Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекованың қарым-қатынасы белгілі болды

Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекованың қарым-қатынасы белгілі болды

Күні кеше Баян Алагөзова бұрын орталығында өнер көрсеткен кіл шәкірттерінің басын қосып, челлендж ұйымдастырды деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.
Азулы продюсер тіпті экс-кешьюлік Әуелбековамен де қосыла ән шырқады. Ал Мөлдір дәл қазір үйінде. Барлық іске уақыт тапқан бикеш, балаларға да қарап, ұстазының да көңілін қалдырмапты. Ауласына ағаш отырғызумен де айналысып жүр.

«Құрметті отандастар! Қазір бәріміз үйде жатырмыз. Сіздерді айналымызды гүлдендіруге шақырамын. Ауырмайық. Бұл да бір спорттың түрі деп білемін. Денсаулығымызға өте пайдалы», – деді Мөлдір Әуелбекова.

«Туған жер» әнін бірлесе орындау Бағым Мұхитденованың ұсынысы болған көрінеді.

«Барлығымыз қуана-қуана келістік. Себебі «Туған жер» әні KeshYou тобының репертуарындағы орны ерекше туынды. Екіншілен осындай ара-қатынасымызға сын түскен кезеңде бәріміз бірігіп, ауызбіршілігімізді, отанға деген сүйіспеншілігімізді көрсететін уақыт деп ойлаймыз», – дейді топтың әншісі Балауса Ерғалина.

«Бұған дейін де мұндай бейнежазбалар түсірген әртістер болды. Бірақ мұндай челлендж барша көрерменнің, халықтың көңіл-күйін көтеру мақсатында жасалған. Өйткені қазір бір жерде жиналып бас қоса алмайды. Сондықтан осылай өнер көрсетуге тура келіп тұр», – дейді «Алау» тобының мүшесі Ержан Мұқатаев.

Карантинге байланысты KeshYou тобының да жұмысы тоқтап тұр. Дәл қазіргі таңда қыздар ата-аналарының жанында. Топ мүшелері осындай қиын шақта қазақстандықтарға қолдау білдіріп, пайдалы кеңестерімен барынша бөлісіп жүр.

«Кейінге шегеріп жүрген кітаптарды оқып, кинолрады көріп, онлайн курстарға, тренингтерге жазылып, өзін-өзі дамытуға үлкен бір мүмкіндік болып тұр деп ойлаймын. Өздеріңізге қарайлап жүріңіздер, абайлаңыздар! Сақтық шараларын сақтап, ең бастысы үйде болыңыздар», – деді Балауса Ерғалииа.

Иә, бүгінде карантинді әркім әрқалай өткізуде. Мәселен Баян Мақсатқызы жиі серуенге шықса, Кәмшат Жолдыбаева үй жағдайында спортпен шұғылданып, tiktokқа түрлі бейнеролик түсіріп жүр. Қыздар ұжымының бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбет те Кәмшаттан қалысар емес. Ару бала тәрбиесімен қатар tiktok таспалауға да уақыт тапқан. Ал Жұлдыз Өмірғали тігіншілік өнерін қайта қолға алыпты. Ұл-қызына арнап түрлі киім тігіп, көрпе құрауға да білек сыбана кіріскен. KeshYouдің экс-әншілері Сара Амангелді мен Назым Әбілдиналар әдетте әлеуметтік желіге жұлдызды өмірдің жарқын жақтарын жиі жүктейтін еді. Бүгінде қос бұрымды үй шаруасын атқарып, ас бөлмесінен шықпайтын болған. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста