Бабалар рухына тағзым

Бабалар рухына тағзым

Жуырда Алматы облы­сы Ұйғыр ауданының Үл­кен Дихан ауылында «Ба­балар рухына тағзым» деп аталатын рухани шара табысты өтті.  Облыстық әкімшіліктің қолдауымен аудан басшылығы өткіз­ген шараның басты мақ­­­саты – кешегі өткен бабаларымыздың асқақ рухын дәріптей отырып,  халықтың рухына серпіліс беріп, жас ұрпаққа ұлттық тұрғыда патриоттық тәлім-тәрбие беру.
«Өткенсіз болашақ жоқ» деген қара­пайым ғана сөздің тереңінде салмақты мән-мағына жататынын жақсы түсінетін халқымыз қашаннан бабалар рухына тағзым етіп отыруды өзіне парыз-міндет санаған. Егемендік алып, еңсесін тіктей бастаған Қазақ елі бүгінде бабалар ама­на­тына адалдық танытып, өшкенін қайта жаң­ғыртып, қатпарлы қалың тарихымызды жаңаша сипатта зерттеп-зерделеуге ден қоя бастады. Жыл өткен сайын республи­ка­мыздың әр өңірінде елге ерен еңбегі сің­ген ерлеріміз бен ардақты аналарымызға арналған еңселі ескертікіштер бой көтеріп, солардың тұлғалық, қайраткерлік қасиет­терін кейінгіге үлгі етерліктей көптеген мәдени іс-шара ұйымдастырылуда. Үлкен Дихан ауылындағы өткен жиынды  елімізде жүзеге  асырылып жатқан осынау үлкен игі істердің бір парасы деуге болады.
Екі күнге жоспарланған осынау имани шараның негізгі ұйытқысы болып барлық істің басы-қасында жүрген ел ағасы, Қа­зақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын-драматург, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, жақында ғана Елба­сы Жарлығымен Сенат депутаттығына сай­лан­ған қайраткер Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин мырза екендігін айта кетуіміз керек.
Бүгінде есімі елге белгілі тұлға  Нұрлан Мырқасымұлы – осынау сауапты іс-шара өткізілген Үлкен Дихан ауылының тумасы. Бей­нелеп айтсақ, «Таудың қуысында, Құдай­дың уысында» жатқан түп-тарихы тіпті әріден басталатын осы бір шағын  ауыл­дан соғысқа аттанған бірнеше жүз азаматтың 150-ге жуығы майдан даласында шейіт болған. Мұның сыртында сол бір сұрапыл жылдары қаншама ауыл азаматтары мен ақжаулықты аналарымыз тылда тынбай еңбек етті?! Қасиетті Қара Дала атанып кеткен осы бір өңірдің бір пұшпағын жайлаған кішкентай ғана Үлкен Дихан ауылынан бүгінде есімдері Алты Алашқа жайылған көптеген танымал тұлға шыққан. Ұлтымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевпен қаламдас, сырлас дос болған, ұйғыр халқының көрнекті шайыры Ілия Бахтия да дәл осы ауылдың топырағында түлеген. Қазіргі уақытта бұл ауыл шалғай жерде орналасса да жаңаша тыныстай бастаған, қарапайым шаруасын дөңгелетіп отырған еңбекшілер ауылына айналған.

Ермек Келемсейіт, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы:
– Бүгінгі Тәуелсіз мемлекетіміз төл тари­хы­нан ажырамай, өткенінен сабақ алу ар­қы­лы болашақ міндеттерін жүзеге асыру жо­лында біртұтас ел болып жұмылуда. Бұл рет­те патриоттық тәрбие мен рухани құн­ды­­лықтарымызды дәріптеу мақсатында қа­зіргі уақытта мемлекет тарапынан ба­рынша көңіл бөлініп отыр. Өйткені тарихын таныған, тамырын руханиятпен суарып, бабаларына тағзым етуді парыз санап дәс­түрге айналдырған ұрпақтың адымы нық, алды жарық болатыны күмәнсіз. «Ел ерін көтерсе, ер елінің даңқын асырмақ». Бүгінгі өтіп отырған шара да, ел ішінде бой көте­ріп отырған ескерткіш те – осы сөзіміз­ге айғақ. Сондықтан да мұндай рухани бас­тамалар ел іргесінің сетінемей, берік болып тұруына кепіл бола алады. Қазақтың әр жерінде, әр ауылында осын­дай рухани жұ­мыстар игеріліп жатса, онда болашағы­мыз­ға сеніммен қарауы­мыз­ға болады.

Мәкен Тойшыбеков, ҚР ҰҒА академигі, профессор:
– Қазақтың қай жерінде болсын  талайлы тағдырлар мен қилы заманалар­дың іздері сайрап жатыр. Тек соны танып-біліп, өткеннің сабағын бүгінгі ұрпаққа ұғындырып жеткізе білуіміз керек. Әдетте үлкен мәдени шаралар мен түрлі кездесу­лер ірі қалаларымызда, берісі аудан орталықтарында жиі ұйымдастыры­лады. Бұл ретте шалғайда жатқан шағын ауыл­дардың көптеген игі істерден де шалғай қалып жататыны бар. Міне, осы олқы­лықтың орнын толтырып, ел азаматтары бас қосып, туған ауылымызды түлетуге атсалысудамыз. «Бабалар рухына тағзым» деген игі шара, аты айтып тұрғандай, үлкен бір сауапты іс. Бұл ең алдымен біздің жастарымыз үшін, келешек ұрпақ үшін үлкен үлгі-өнеге болары хақ.

Туған жерге тәу етіп, бабалар рухына тағзым ету шарасына Астана, Алматы, Талдықорған қалаларынан Нұрлан Оразалин бастаған еліміздің бірқатар зиялы тұлғалары – тағылымы мол ғалымдар, талантты ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, меценат-кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.
Шара барысында ел тұрғындары мен арнайы шақырылған құрметті қонақтар­дың қатысуымен салтанатты жиын өтіп, Ұлы Отан соғысына Үлкен Дихан ауылынан аттанып, қан майданда қаза болған азаматтардың есім­дері қашалып жазылған ме­мориал­дық тақта мен ескерткіш­тің ашылуы болды.
Келелі жиынды Ұйғыр ауда­ны­­ның әкімі Қоюмчан Омаров ашып, сенатор Нұрлан Мырқа­сым­ұлы, Алматы облыстық мәс­ли­хатының хатшысы Ермек Келемсейіт сынды қайраткерлер мен ел ағалары, ардагер ақса­қал­дар сөз сөйлеп, ауылда жаңа тұр­ғызылған ескерткіштің сал­та­нат­ты ашылу рәсіміне қа­тысты.
Бұдан кейін қонақтарға жер­гілікті көркемөнерпаздардың дайындаған концерттік бағдар­ла­масы ұсынылып, шара соңын­да арнайы тігілген киіз үйлерде аруақтарға арналған үлкен ас беріліп, құран-хатым түсірілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста