Баян Есентаева «Қазақ Аруы-2016» сұлуларына “тым қатал мінез” көрсетті (видео)
Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева өзінің Инстаграмдағы парақшасында “Қазақ Аруы-2016” байқауына дайындықтың қалай жүріп жатқаны туралы бейнежазба жариялады.
“Сұлулардың сиқырлы мерекесі қарсаңындағы қатаң дайындық жүріп жатыр”, – деп жазды продюсер әлеуметтік желіде.
Еске сала кетсек, конкурстың финалында 21 үміткер бақ сынайды. Қатысушылардың ішінде ең кішісі – 16-да болса, ең үлкені – 22 жаста. Қонкурс талабы бойынша қатысушылардың бойы 170 см-ден кем емес, сұлу, қазақ тілін, тарихты және қазақ халқының дәстүрлерін еркін білетін 16-22 жас аралығындағы арулар болуы тиіс.
Дәстүр бойынша финал бірнеше кезеңнен тұрады. Былтырғы жылы “Қазақ Аруы-2015” атағын Қарағанды облысынан келген Кәмшат Қоскелова жеңіп алған еді. Бас жүлдеге ие болған аруға жеңіл көлік пен алтын тәж табыс етіледі.