Әжесі: Димаш біраз уақытқа дейін туған әке-шешесін білмей жүрді (фото)

Әжесі: Димаш біраз уақытқа дейін туған әке-шешесін білмей жүрді (фото)

Өнер әлемі тағдырларын тоғыстырған Светлана мен Қанат Айтбаевтар 1994 жылы алғаш рет ата-ана атанды. Дүниеге бүгінде қазақтың жарық жұлдызына айналып үлгерген Димаш келді. Алайда анасы студент болғандықтан, қамсыз оқуын бітіріп алсын деген ниетпен әжесі Димашты өз бауырына басады.
Бұл туралы «Астана» арнасының «Аналар» бағдарламасында айтылды.

«Димаш туған кезде Света жас болды. Оқып жатты. Светаға көмектесейін, күндізгі оқу бөлімінде, бітіріп алсын, ұйқысы тыныш болсын деп Димашты өзімнің қасыма алдым, өзім бақтым. Бәріміз бір үйде тұрдық. Димаш туғанда мен 47 жаста едім, қазір 47 жастағы әйелдердің өздері де туып жатыр ғой. Сондықтан ол ойлаған шығар… Димаш көпке дейін білмей жүрді. Біз де айтпадық, туған балам деп», – дейді Димаштың әжесі Миул Низамутдинова.
Димаш бала күнінен әжесін «ана» деп, ал атасын «әке» деп атап кеткен. Есесіне өз туған ата-анасына «апа» және «ағатай» дейді. Бұған Светлана Айтбаева қуанбаса, еш ренжімейді. Ол тұңғыш баланың ата-әжесінің қолында тәрбиеленгенін дұрыс санайды.

Димаш Құдайбергенов және ата-анасы Света және Қанат Айтбаевтар
«Үлкен баланы бауырыңа тартпай, ата-әжесіне беру деген заңдылық сияқты. Тіпті, өзіңе де жеңіл. Ата мен әженің бауырынан ажыратпаған қазақы тәрбиенің дұрыстығы деп санаймын. Ондай балалардың барлығы үлкен кісілер сияқты сөйлейді», – дейді ол.

Атасы мен әжесі Димашты 5 жасынан музыкалық мектепке жетелеген.

«Ол уақытта Димаш әнші болып кетеді деген мақсатымыз болған жоқ. Қатыссын, қарасын, босқа жүрмесін дедік», – деп еске алады әжесі. Әжесін «ана» деп атағанымен, өз анасы да әркез Димаштың жанында болған.

«Кішкентай кезінен өзі ерінбей іздеп дайындала беретін. Даусын біресе былай құбылтады, біресе басқа жаттығуды жасайды. Жаттығудың нәтижесінде диапазон өседі. Не дегенде де табиғат. Төрт октаваның көлемінде еркін айта алады әнді. Кейбіреулер 5 октава деп жүр. Ол «свисттік регистр» деген болады. Барлық әншілер бірдей қолдана алмайды. Бұл осы әдістемені де өзі іздеп жүріп үйреніп алыпты. Сонысын қосқанда 5 октаваға жетіп қалады дейді», – дейді Светлана Айтбаева.Димаштың артынан ерген бір інісі, бір қарындасы бар. 9 жасар Әбілмансұр да ағасы сияқты өнерге жақын.

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста