Баян Мақсатқызы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы үшін 10 мың доллар сұрады

Баян Мақсатқызы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы үшін 10 мың доллар сұрады

Баян Алагөзова Қазақстанда еңбек сіңірген қайреткері атағын алғандардың бәрі өз еңбегімен жеткен адамдар емес деген ойын айтты. Продюсер жауапты адамдардың жыл сайын осы атақты ақшаға сатып алуын сұрайтынын жасырмады. Алайда ол атаққа ақшамен емес, әділдікпен жетпек  деп хабарлайды kznews.kz.

 

Бұл туралы Баян Мақсатқызы Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

 

“Жанар Дұғалова Türkvizyon – 2014 ән байқауын жеңіп алған соң,  Қазақстанда еңбек сіңірген қайреткер атағын алды. Сенде әлі ондай атақ жоқ. Сенің емес, сенің шәкіртіңе осылай құрмет көрсеткеніне ренжімедің бе? Бізде Мәке, Сәке, Бәкенің көмегімен бәрінің шешілетінін өзің де білесің”, – деп сұрады Динара Сәтжан.

 

Баян ханым Қазақстанда атақтың өзі ақшаға сатылатынын мойындады.

 

“Жоқ, мен бұндайға назар аудармаймын. Мен “Егер сенде бірнәрсе жоқ болса, сен оған әлі лайық емессің” деген ұстаныммен өмір сүремін. Жанар алды, соған лайық болған шығар. Мен алмадым, мен оған лайық болмаған шығармын. Ол үшін кімге ренжимін. Мен бұл атақтың қалай келетінін білемін. Себебі жыл сайын менен 10 мың доллар ақша сұрайды. Бастапқыда 10 мың доллар болатын. Қазір 5 мың доллар екен. Солай атақты болып шыға келесің. Мен 20 жыл осы салада жұмыс істедім. Сөйте тұра мен оларға ақша беруім керек екен. Менде 5 мың да, 10 мың доллар да бар. Бірақ мен оны ешқашан сатып алмаймын. Маған ақшаға келген атақ керек емес. Мен оны әділ жолмен аламын. Сатып алғандардың бәрі өз ішінен оған лайық емес екенін біледі. Біреуі сатып алады, бірі жалынып, аяғына жығылып, не таныстар арқылы келісіп алады. Маған ондайдың бірі де керек емес”, – деді Мақсатқызы.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста