына дейін шетелдік әндердің көптеп қойылатыны белгілі. Сондықтан қазақстандық авторлық ұйымдар шетелге де қаражат қотарып тұрады. Біліуімізше, Қазақстаннан көбінесе, ресейлік, британдық, неміс пен америкалық авторлар сыйақы алады екен. Мәселен, өткен жылы жалғыз ғана «Қазақстанның авторлық қоғамы» республикалық бірлестігі шетелдік ұйымдарға 50 миллион теңгеге жуық гонорар аударып беріпті. Осы орайда айта кетер жәйт, Ресейден Игорь Крутой, Илья Резник, Игорь Николаев, Стас Михайлов, ал шетел авторлары ішінен Майкл Джексон, Пол Маккартни және Джон Ленноның өкілдері қаламақыны жиі сұрап алатын көрінеді.
Сосын қазақстандық авторлар да кенде емес, оларға Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, тіпті Жапония мен Испаниядан гонорарлар түседі екен. Әлбетте, ол қаражаттың барлығы ақын-әншілердің жеке есеп-шоттарына емес, алдымен авторлық ұйымдардың шотына аударылады. Ондай ұйымдардың ішінде Қазақстанның авторлық қоғамынан бөлек, «Демеу» атты продюсерлер мен орындаушылардың одағы, Фонаграммаларды шығарушылар қауымдастығы, Орындаушылардың құқықтарын басқару қоғамы, Әндер авторларының одағы, Қазақ әндерін орындаушылардың қоғамы, «Абырой» атты авторлық қоғамы сияқты ондаған ұйымдар бар екен. Бір жылда оларға миллиондап (барлығын қоссақ тіпті миллиардқа жуықтап –авт.) гонорар түседі. Сосын ұйым оны қазақстандық авторларға таратып беруі шарт. Алайда еліміздегі қаптаған әншінің бәрі бірдей өзінің сыйақысы барын біле бермейтін көрінеді. Мәселен, жақында ғана «Қазақстанның авторлық қоғамы» республикалық бірлестігі қаламақыны алмай жүрген мыңдаған автор мен олардың мұрагерлеріне «іздеу салды». Іздегенде қалай? Олар әрбір авторды жеке дара іздеп жатқан жоқ. Әшейін, өз сайттарына гонорар алмаған адамдардың тізімін жариялап қояды. Әрине, жүздеген адам өз қаламақысын алмай жүрсе, ол ақшаның жай жатпайтыны бесенеден белгілі. Ендеше ұйымдар әншінің арқасынан күн көре бастағалы да біраз болғанға ұқсайды.
Айта кетерлігі қазақстандық авторлық ұйымдардың гонорарды өз қажеттіліктеріне жұмсап жатқанын әділет министрлігі де біліп отырған сыңай бар. Осыған байланысты, жақында ғана министр Берік Имашев зияткерлік құқық туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолға алыпты. «Заң жобасында зияткерлік меншік құқығын бақылайтын ұйымдардың авторлық сыйақыны жинау мен төлеудің нақты міндеттері айқындалып отыр. Себебі сол ұйымдар сыйақының басым бөлігін жеке шығындарға жұмсайды. Өкінішке қарай, ондай мәселе әлі де бар. Сондықтан сыйақыдан ұсталатын сомманың шекті мөлшерін бекітуді ұсынып отырмыз. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ол ақшаның мөлшері сыйақының 30 пайызынан аспауы тиіс. Бұрыңғы заңнамада мұндай шектеу мүлдем болмаған», - дейді әділет министрі Берік Имашев.
P.S. Бұдан төрт жыл бұрын жалғыз ғана Қазақстанның авторлық қоғамы жылына 400 миллион теңгеге жуық ақша жинап тұрған екен. Соның 103 миллионнан астамы қазақстандық авторларға берілсе, 114 миллионы шетелдіктерге аударылды. Ал қалғаны ше? Қалғаны – ұйымның жеке шығындары. Оның ішінде өз авторларын күте-күте сарғайған қаражаттар да бар көрінеді...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста