"Азып кеттік": Танымал әншілерге өлең жазатын ақын өз ісіне ұялатынын жеткізді

"Азып кеттік": Танымал әншілерге өлең жазатын ақын өз ісіне ұялатынын жеткізді

Ақтөбелік ақын Оразбек Қиынбаев әншілердің сұранысымен жазылған кейбір өлең жолдары үшін қатты ұялатынын жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа, Ринат Аманғос, Самат Жанғазин сынды әншілердің әндеріне сөз жазып беріп жүрген ақын Оразбек бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жазыпты.

"Әншінің сұранысымен жазған кейбір өлеңдерімнен кейде өзім ұялам...", - деген ол ойын келесі өлең жолдарымен жеткізіпті:
Ақындықтың арын бит жеп, Әншіге еріп азып кеттік. Күнкөрістің қамын күйттеп, Жазбайтынды жазып кеттік...

Ақынның бұл жазбасын желі қолданушылары бірден іліп әкетті. Басым бөлігі оның сөзін қолдап, түрлі пікір қалдырды.

"Осы сөзді дені дұрыс бір ақын қашан жазар екен деп ем, жарайсың, бауырым", "Сонда қалай болғаны, керек боп қысылғанда, не болса соны жазу керек пе?", "Жазбасаңыз болмай ма, мағынасыз өлеңдерді?", "Сен сияқты өз кінәсін мойындай алатын әншілер көбейсе, мүмкін жазбас па едің. Мықты ақынсың ғой, бауырым", "Олай ойлап, ұялудың өзі бір азаматтық, сен сонда да мықты ақынсың ғой, бауырым", - деп жазған желідегі оқырмандары. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста