Әзіл әндер шырқалмақ

Әзіл әндер шырқалмақ

Ақтөбеде 17 қыркүйек күні облыстық  әзіл әндер байқауы өтеді. Оған кез келген адам қатыса алады. Қазір іріктеу жұмыстары аяқталып қалды. Байқау шарты бойынша, үміткер өзі қалаған аспапта жеке не топ болып, ең кемі екі әзіл ән орындауы керек. 10 номинация бойынша жүлделі орындар тағайындалған. Жеңімпаздары  желтоқсан айында өтетін «Екі езу» театрының концертінде өнер көрсететін болады.

«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дейтін қазақтың қалжыңбастары жетерлік болған. Той-томалақ әзіл-қалжыңсыз өтпейтін. Жездесінің басын қасымаса отыра алмайтын  балдыздардың, тілмен қағытып, тиіскенді жақсы көретін  нағашы мен жиендердің, бірін-бірі көрмесе сағынып, кездескенде шымшып ойнайтын құрдастардың, қылымсыған жеңге мен еркелеген қайнының әзілдері қай кезде де керемет жарасымдылығымен, тапқырлығымен таң-тамаша қалдыратын. Қыз бен жігіт айтысындағы қалжыңды зерттегендер, ондағы  жеңіл әзіл мен ауыр мұңды, немесе үлкен ойды бере білу шеберлігіне тәнті болады.   Қазақ халқының  әзіл-қалжың әндерінің өзі  бір төбе. Тек, бір өкініштісі, соңғы кездері ол әндер де,  әзілдер де, әзілдесіп ойнау да  қалып бара жатқандай. Анда-санда қыз-жігіт айтысынан әдемі әзіл естіп қалсақ, мәз боламыз.  Әсіресе, жаңа  әзіл ән жарыққа шығыпты дегенді  естімей кеттік.  Барының өзінің қазақ эстрадасында орындалып жүргендері некен-саяқ. Тіпті мұндай әндерді орындайтын әншілер саусақпен санарлық. Әнші жоқ па, ән жоқ па? Әлде ондай әнді айтуға құлық жоқ па? Ол арасы белгісіз. Көгілдір экраннан Саят Медеуовтің орындауында анда-санда  Кенен Әзірбаев атамыздың әйгілі  «Көкшолағын» естіп қаламыз. Жанар Айжанова әзіл әндерді  кейде өз репертуарына қосып айтады. Кезінде үлкенді-кішілі қосыла шырқайтын «Біздің ағай тамаша», «Жездеке»  секілді өлеңдерді қазір  мүлдем естімейтін болдық. 

Сондықтан Ақтөбедегі «Екі езу» әзіл-сықақ  театры ұйымдастырып, өткізгелі отырған бірінші әзіл әндер байқауы туралы сүйінші сұрап хабарлап отырмыз. Театр директоры Нұрлыбек Жұбатқанның айтуынша, бұрын-соңды мұндай байқау елімізде болмаған. Қазылар алқасына белгілі  әнші, ақын, музыканттарды шақырыпты. Олардың арасында  Сәкен Қалымов,  Индира Өтеміс, Марат Әйтімов сияқты  танымал азаматтар бар. Байқаудың негізгі мақсаты – ұмыт қалған әзіл әндерді жаңғырту және оларға жаңа тыныс беру.

Облыстық қалжың әндер байқауына дайындалып жатқандардың бірі –  театр  әртісі Берік Нұрмағамбетов. Ол ұмыт болған «Жеті ешкі» әнін іздеп жүріп тауып алыпты. Бұл – Құсан қарияның базардан ешкі орнына теке сатып алып, оны саумақ болғаны туралы күлкілі ән. Берік оны  домбырамен айтпақшы. Бұл ән кезінде халық арасында кеңінен шырқалған екен. Жан-жақтан келетіндердің ішінде де халық арасынан ұмыт болған әндерді тауып алып, көпшілік назарына қайта ұсынатындар табылып қалар.

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН, «Екі езу» әзіл-сықақ театрының жетекшісі:
– Қанша қаржы дағдарысы десек те, әзілімізді ұмытпайық. Қиындықты күлкімен жеңе білгенге не жетсін. Шынтуайтында, мені әзіл әндердің тағдыры алаңдатады. Жаңа әзіл әндердің жарыққа шықпай жатқандығы өз алдына, халық сүйетін, кезінде ел арасына кең тараған әндердің  өздері  ұмытылып бара жатыр. Бұл – ащы  шындық. Осы мәселе мені қатты  ойландырды. Өнер адамының қолынан не келеді? Осындай өнер байқауын өткізу арқылы басқаларға ой тастағымыз келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста