«Baby болғым келеді, baby болғым» осылай ән айтар түріміз бар «патилерде»...

«Baby болғым келеді, baby болғым» осылай ән айтар түріміз бар «патилерде»...

Қазақ «айтатын жерде айт­пасаң, сөзің өледі, айтпайтын жер­де айтсаң, өзің өлесің» деп текке ескертпесе керек. Көптен бері көкейде жинала-жинала, бүгінде көмейге өксік болып тығылған бір жағдай бар. Енді айтпасақ, ел-жұрттың құлағы үйренгені былай тұрсын, еті өліп кете ме деген қауіп те жоқ емес. Ол тағы да тіл мәселесі. Ескі жараның аузын тырнауға еріксіз мәжбүрміз...

Бірақ...
Кезінде алғаш қазақты «мәмбет» дей бас­таған кезде өңшең жақсы өре түрегеліп, бас­пасөз шулаушы еді. Ол кезде намыс тірі екен ғой. Ал қазір ол қалыпты құбылыс, ұл­тымыздың бейнебір азан шақырып қой­ған аты секілді болып кеткендей естісек те үндемей отыра бе­­ретін болыппыз. «Қарсы шықсам, өзімді «мәм­­бет» дей ме, тыныш отыра берейін» деп бұғып қаламыз ба, әлде одан да басқа тұр­­мыстың сан мың мә­селесі еңсемізді езіп тас­­тады ма екен, әй­теуір немқұрайды бір мінез пайда бо­лыпты бәрімізде. Әйтпесе әлеу­меттік же­лі­де екі күннің бірінде «дом­быра-party» де­ген сөзді мыңдаған, тіпті елі­міз былай тұр­сын, шекара сыртындағы қа­зақтар бо­лып қаумалап, жарнамалар ма едік? Дом­бы­ра емес, мәселе «party-де» бо­­­лып тұр ғой. Бір адам «ау, қазақтар, par­ty-ің не, кеш деген сөз та­қия­мызға тар кел­ді ме?» де­ді ме? Жоқ, ондайды әзір көр­ме­дім. Ке­рі­сінше, солай болуға тиісті се­кілді жан-жа­қ­тан қаумалай, жамырай жар­на­ма­­лап жат­қаны. Дұрыс қой, дом­быраға де­ген құр­мет шығар, әйтсе де әр сәт сайын қа­зақ­тың бір сөзін осылайша ағыл­шынның жам­­басына жығып бере бер­сек, онда көп ұза­­май қазақ тілінен не қал­мақ? Әлде орыс тілінің үстемдігіне үй­реніп қалған ба­сы­­мыз, енді оның орнын ке­ліп қай тіл бас­са да, бәрібір ме? Әйтеуір қа­зақша бол­ма­са болғаны дейміз бе? Сон­шалық жанымыз ашы­­мастай қайран ті­лі­міз­дің не жазығы бар? Бұл – бір ғана мысал.
Енді бір күні қарасақ, бір фестиваль «Art-дала» болса, «Art-галерея», «Art-алаң», тағысын тағы «Art»-тар қаптап ке­тіп­­ті айналамызда. Ол не қылған Art? Қа­зақ­­тың «өнер» сөзін кім, қай күні, қай са­­­ғат­та, қандай мақсатта Art-қа ай­нал­ды­рып жіберді екен? Және оған кім рұқсат бер­­­ді? Ағылшынның сөзі болған соң тө­бе­міз­ге көтере айтамыз, сән секілді. Әйт­песе қа­зақта да «арт» сөзі жоқ емес, бірақ оның ма­ғынасын өздеріңіз білесіздер, оны ай­ту­дың өзі ұят.
Нandmade дейтін бопты жастар жағы. На­ғыз қолөнермен көз майын тауысқан аға ұрпақ бұл сөзді естісе қандай болар екен? Себебі олар қазақтың колөнерінің не­гізін қалауға, дамытуға, бүгінгі ұрпаққа жет­кізуге терін төкті ғой. Сөйткен ұрпағы ал­ды да оны ағылшыншалап handmade де­ді де шыға келді. Сөзі жат ұрпақтың өзі қазақы болатынына күмән мол. Себебі сөз адамның ішкі ойынан өрбиді емес пе? Ендеше ағылшынша жаппай үйреніп, АҚШ пен Тұманды Альбионға аңсары ауып тұ­ра­тын ұрпақ келіп, орысша ойлайтын орта буын­мен жылап көрісетін күнге де жет­кен­біз бе демеске лаж қалмағандай. Енді олай демей қайтеміз, егер еңбектеген сәбиіміз babylonда ойнап, сүт емес оған milk бер­сек. Ал асыққанда ас емес, fastfood жесек өзі­міз. Сосын артынан көк шай емес, «green tea» қылғытсақ. Бұзылған көлігіне темір-тер­сек іздеген қазақ CAR city-ге барса... Айт­­пақшы, өзіміз қала емес-ау, city-де тұ­ра­ды екенбіз ғой?..
Үндемей шыдайық, қайда барып тоқ­тар екен десек, бұл үрдістің тоқтау былай тұр­сын, үдеп бара жатқан жайы бар. «Бат­п­ан­дап келген аурудың» өзі айналайын бо­лып қалғандай, себебі ол «мысқалдап» бол­са да шығады ғой. Ал бұл аурудан да жа­ман, қаулаған өрт секілді. Күн сайын ма­ңайын шарпып барады, ал біз, ең құ­рығанда, ышқына бір үн шы­ға­руға да жа­рамай өз еркімізбен өртеніп ба­ра­мыз. Күл­ге айналмай жатып, үн шы­ғарып қойсақ қай­теді? Қазір біз өзімізді ба­рынша да­мы­ған күшті ұрпақпыз деп са­наймыз, бірақ... Тіл жағынан өте әлсіз бол­масақ, осынша өзге тілді басқа шауып, төс­ке өрлетер ме едік? Бүгінгінің көзімен қа­рағанда «киіз үй­де туып, екі-үш сы­ныптық қана білім ал­ған» немесе «ме­дре­седе молдадан қаріп таныған» қазақтың қай­та тілдік иммунитеті бізден әлдеқайда мықты болғанын еріксіз мойындаймыз. Себебі біз бүгін самовар емес, самауыр, кро­вать емес, кереует, чай­ник емес, шай­нек дейміз ғой. Тіпті Алек­сан­дар деген славян есімін Ескендір дейтін қа­зақ емей кім? Ендеше сондай дана баба­ла­рымыздың біз бүгін тырнағына да таты­май­мыз десек, жал­ғаны жоқ. Көрші өзбек, қырғыз аға­йын­дарда тарап кеткен бір ке­ке­сін сөз бар бол­са керек, «орыс болам де­сең, алдымен қазақ бол» деген. Ащы да бол­са шындық, біз­дің бір тілді үйренсек, оны сол ұлттан ар­тық меңгеретін бір жа­ғым­сыз міне­зі­міз­дің бары өтірік емес. Сол айт­қандай, енді қа­зір ағылшын болам деген басқа елдер алдымен қазақ бола­тын­дай «дәрежеге» жетіп қалғандаймыз.
Қайран, қазақ осылай кете берсе, hap­py болам деп ойлай ма екен? Қазір ғой, же­­тісіп жүргеніміз, бірақ... «Менің атым Қо­­жада» сынып болып Қожаны жиналысқа са­­лып жатқанда жалғыз ғана Жанардың шыр-пыр болатыны естеріңізде бар ма? Ол «Сендер бәрің мұнда күліп отырсыңдар, ал ан­да Қожа жалғыз өзі жылап тұр» дейтін еді ғой. Сол айтпақшы, біз бәріміздің «бэй­­­биімізден» бастап «патилетіп» жү­рі­сі­міз мынау, ал сонда ана тіліміздің жылап тұр­­­ғаны, ең құрығанда, біріміздің қа­пе­рі­міз­ге кірсе-ші... Әлде бұл «Біржан сал» филь­мінде ашынған Біржан айтпақшы, «Алаштың басынан күн тайғаны ма?» бол­ма­са «қазақ қартайған ба?» Әйтпесе орыс ті­лінен қалған қазақшаның жұрнағын қа­рап тұрып ағылшын сөзіне айырбастар ма едік?!.

P.S.
Қазақтың бір әнінде жігіттің қызға өкпелеп айтатын сөзі бар ғой «оны зор, мені қор санасаң, мейірімсіз соққаны жүректің» деп, тап сол сөзді қазір ана тіліміз әр қазаққа айтып жатқандай. Бірақ соған селт ететін адам аз-ау, бірақ...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста