Авторлық құқықтың қорғалуы төл мәдениетті өсіреді

Авторлық құқықтың қорғалуы төл мәдениетті өсіреді

Авторлық құқықты қорғау жөнінде Берн конвенциясы алғаш 1886 жылы қабылданса, Женева конвенциясы 1952 жылдан бастап күшіне енді. Ал елімізде «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заң 1996 жылы қабылданған болатын. Бұл сала Қазақстанда кенжелеп дамып келеді. Халықтың авторлық құқық жөнінде ақпараттану аясы да кемшін деуге толық негіз бар. Мәселенің жай-жапсарын білу мақсатында «Абырой» авторлық қоғамына бас сұққан едік.
«Абырой» авторлық қоғамының бас директоры Бауыржан Айдарбеков әңгі­месін авторлар өз туындысын қажетті мекемеге тіркеп қоймағандықтан, келеңсіз жағ­дайда қалатындығынан бастады.
– Сіздің алдыңызда ғана кеңес сұ­рап бір ақын келіп кетті. Айтуынша, өле­ңін бір әншілер тобына берген. Олар ән­нің қа­йырмасын қалдырып, қалған шумақ­тардың сөзін өзгерткен көрінеді. Сөйтіп, «әннің авторы – өзіміз» деп шешсе керек. Ыңғайсыз жағдайда қалған автор не істейтінін білмей дал, қолында шығарманың авторы өзі екендігін дәлелдейтін ешбір құжат жоқ. Сондықтан да сотқа шағымдана алмай отыр. Егер ол кісі топқа бермес бұрын өлеңін авторлық құқық қоғамдарының бірінің реестріне енгізіп қойса, біз автор­лығын куәландыратын анықтама беретін едік. Әрине, егер шығармасын жария түрде пайдаланбайтын болса, біздің кө­мегімізге жүгінудің еш қажеттілігі жоқ. Ал болашағы бар деген туындыны тіркеп қою ешқашан артық етпейді, – дейді ол.
Алайда авторлық құқық қоғамдары шығармасын тіркеуге келген азаматтардың еңбегі нақ өзінікі немесе өзінікі емес екендігіне көз жеткізіп, тексеру жұмыстарын жүр­гізбейді. Бауыржан Тілеужанұлының айтуы бойынша, оны тексеру мүмкін емес. Оның себебін шығармалардың көптігімен түсіндіреді. Автордың адалдығына арқа сүйеп тіркейтін мемлекеттік мекемеде ав­торлық құқық жөніндегі куәлікті автордың жауапкершілігінің негізінде береді. Егер де ол адам плагиаттық жасаған болса, заңда көрсетілгендей жауапкершілікке тар­тылады. Осы тұста мына бір жайтты ес­кере кеткен жөн. Шығарманың авторы екен­дігін куәландыратын құжатты тек Әді­лет министрлігіне қарасты зияткерлік меншік жөніндегі комитет бере алады. Ал авторлық қоғамдардың барлығы қо­ғамдық бірлестіктердің қатарына кіре­ді. Олардың мемлекеттік тіркеумен айна­лысуға хақысы жоқ. Яғни автордың алдында екі таңдау бар. Бірі – еңбегін мемлекеттік органдарға тіркетіп қою немесе авторлық қоғамдардың реестріне енгізу.
Авторлық құқық қорғау саласы ай­рықша дамыған елдердің бірі – АҚШ. Бү­гінгі таңда Америкада үш алпауыт, Аскап, Би-Эм-Ай, Сесак деген қоғамдар бар. Авторларды өзіне көбірек тарту үшін олардың қай-қайсысы да қызметті жо­ғары деңгейде көрсетіп, талмай еңбек етеді. Жоғары бәсекенің арқасында АҚШ-та аталмыш сала қарыштап дамыды. Аме­рикалық өнер иелерінің байлыққа белшесінен батып отырғандығының себебі де – сол. Бұл ретте, Америкадағы жағдай мен еліміздегі хал-ахуал жер мен көктей. «Абы­рой» авторлар қоғамының бас дирек­торы Бауыржан Айдарбеков мырзаның айтуынша, Қазақстанда авторлардың қалам­ақы­сын жинау жұмыстары дұрыс жолға қо­йылмаған.
– Алматыда 1200-дей кафе, мейрамхана бар. Осылардың бәрін авторлық қо­ғамдармен келісімшартқа отырғызып, қа­ламақыны ай сайын жинап отырса, авторға да, қоғамдарға да кіріс кірер еді. Бірақ оған білек сыбана кірісіп жатқан ешкім жоқ. Ол үшін аймақтарды аралап, қаламақы тө­ле­мейтіндермен соттасу қажет. Оған еш­кімнің де бас қатырғысы келмейді. Мы­салы, кейбір кафе, мейрамханаларға: «Айы­на 1000 теңгеден беріп тұрсаңдар бол­ды», – деп отыра береді. Осылайша, ав­торға тиесілі қаламақыны мөл­ше­рінен екі-үш есе төмендетеді. Бұл – автор­лар­дың мүддесіне қарсы жасалып жатқан іс. Мә­селен, Қарағанды, Қостанай облыс­та­рын­да қаламақы төлеуге міндетті меке­ме­лердің тек 5 пайызы ғана борышын өтеп отыр. Шын мәнісінде, еліміздің өнері мен мәдениетін, рухани деңгейін өсірудің бір кепілі – авторлық қоғамдарды дамыту.
Алайда Бас прокуратураның зияткер­лік меншік туралы заңнамалардың қол­да­нылуына жүргізген тексеруі нәти­же­сін­де, бірқатар авторлық қоғам­дардың ав­тордың емес, өз мүддесін ойлап, қомақты қаржыны қалтасына басқан жағдайлары да белгілі болды. «Мұндай жауапсыз қо­ғам­дарға алданып қалмас үшін әр ав­тор­дың заңгері болғаны жөн», – дейді Бауыржан Тілеужанұлы. Яғни «Автордың заңгер болуы міндетті емес. Тек белгілі бір қоғаммен немесе пайдаланушымен келі­сімшартқа отырмас бұрын заңгермен кеңесуі қажет».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста