«Әзілкештер ауылы» шақырады

«Әзілкештер ауылы» шақырады

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында, 20 наурыз күні, Алматыдағы Студенттер сарайында кешкі сағат 19.00-де «Әзілкештер ауылы» атты үлкен сатиралық-сазды кеш өтеді.
«Әзілкештер ауылы» – бұл қазақтың көрнекті сатиригі Толымбек Әлімбекұлының жүргізген тележобасы. Енді өнерсүйер қауымға осы жобаның сахналық нұсқасы ұсы­нылмақ. Кештің ұйымдастырушы режиссері – бүгінгі сатира саңлақтарының бірі Асқар Наймантаев. Кеш барысында ақын, сатирик Т.Әлімбекұлының сөзіне жа­зылған әндер шырқалып, интермедиялары орын­далады. Бұл мәдени шара, негізінен, сатирик Толымбек Әлімбекұлының шығар­ма­шылығына арналмақ. Қазақы қалжың мен бүгінгі уытты сатираны арқау еткен Толым­бек Әлімбекұлының әзіл шығар­ма­ла­ры мен өлеңдері «Қарлығаш», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Кімге күлкі, кімге түрпі?», «Та­маша», «О несі, ей?» жинақтарында жа­рық көрген. Автордың «Ләм-мим», «Аһ-үһ», «Ым-жым», «Тойда жолығайық», «Қа­л­ай болса солай» атты жекелеген кітаптары оқырманнан өз бағасын алған. Т.Әлім­бек­ұлы сондай-ақ драматургия саласында да еңбектеніп келеді. Оның «Күйеуіңізді са­ты­ңыз­шы» (М.Задорнов), «Отыз ұлың бол­ған­ша» (Ф.Буляков), «Желіккен жастар» (Г.Белецкий) комедияларын аударып,   М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық дра­ма театрында және «Темір қуыршақ» (Э.Берджес) драмасы Қос­танай облыстық дра­ма театрында сах­на­ланған. «Тамаша», «Бауыржан-шоу» сати­ралық театрларының репертуарларына арнап сценарийлер жаз­ды. «Хабар» теле­ар­насынан ұсынылған «Сүйінші», «Бозбала шақ­тың соңғы жазы» атты көркем фильм­дер­дің сценарийлерінің, «Қазақстан» теле­ар­насындағы «Әзілкештер ауылы», «Ха­бар» телеарнасындағы «Әзілің жа­расса...» бағ­дарламаларының авторы, жүр­гізушісі ретінде халыққа кеңінен таныл­ды.
Аталған концерттік шараны ұйым­дас­ты­руға Қазақстан Театр қайраткерлері одағы қолдау білдіріп отыр. Әзіл мен әнге құралатын кеште Тұңғышбай әл-Тарази, Көпен Әмір-бек сынды майталмандармен қатар, «Аққу-Гәкку», «Беймарал», «Тама­ша», «Терісқақпай», «Мафия мен тақия», Алмат Сақатовтың «Асау» әзілкеш жігіттері, World media master academy студенттері мен бірқатар жас таланттар өз өнерлерін ортаға салады.
Концерт билеттерін Студенттер сарайы кассасынан алуға болады.
Асқар НАЙМАНТАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сатирик актер, режиссер:
– Алланың қолдауымен, елдің тілеуімен сатира саласының саңлағы Толымбек Әлімбекұлы ағамыз ауыр науқастан айығып, Германиядағы емі аяқталып, елге оралды, ортамызға келді. Елі сүйген ұланын аман-есен емдеп, домдап еліне қайтарған неміс ағайынға мың алғыс! Алыста жатқан бауырға ақ тілеуін білдіріп, тілеуін тілеп, уайымдаған ағайынға айтар алғысымыз шексіз.

Қайырымдылық бағытта қолға алынып отырған бұл концерттік шарадан түскен қаржы қаламгер ағамыздың отбасына аударылады. Толымбек Әлімбекұлының әзіліне қанық, қалжыңының қадірін білер ағайынға осы кештің қонағы болыңыздар дегім келеді. Қазақтың Толымбегі өз тыңдарманы мен көрерменін әлі де толайым әзілдерімен қуанта беретініне сенеміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста