"Ажека", "аташка" - ата-әжені "бұрышқа тықты"

"Ажека", "аташка" - ата-әжені "бұрышқа тықты"

Қазақтың қоғамында салт-дәстүр, әдет-ғұрып арқылы өмірдің өзі туындатқан әдемі әлеуметтік  институттары болған. Болған деп, өткен шақпен айтуымыздың өзі - сол әлеуметтік мәні зор институттардың келмеске кеткенін мегзесе керек. Дүние есігін ашқан сәттен-ақ  ұрпағын тәбиелеудегі маңызды институттардың ұстанымы, ұлт болып, жұрт болып қалудың қағидаттарының қазығы еді.  Бесіктен бастап, ақсақаладар алқасына дейінгі аралықтағы әлеуметтік институттар келмеске кетіп барады. Қайсыбірі, тіпті, қазақтың салт-дәстүрлерінің «қызыл кітабына» кіріп кеткен. Соның ішінде – жеті атамыздан, түп тұқияннан бүгінге дейінгі тамырымызды түгендеп беретін – ата мен әже институты. Жойылып барады. Сырттан біреу келіп, ата мен әжелерді сыпырып, жиып әкетіп жатқан жоқ. Бар - ата мен әже. Бірақ  институт -  жоқ. Сол әдет-ғұрып институты бүгінде «шәкіртсіз» қалды. Ол шәкірттер – қазіргінің ата мен әжесі десек, олар бұл институттың «дарынсыз» оқушылары екені кейінде айқын байқала бастады. Осылайша, дарынсыз оқушы салдарынан қазақы білдей бір әлеуметтік институт  - ата мен әже институты «тарап» кетудің аз-ақ алдында тұр.  Ата мен әженің орнын «аташка», «ажешка» басты. Өнердің бір туындысы кино дейтін кереметтің өзінде қазақтың баласы әжесін «ажека», атасын «аташка» деп тілін шайнап отырған соң не сор? Біздің қайда бара жатқанымызды «Алаш айнасы» зерттеу жүргізген еді. 

Жеті атасын білмеген – жетесіз
Шыны керек, біздің ұрпақтың көбі атасын көрмей өсті. Өйткені, көпшілігіміздің атамыз Ұлы Отан соғысына кетіп, сол жақтан қайтпай қалған-ды. Содан шығар, соғыстан аман оралған елдің атасына атасы жоқ біздер қызыға қарап өстік. Олардың өңіріне таққан медальдарын бір ұстап көру басқаны қайдам, өзім үшін үлкен бір арман-тын. «Атасы келе жатыр» деген сөздің өзі шынашақтай балаға сес-тін кәдімгідей. «Ата» деген сөздің өзі бала жүректі сескендіретін. Қорқытып емес әрине. Тағылымдық, тәрбиелік тұрғыда. Содан болар, атамыз туралы әжемізден үнемі сұрап, мазасын жиі алатынбыз. Өз атамнан гөрі әжем марқұм үлкен атамыз туралы айтқанды жақсы көретін. Өйткені, атамыздың атасы елге сыйлы, құрметті, жоқ-жітікке көмегін аямаған қажы кісі болыпты. Отызыншы жылдың ойранында, бай-кулак деп елде есі түзу, мал-жаны бар мырзаларды қудалаудың салқыны сол атамызды да шарпып, ақыры туған топырақтан тыс жерде көз жұмыпты. Соны естіп өскен біз көрмеген атамызды бертін келе көкрегімізде іштей мақтан тұттық. 
Ал бүгінгінің атасы кім? Сол ежелгі ата институтының шаңырағын шайқалтпай, ұстап  қалды ма? Бұл мәселеге мардымды жауап бере алмайды екенбіз. Өйткені, ата мен әже институты қазіргі таңда бұрынғы құзыреттілігінен айырылған. Аталарымыз немересіне ең құрығанда, тегін түгендеп бере ала ма? Кешегі батыр-бағландар туралы жарытымды дүние айта ала ма? Қазақтың қайдан шығып, қайда бет алғанын дәріптейтін ата аз. Олардың орнында  не қария, не жігіт екені беймәлім «дүбәра-аталар» басқан. Ата-әже институты «тарағалы» тұр демегенде, не дейміз осыдан соң?
Қазақтың елдік таным-түсінік, ұғымында адамның қартайған шағын білдірер «қария», «қарт», «ақсақал», «ата», «шал» дейтін жалқы да жалпы атаулар бар. Бұлардың мәртебелік дәреже-деңгейі әр түрлі. Шын мәніндегі елге сыйлы, жұрт сыйлайтын кісіні ғана «ата»,«қария», «қарт» атаған. Қазір бұл сөздер көзден бұлбұл ұшып, қылшығы мен қан-жыны аралас арам заманның арам саясаты бізге «шал»-ды ғана қалдырғандай. Иланбасаңыз «Шал» фильмін көріңіз. Киноның «Шал» деген атауы, ондағы «Шалдың» өзі қазақтың қастерлі «Ата, қариясы» деп нық айта аласыз ба? Біз өзі қайда барамыз осы?
Ертегі, жыр-дастан айтар әже жоқ... ностальгия ғана бар.
Әже туралы настольгиямыз бұл күнде құсаға айналды. Қазақтың жыр-дастанын, ертегі-аңызын аңыратып айтып, немересін тізесіне салып алып, әлдилитін  қазақы әженің жоқтығынан. Кешегі күнге дейінгі қыр баласы көрген әже қандай еді? Кимешекті, ақ жаулықты, камзолды. Кәдімгі натуралды-тын. Ертегі-аңыз айтқанда ше? Аузымыздың суы құритын. Ертегісін тыңдап отырып, елітіп, соңында қалғып кететін едік. Сол әжелеріміздің бұл күні сарқыншағы да жоқ. Сағынышқа айналды. Сосын сағыныш құсаға ұласпағанда қайтсін? Қазір керісінше «супер сәнді» «декоративті» әжелер жетерлік. Бірақ неге екенін қайдам, қырсық қылғанда,  сол «әжелерге» көңіліміз «әже» деген аса қастерлі ұғымды қимай, сараңдық қылатын болып жүр. Өйткені, әженің мисииясын орындай алмағандықтан. Сол уақытта өзімнің кимешекті әжемді сағынамын. Бүгінгі адам болып, қалыптасуымызға, қазақтың ертегі-жыр, аңыздарына, қазақы тәрбиеге уызымызда жаруымызға,   сол әжем марқұмның ықпал күшті болғанын осы күні сезініп жүрмін. Біздің тәрбиемізбен әке-шешемізден гөрі әжеміз айналысқанын енді ғана ұғындық. Әйтпесе, коммунизм орнтамыз деп кететін әке-шешеміз таң атысымен жұмысына шауып, құс қона  оралатын. Олардың балаларына отыра қалып, ертегі айта қоятын уақыты да жоқ еді. Сол кезеңде кез келген қыр баласының әже тәлімін көрмей, көкірегіне түймей өскені кемде-кем.
Бұл күні  кей «жас» әжелердің қайсыбірінің «әже» десе, намыстанғанын да көргенбіз.  Қазақ үшін қастерлі ұғымға неге сонша үрке қарады екен? Себеп – тағы сол таным-түсінімнің солдылдақтығына барып тіреледі. Жасы қайсы, жасамысы қайсы, үлкені қайсы, кішісі қайсы екенін айырудан қалған,  ұлттық құндылықтар тәрк етілген қазіргі уақыттың салдары. Кімге өкпелегендейсіз?
«Орақ  ұстап  әкең  қалғанша, оймақ  ұстап  шешең  қалсын» деген. Жалпы, әйелді  ұрпақтың ұясы  санаған, қабағына қараған, айтулы  әжелерін  әулеттің  піріне балаған. Табиғат берген, өмірден жиған адамдық асыл қасиеттерінен айнымаған абыралы әжелеріміз кісілік пен кішіпейілдікті тең ұстайтын еді.  Біз өзі қайда барамыз осы?
Ұлттық құндылық санадан қалай өшіп барады?
Кәрісін ордада қалдырмай, обада қалдырған, өлігін молада қалдырмай, далада қалдырған кешегі озбыр саясат қолынан келгенін істеп, ұлттық құндылықтарымызды күйттеген әлеуметтік институттурамыздың түбіне жетіп бақты ақыры. Қалпына келтіруге қазақтың құлқы жоқ. Құлқынан бұрын, батыстың жабайы әдетіне жұтылып барады баяу ғана. Ұлт боламыз десек, ұлттық әлеуметтік институттарымыз қалпына келуі тиіс. Бір сәт ойланып көрейікші... Біз өзі қайда барамыз осы?    

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста