«Әзіл КЕШ» бағдарламасы ашылды

«Әзіл КЕШ» бағдарламасы ашылды

Жақында «Хабар» арна­сында «Әзіл КЕШ» атты жаңа бағдарлама түсірілді. Бағдар­лама атының өзі қызық көрін­ді алғашында. «Әзіл КЕШ» деген сөзді оқысаң, көз алды­ңа кәдімгі әзілкеш әртістер келеді. Енді бір қарасаң, «әзілдің кеші» деген мағынаны да береді. Тіпті одан ары тереңірек ой жүгіртсең, «әзілімді кеш, әзіл ғой, кешіріңіз» деген нәрсе ойға оралады.
Осылайша «бұл қандай бағдарлама екен» деп хабар түсіріп жатқан студияға бас сұқтық. Бағдарламаны белгілі әзіл-сықақ актерлері Уәлибек пен Жүсіп жүр­гізеді екен. Біз ойлаған, өзімізше түсінген бағ­дар­ла­ма­ның атына енді қанық бола бас­тадық. Жоба авторлары бағдарлама шы­ны­мен де, өз атына сай болу үшін жа­нын салып-ақ жатыр екен. Өйткені қа­зы­насы қалжыңмен толған, базынасы әзілмен оз­ған хал­қы­мыз­дың мінезінің өзі таусылып біт­пейтін театр сияқты. Қағытпа сөз бен әжуа мысқыл, шымшыма тіл мен шақпа шөптей шағып алатын тәм­сіл­дер қазақтың алтын бесігі – ауылында, қайнары қа­зыл­маған халық арасында ханды мін­еген, ат­қамінерді шенеген, жалқауды тү­зе­ген, қуды күзеген, жақсыны елеген әзілдер де әзілкештерде көп сақталғаны рас.
Бағдарламада әзілкештердің басы қосылып, әзілді сұхбат жүргізсе, әзілдің астарымен әзілдің кешінде көрерменді ду­манға бөлері сөзсіз. Қазақтың әзіл-оспақ театрларының төресі «Тамашадан» бастап, кейінгі әзіл-сықақ театрларының архивте сақталған сахналарынан үзінді көрсетіп, об­раздар сомдаған талай актерлер туралы сырлы естелік те әңгімеге арқау болыпты. Бағдарламаның продюсері Толқын Болыс­бае­ваның айтуынша, бағдарлама бөлекше тың көзқараспен өзіне тән стилімен жа­рық­қа шығады дейді. Бағдарламаның ерекшелігі жеңіл әзіл айтып, жұртты күлдіру емес, салмақты ой мен өткен күн­дер­дің белгісі болған «Тамаша» сынды әзіл-сықақ театр­ларының әзілдерін еске салу, сол театрды құрған тарландардың өмі­рі жайлы да, сахнадан тыс өмір-де­рек­тері де айты­ла­ды дейді.
 Рас, әзілдің жеңілдеп кеткенін де, зі­лінің азайып, арзандап бара жатқанын да жұрт се­зеді. «Әзіл КЕШ» бағдарламасы әзіл­­кеш­тер­­дің жиналатын мейрамханасы сияқты декорацияға құрылыпты. Бізге ұнағаны да бұрынғы әзілдерді еске салып, бүгінгі әзіл­мен салмағын саралауы болды. Бағ­дар­ла­маның сценарийін жазған Сержан За­кер­ұлы: «Жаңа бағдарламаның бас­ты ерек­шелігі, осыдан біраз жыл бұ­рын сатираның сах­насында өнер көрсеткен «Тамашадан» нәр алды, одан қала берді, ілгері-кейінді құ­рылған әзіл-сықақ театр­ларының әзіл­де­рін және сол әзілдерді жасаған, об­раз­дар сомдаған әзілкештердің өткен өмірі жайлы да сағынышты әзіл әң­гіме болады. Өткен күннің әзілі мен бүгін­гі күннің әзілінің арасындағы «бойы жетсе де, ойы жет­пей­тін» тұстары талқыға түсе­ді». Негізгі жүр­гі­зуші Уәлибек Әбдірайымов, ол – «Әзіл кеш» мейрамханасының иесі сияқ­ты, яғни Уәлибектің өзі. Ал Жүсіп Ақшора мен сол жер­дегі даяшы қыз Айнұр Ілиясова кейіп­кер ретінде рөлде ойнайды. Жүсіп әр та­қы­рыпқа байланысты әртүрлі образда, астарлы сөздерімен шымшып жүреді. Келген қонаққа да тиісіп қалып жүретін об­раз­дарды да сомдайды. Ал даяшы қыз Айнұр Ілиясова аңқау, сөзге сенгіш қыздың бейнесінде. Алғашқы бағдарлама «қазақ­тың мінезі» деген тақырыптан бас­тал­ды. Осылайша құда мен құдағи, әйел мен күйеу сияқты тақырыптар да жалғасып, әзіл­ді әңгіме өрбиді.
Сонымен жаңа жоба жайында ав­тор­лардың өздері былай дейді: «Әзілдің «ә»-сін алсаң, зіл болады. Зіл болса, еңбек еш болмайды. Еңбек еш болмаса, ешкім бізге өш болмайды. Әзілге ертең өкпелесең, кеш болады, осылайша жаңылтпаштар жал­­ға­сып келіп, «Әзіл КЕШ» болады. Жаңылт­паш деп отырғаным, «Әзіл КЕШ»-тің астары. Бұл әзілдің кеші емес, болмаса әзілкеш емес, әзілдің айбарын, қалжыңның қай­на­рын, шалдың кемпірін, кемпірдің төркінін, әйелдің күйеуін, күйеудің сүйеуін, бас­тық­тың бармағын, бармағының салмағын, қойшы әйтеуір, әзілге ілініп кеткен әң­гіменің бәрін «Әзіл КЕШ»-тен көресіз.
Күлдіре білу – өнер. Ал күлкіге қалу – өлім. Бағдарлама жеңіл күлкі емес, ойлы әңгімеге де арқау болады. Ендеше, қапы қалмаңыздар, сенбі күндері 17.15-те «Әзіл КЕШ» бағдарламасын тама­ша­ла­ңыз­дар!
Бағдарламаның шығармашылық ұжы­мы:
Жоба жетекшісі – Арман Нұрқалиев
Продюсері – Толқын Болысбаева
Шеф-редакторы – Мөлдір Әзім­хан­қы­зы
Сценарий авторлары – Сержан Закерұлы, Ринат Қайыртайұлы
Жүргізуші– Уәлибек Әбдрайымов
Актерлер: Жүсіп Ақшораев, Айнұр Ілиясова
Қоюшы режиссер – Жандос Еспен­бе­тов

Бағдарламаның сыншысы да, тара­зы­ға тартары да – халық. «Әзіл КЕШ» қа­лың көрерменнің көңілінен шығады де­ген ойдамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста