"Ажырасам. Уақыт келді": Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады

"Ажырасам. Уақыт келді": Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады

Бесінші перзентіне аяғы ауыр екенін айтқан актриса Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Көпшілікті толдырған бала жайлы бүкпесіз айтылды. "Ұзааақ уақыт жабылған ширманы ашатын уақыт келді.

#меніңбесіншібалам туралы жазбаларымды оқып жүрген тұрақты оқырмандарым бәрінен хабардар.

 

Егер сіз әлі оқымаған болсаңыз, басынан бастап, оқып шығыңыз. Сонымен ,өткен жолы ерекше атын айтамын деп едім ғой. Тааак, барабанная дробь тұрсаңыз отырыңыз, отырсаңыз жатыңыз, әйтеуір, құлап қалмаңыз

 

Бесінші баламның аты - Ажырасам. Иә, иә! Бұған дейін айтып, жазып жүрген #меніңбесіншібалам – Ол менің алғашқы продюсерлік еткен және басты рөлге түскен толықметрлі фильмім туралы болатын. Бұл жоба мен үшін баладан кем болмады. Қанша жыл армандадым, сосын мақсат еттім, ойға салдым, ол аузымнан сөз боп айтылды, сол сөзге жан бітіп іс боп өмірге келді.

 

Бұл фильмді түсіру туралы алғаш рет 2021 жылдың тамыз айында Жанболат екеуміз талқылаған едік.

 

Сөйтіп, қараша айында сценаристпен кездесіп, идеясын іздедік. Басты талабым – арзан күлкі емес, астарлы мәні, алатын ойы болатындай фильм болуы.

 

Маған сіздердің қолдауларыңыз енді екі есе көп керек!

#меніңбесіншібалам - ол менің алғашқы кино-жобам!, деп жазды Жұлдыз.

 

"Сәттілік серігің болсын!" деп жазған енесі Гүлзира Айдарбековаға "Әмин! Сіздердің тілектеріңіз бен халықтың қолдауы көпке де, көкке де жеткізер", деп ризашылығын білдірді актриса.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста