Әзіл мен мазақты ажырата алмай жүрміз-ау...

Әзіл мен мазақты ажырата алмай жүрміз-ау...

«Адамды жылату оңай, күлдіру қиын» деген Шекспирдің сөзі қазіргі кезде керісінше айтылу керек секілді. Өйткені бүгінде телеарналардағы көптеген жобалардың басты мақсаты көрерменді жеңіл күлкімен оңай күлдіруге көшіп алғандай. Әрине, әзілдің бәрі салмақсыз, мән-мағынасыз болып барады десек артықтау болатын шығар, дегенмен кейбір әзілкештеріміз күлдіремін деп бүлдіріп алып жататыны жасырын емес. Таяуда ғана «Алаш айнасы» «Күлдіргі бағдарламалармен күлкіге қалып жүрген жоқпыз ба?» деп телеарналардағы қаптаған күлкіге арналған бағдарламалар хақында ой қозғаған болатын. Ал біздің айтпағымыз, әзілге әдебиетті арқау етіп, Абай, Мұқағалиларды мазаққа айналдыру ешбір арнаға сыймайтын келеңсіздік.... 
Таяуда ғана өткен жастар арасында кеңінен танымал «Жайдарман» байқауының Әдебиет маусымын көріп отырып біздің жастарымыздың әдебиет тақырыбында әлі де ізденістерінің аздығын, осы бір парасатты тақырыпты терең түсіне алмағанына көзім жете түсті.
Әрине, Жайдарман» фестивалі «Әдебиет маусымы» тақырыбын арқау етіп жастардың кітапқа қызығушылығын ояту, көркем әдебиетке деген таным-түсінігін арттыру мақсатын көздегені дұрыс. Дегенмен кейбір  командалар әзілдерінің арасында әдебиет деген сөзді қосудан артық бара алмаса, кейбіреуі Абайды мысалға келтірем деп ұлы ақынды мазаққа айналдырып тұрғанын өздері де түсінбеген секілді. Қалай дейсіз ғой?...
Этюдтен үзінді: «Бір топ жігіттен біреуі шығып Абайдың өлеңін оқиды: Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың маңы терең сай.... Кеттік терең сайға барып төбелесейік..»
Тағы бір мысал, Павлодар жастар командасы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін Абайдың жанында 50 тиынға тұрғысыз америкалық «50 cent» тобының орындауындағы әннің әуеніне салып алыпты.
«Алмалы» тобының әзілі: «Қайрат Нұртастың түсіне Абай Құнанбаев кіріпті. «Ей, Қайрат балам, әндеріңінің сөзінде мән жоқ, буыны дұрыс емес. Соңғы түсірген киноңды да түзе. Әйтпесе түсіңе Шәкен Айманов кіреді. Ол қазір Рақышевтің түсінде жүр».
«Барыстар» командасының әзілі: «Әдебиет кинофильмнен артық, өйткені онымен таракан өлтіре аласың» немесе «Жасұланның беті қалың, Лев Толстойдың кітаптары секілді».
Міне, осындай әзіл деп те, қалжың деп те айтуға келе бермейтін мысалдарды тізе беруге болады. Сондай-ақ үлкен сахнаға шығып, Ұлттық арнадан бүкіл елге таралатын осындай жобаларда сахнаға шыққан жастар, тіпті белгілі әртістердің өзі «әй, өй» деген одағай сөздерді, «құрышы, қумашы» деген секілді анайы сөздерді, «отырық, тұрық» секілді диалектілерді қолдануы сахна мәдениетіне, әдебиетке деген кереғарлық.
КВН-де ойнап жүрген жастар қатты ышқынып сөйлесек әзіліміз өтімдірек болады дей ме екен, әйтеуір айқайлап сөйлеуді әдетке айналдырған. Әзілдерінің көбі анекдоттан алынған күнделікті тірлікте айтылып жүрген болмашы бос сөздер.
Әрине, біз мысалға келтірген «Жайдарман» ойыншыларының әзілдерінің бәрі сауатсыз деп айтудан аулақпыз. Ұшқыр ойлы, сөзі мірдің оғындай, салмақты әзіл айта алатын жастар да жоқ емес. Дегенмен, әсіресе, әдбеитеке, халқымыздың ұлы тұлғаларына қатысты әзіл айтқанда абайлау керектігін ұққан жөн.
«Қазақстан КВН Одағы” Президенті Есен Елеукен мырза өзінің сұқбаттарында «Жайдарманның» әзілдерінде анайылық пен жабайылыққа жол берілмейтінін айтып жүр. Оның айтуынша осыдан біраз уақыт бұрын ойыншыларға тәжірибе үшін еркіндік берілгенде етектен төмен әзілдердің қаптап кеткені рас. «Ал қазіргі кезде жұрт алдына шығатын бұқаралық сипаттағы өнер мәдениетті болу керек», – дейді ол.


Есен ЕЛЕУКЕН, «Қазақстан КВН Одағы” Президенті:
– «Жайдарман» жастары тұрмақ барлық әзіл-сықақ театрлары болсын, айтыс болсын, жалпы сахнада «әй, өй» деп сөйлеу басым. Ал көңілді тапқырлар клубының ойыншыларының театрлардан басты айырмашылығы олар – әуесқой. Сондықтанда сынға жиі ұшырайды. Барлық командаға бірдей жеңіл әзіл айтпа, салмақты қалжың керек деп шарт қоюға келмейді. Өйткені жас командалар тәжірибе жинақтай келе сөздерін де, өздерін де жөндеуге тырысады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста