Баян Алагөзованың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмі Берлин кинофестиваліне қабылданды

Баян Алагөзованың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмі Берлин кинофестиваліне қабылданды

Баян Алагөзованың "Бақыт" атты фильмі 72-ші Берлин кинофестивалінің "Панорама" секциясына қабылданды. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер туралы картинаның әлемдік тұсауы 15 ақпанда кесіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қуанышты хабарды Баян Мақсатқызы өзі жеткізді. 

"Бүгін менің өмірімдегі ең бақытты күндердің бірі. Бірінші жаңалығыммен бөлістім, ал екіншісін мен бүкіл шығармашылық ғұмырымда күттім. Армандар орындалады! "Бақыт" тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмі 72-ші Берлин кинофестивалінің негізгі байқаулық бағдарламасына, "Панорама" секциясы бойынша кірді", - деді Баян Мақсатқызы. 

Фильмге Асқар Ұзабаев режиссерлік еткен. Продюсер 2020 жылы аталған фильмді түсіру үшін краудфандинг (авт.ерікті түрде ақша жинау) жариялаған еді. Алагөзова бұл проблемаға бей-жай қарамай, атсалысқан барша жандарға алғысын білдірді. 

"Осы хикая арқылы еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңды өзгерте алатынымызға сенемін. Мыңдаған әйелдер бақытты бола түседі, ал айналамыздағы әлем жарық әрі мейірімді болады. Бұл картина үлкен команданың күшімен түсірілді, атсалысқан әр адамға алғыс білдіремін. 

Алғашқы авторлық кино және оның тұсауы - Берлиналеде кесіледі. А санатындағы кинофестиваль. Бұл деген өте керемет. Ал қазақстандықтар біздің туындымызды биыл көктемде көре алады", - деді Баян Мақсатқызы. 

Айта кетейік, Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын 2016 жылдан бері көтеріп келеді. Сол жылы продюсер экс-күйеуі Бақытбек Есентаевтың соққысына жығылған болатын. Әйеліне пышақ жарақатын салған Есентаев соттың шешемімен 9 жылға сотталған еді.

Еске сала кетейік, кеше Баян Мақсатқызы әже атанды. Көп ұзамай, продюсер тұңғыш немересімен түскен суретін жариялады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста