Ахмет Байтұрсынұлы (1872 – 1937)

Ахмет Байтұрсынұлы (1872 – 1937)

Ахмет Байтұрсынұлы (өз жазбалары бойынша) 1872 жылы қыркүйектiң 5-iнде дүниеге келген. Қоғам қайраткерi, ағартушы, ақын, түркiтанушы, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист. Ауыл молдасынан сауат ашып, Торғай орыс-қазақ училищесiн және Орынбордағы мұғалiмдер мектебiн бiтiрген. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы өңiрлерiнде педагогикалық қызмет атқарды. 1907 және 1909 жылы патша саясатын сынағаны үшiн абақтыға қамалды. 1913 жылы Орынборда Бiрiншi Мемлекеттiк думаның бұрынғы депутаты, ғалым Әлихан Бөкейхановпен және ақын, жазушы, ойшыл Мiржақып Дулатұлымен бiрге «Қазақ» газетiн ашады.
1917 жылы күллi қазақ үшiн қастерлi «Алаш» партиясы мен Алашорда үкiметiн құруға атсалысады. 1919 жылдан бастап, кеңестiк билiк органдарында қызмет етедi. Он жылдан кейiн НКВД оны бұрынғы саяси қызметi үшiн тұтқындады. 1934 жылы түрмеден босап, Алматыға көшiп келедi. 1937 жылы қазан айында тағы тұтқындалып, 2 айдан соң жазықсыз атылды. 1988 жылы саяси жаладан толық ақталды.


Тұңғыш тiлтанушы, тұңғыш әдебиеттанушы
Қазақ тiлi дыбыстарын тұңғыш рет жүйеледi. Оның 24 дыбыс, сонша әрiптен тұратын әлiпбиi араб графикасын реформалай отырып жасалған. Ғалымның дәлелдеуiнше, бұл төте жазу қазақтың сөйлеу тiлiн дәл бейнелейдi. Оқып-үйренуге, басып шығаруға жеңiл, әрi Батыс графикасына қарағанда, көздi ауыртпайды. Қытай қазақтары Байтұрсынұлы әлiппесiн әлi күнге дейiн қолданып жүр.
Орынай ЖҰБАЕВА, филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институтының бөлiм меңгерушiсi:
«Тiлдiк элементтердi тоғыз сөз табына жiктеген Ахаңның еуропоцентризмнен аулақ грамматикасы қазақ тiлiнiң табиғатына әлдеқайда жақын. Ана тiлiмiзде етiстiктiң рай категориясының 15 түрi барын бұрын-соңды ешбiр лингвист бiлген емес. Бұл кiсiнiң ғылыми-танымдық еңбектерiнiң әлi де табылмай жатқаны көп. Мәселен, «Шекiспей бекiспейдi», «Ұлтшыл болу – ұлтын сүю деген сөз» секiлдi мақалалары мен 1930 жылы шыққан «Қазақ тiлiнiң теориясы» еңбегi. Демек, ахметтану тың iзденiстердi қажет етiп отыр.»
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиетi теориясының негiзiн қалады. Сөз өнерiмiзде бар көркемдiк әдiс-тәсiлдердiң барлығының атауын анықтап, оны ғылым ретiнде қалыптастырды. Ұлттың рухани көсемi атанған Ахмет – философия, педагогика мен публицистикада да кесек тұлға.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста