Бабамның көзі болған бұл мұражай...

Бабамның көзі болған бұл мұражай...

Тарих тұнбасынан
Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы 1940 жылы ашылған. Ол Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай болып табылады. Мұражай 1940-1944 жылдары Бекбай Байысовтың үйінде ашылып, 1944-1967 жылдары Әнияр Молдабаевтың үйіне қоныс аударады. Бұл екі үйдің де Абайға қатысы бар. Ақын 1875-1904 жылдары Семей қаласына келгенде осы үйлерге түсіп жүрген. 1967 жылы Абайдың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында мұражай қаладағы сәулет ескерткіштерінің бірі саналатын, ұлы ақын өмір сүрген дәуір үлгісімен салынған көпес Роман Ершовтың үйіне көшірілді.


Мұражай алғашқы ашылған жылдары «Абайдың мемлекеттік әдеби-мемориал­дық мұражайы» деген атпен Оқу министрлігінің қарауында болады. Одан соң мәдени-ағарту мекемелері басқар­масының қарамағына көшті. Ал 1947 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының қарауына ауысты. 1953 жылы Абай мұра­жайы «мемориалдық музей» дәрежесіне түсіріліп, Ғылым академиясынан Мәдениет министрлігі қарауына ауыс­тырылды, одан Семей облысының мәде­ниет басқармасына берілді. Тек 1960 жылдары ғана ақын мұражайы Мәдениет министрлігінің қарауына ауыстырылды.
1990 жылы «Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» болып қайта ұйым­дастырылды. Жидебайдағы 6400 гектар­лық қорық аймағы 16 ескерткішті қам­тиды.
Қорық-мұражай құрамына Семейдегі бас мұражай, «Алаш арыстары – М.Әуе­зов» мұражайы, Жидебайдағы Абай­дың мұражай-үйі, Шәкәрім мұражай-үйі, Әуезовтің Бөрілідегі мұражай-үйі, Көкбай Жанатайұлының Тақырдағы мешіт-медре­сесі, Мақаншыдағы Әсет Найман­байұлы­ның мұражайы, Құндыздыдағы Шәкір Әбенұлының мұражай-үйі кіреді.
Бас мұражай экспозициясында «Абай дәуiрi», «Абай бейнелеу өнерiнде», «Алаш арыстары», «Абай және Семей шаһары» атты тақырыптық көрме залы, «Абай шығармашылығының үш қайнар бұлағы», ақын поэмаларына арналған «Шығыс залы», «Грек залы», «Жаз» өлеңіне арналған зал, «Абайдың ақындық мек­тебi», «Абайтану», «Абай халық жүрегiнде» атты сыйлықтар залдары орналасқан.
Мұражай экспозициясы
Мұражай экспозициясы «Абай және оның дәуiрi» залымен танысудан баста­лады. Аталмыш зал үш бөлмеден тұрады. Онда ақынның өмiр сүрген ортасы – ел жайы, тұрмыс-тiрлiгi, ата-тегi, сол күндегi саяси-әкiмшiлiк құрылыс пен дала тұрғындарының әлеуметтiк хал-күйi жан-жақты қамтылған. Ауыз әдебиетiнiң көр­нектi өкiлдерi Жаяу Мұса, Бiржан сал, Тәттiмбеттер арқылы ақынды қоршаған мәдени орта көрсетiлсе, Семейге жер аударылып келген саяси қуғындалушылар Е.Михаэлис, Н.Долго­полов, С.Гросс, П.Ло­бановский, Н.Коншин­дер арқылы ақын­ның оқу-ағарту, ғылым жолындағы ұмты­лыстары, ағартушылық тұлғасы таны­лады.
«Абай бейнелеу өнерiнде» деп ата­латын галерея залында ұлы ақынның бей­нелеу және мүсiн өнерiндегi көркем тұлғасы белгiлi қылқалам шеберлерiнiң туындылары арқылы жан-жақты ашыл­ған.
«Алаш арыстары» бөлімі Семейдегі Әли­хан Бөкейханов бастаған қазақ зиялы­ларының еліміздің тәуелсіздігі жолында атқарған қызметімен таныстырады. Алаш Өкіметінің, Алаш арыстарының мемле­кет­тік, қоғамдық, саяси қызметтерін көрсететін материалдар, фотосуреттер, архив деректері қойылған.
Бөлімде Алаш қозғалысы мен Алаш өкіметінің тарихын зерттеген ғалымдардың еңбектері қойылған. Соның ішінде жерлесіміз, тарих ғылымының докторы, академик Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың зерттеулері және Семей мұрағаты әзірлеген құжаттар жинағы орын алды.
«Абай және Семей шаһары» атты тақырыптық көрме залында орналасқан экспонаттар мен фотосуреттер, ақын келiп-кетiп жүрген жылдардағы Семей қала­сының мәдени-рухани тiршiлiгiн көр­сетедi.
«Абай шығармашылығының үш қайнар бұлағы» залы ақын шабытын туғызып, шы­ғармашылығына нәр берiп, сусындатқан қайнар көздермен таныстырады.
«Шығыс залы» – «Масғұт», «Әзiм әңгiм­есi» дастандары негiзiнде, ал «Грек залы» – «Ескендiр» поэмасы сюжетiне лайық­­­тап безендiрiлген. Ортаңғы зал көк күмбездiң астында орналасқан.
Мұражайдағы безендiрiлуi өзгеше тағы бiр зал – ақынның атақты «Жаз» өлеңiне арналған. Онда шебер сипатталған қыр – сахараның жазғы келбетi үлкен панорама болып кескiнделген; ортада алты қанатты ақшаңқай ақ орда. Зал этнографиялық си­патымен көрермендердi қызықтырып, үлкен әсерге бөлейдi.
Шарапат шуағы
«Абайдың ақындық мектебi» экс­позициясы бiр-бiрiмен жалғасқан үш залды алып жатыр. Оларда ақынды қор­шаған ақын шәкiрттерi мен оның шығар­маларынан нәр алып, ақын дәстүрiн жалғастырған талантты ақындар толық қамтылған. Атал­ған экспозиция Абайдың немере iнiсi, аса талантты ақын Шәкәрімге арналған. Келесi зал ақынның дарынды ұлдары мен жақындары жайлы дерек­терiмен молық­қан.
«Абайтану» iлiмiне арналған бөлiм жаңа мазмұнымен ерекшеленедi. Өз за­манында «Алаштың арыстары» атанған, қазақ зиялыларының көш басы болған А.Бай­тұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Қ.Жұбановтар сынды саңлақтардың Абай мұрасы мен ақындығы туралы пiкiрлерi, деректермен толыққан. Екiншi бөлiм М.Әуезовтiң «Абай­­тануға» сiңiрген қыруар еңбегiне арна­лады.
Экспозицияны «Абай – халық жүре­гiнде» деп аталатын зал аяқтайды. Мұндағы деректi материалдар ұлы ақын­ның құр­метiне арналған барлық мерекелер мен айтулы күндердi, апта­лықтарды нақтылап көрсетедi. Абай сыйлығының лауреаттары мен абайтанушы ғалымдар сипаттамасы да осы бөлiмде орналасқан.
«Сыйлықтар» залында мерейтой қар­саңында Қазақстанның түкпiр-түк­пiрiнен, шетелдерден келген сый-тартулар орна­ласқан.
1995 жылы ҚР Президенті Н.Ә.На­зар­­баев мұражайды ресми ашқанда экспозицияның құнды экспонатына ай­налған «Зерде» кітабында өз қолтаң­басын қалдырды. Елбасы өз қолымен табыс еткен сый-жоралғылары да осы залдың төрiнен орын алған.
Мұражай өз қызметін Ғылыми кеңеске сүйеніп жүргізеді.
Бүгінде мұражай штаты 82 адамнан тұрады. Оның 23-і  – ғылыми қызметкер­лер. Олар – жоғары білімді, үлкендерден үлгі-өнегесін жалғастырып келе жатқан мамандар. Мұражайдың ішкі бөлімдері – ғылыми қор бөлімі, ғылыми-зерттеу және экспозициялық бөлім, ғылыми-насихат бөлімі, ғылыми-техникалық бөлім, әкімшілік-басқару, шаруашылық-техникалық бөлімдер. Қазір киелі қара шаңырақтың ұжымы Ұлы ойшылдың 165 жылдық мерейтойы мен мұражайдың 70 жылдығына қызу дайындық үстінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста