Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, ақын: Қазақтың бас ақыны

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, ақын: Қазақтың бас ақыны

...Абайдың асылын танып, дұрыс ба­ға бер­ген нәрсесі – жалғыз өлең емес. Көп нәр­сені Абай сөз қылған, сол сөздерінің бә­рінде де Абайдың әр нәр­сенің асылын та­нығаны, білгені кө­рінеді. Абайдың өлең­дері қазақтың басқа ақындарының өле­ңі­нен үздік артықтығы – әр нәрсенің бергі жа­ғын ал­май, арғы асылынан қа­рап сөй­ле­гендіктен. Басқа ақын­дар­дың сөзге ше­берлігі, шешендігі Абайдан кем бол­маса да, білімі кем болғандығы даусыз. Абай сө­зі­нен Әубәкірдің «шай­ды, кебісті әркім тұ­ты­нып кеткені асылды қорлау бол­ды» деп қайырған сөздер та­был­майды. Басқа ақын­дар аз бі­лі­мін сөздің ажарымен тол­тыруға ты­рыс­қан. Абай сөздің ажарына қа­рамай, сыпайылығына қарамай, әр нәр­сенің бар қалыбын сол қа­лы­бын­ша дұрыс айтуды сүйген. Мы­салы, «Аттың сыны» де­ген өлеңін оқығанда көз алдыңда сол жақ­сы аттың өзі тұр­ған­дай, пішіні келіп елес­тей­тіні – жақсы атқа бітетін мү­шелердің бі­рін қал­дыр­май жаз­ған­дық­тан. Абай көп нәрсені білген, білген нәрселерін жазғанда «мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мы­на­­ның сыпайышылыққа кемшілігі болар» деп тайсақтап, тартынбаған. Хақиқатты ха­қи­қат қалыбында, те­рең­ді терең қа­лы­бында жазған. Ха­қи­қат­ты тануға, тереңнен сөйлеуге, бойы­на біткен зеректіктің үстіне, Абай әртүрлі Еуропа білім иелерінің кі­тап­тарын оқыған. Тәржіма халін, жазушы Әли­хан Бөкейхановтың ай­туы­на қара­ған­да, Абай Спенсер, Льюс, Дрепер деген Ев­ро­па­ның те­рең пікірлі адам­да­рының кітап­та­рын оқыған. Өлең жазушылардан орыс­тың Лермонтов деген терең пікірлі ақынының өлең­де­рін сүйіп оқыған. Сондықтан Абай­дың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрт­­тың көбі ұға алмай ауырсынады. Абай­дың өлеңдерін мың қайтара оқып, жат­тап алып жүрген адам­дар­дың да Абай­дың кейбір өлең­де­рінің ма­ғы­насын түсініп жетпей жүргендерін бай­қағаным бар. Тіпті осы­ның мағы­на­сы не деп сұра­ған­да­ры да бар. Сол өлеңді алып қара­сақ, айтылған пі­кірде, ол пікірді сөз­бен келістіріп ай­туын­да еш кем­ші­лік жоқ. Түсіне ал­ма­са, ол кем­ші­лік – оқушыда.
...Абайды қазақ баласы тегіс та­нып, тегіс білуі керек. Абайдың сөз­дері 1909 жылы кітап болып ба­сы­лып шық­ты. Бірақ жұртқа таралмай жатыр. Ба­сылған кітап Ақ­мола, Семей болы­сы­нан басқа бо­лыс­тар­ға таралмай жатқаны кісі таң­ға­лар­лық іс. Абайдың сөзін Семей лап­ке­сі­не қамап, жа­сы­рып қоймай, күллі қазақ баласы бар уәлаяттардағы кі­тап сатушылардың бә­рінің де ма­га­зин­дерінде жүргізу ке­рек еді. Абай­ды қолымыздан келген қа­дірлі жұрт­қа та­ны­ту үшін мұнан бы­лай кейбір өнегелі, өр­нек­ті сөздерін га­зе­­таға басып, көпке көр­сет­пек­ші­міз.
«Қазақ», 1913, №43
(Мақала ықшамдалып алынды)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста