Байқадамовтар әулеті жайлы баян

Байқадамовтар әулеті жайлы баян

Таяуда ҚР Ұлттық кітапханасында «Байқадамовтар әулеті» атты кітап оқырман назарына ұсынылды. «Әдеби мемуарлар» сериясымен жарық көрген деректі баянның авторы – белгілі қоғам қайраткері, зиялы тұлға Байқадам Қаралдиннің қызы Күнімжан Байқадамова. Кітапқа арқау болған әулеттің тарихы мен тағдыры қазақ тарихымен біте қайнасып жатыр.

Белгілі лингвист, филолог Күнімжан Байқадамова ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қызмет етті. Консерваторияның тілдер кафедрасында жарты ғасырдан астам уақыт еңбек еткен К.Байқадамова он жылдай кафедра меңгерушісі болды. Зейнетке шыққаннан кейін Күнімжан апай өз әулетінің көппарақты отбасылық шежіресіне ден қойып, «Байқадамовтар әулеті» жайлы кітап жазып шықты. Бүгінде 85 жасқа келген Күнімжан Байқадамова кітабында өз әулетінен шыққан белгілі адамдар жайлы естеліктер жазыпты.

Автордың әкесі Байқадам Қаралдин – саяси репрессия жылдары құрбан болған Алаш азаматтарының бірі. Ол – Қазақстанның мемлекеттік құрылыс саласында үлкен еңбек сіңірген қайраткер. Байқадам Қаралдиннің ұл-қыздары қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосты. Қызы Айсұлу – белгілі опера әншісі, екінші қызы Данабике – алғашқы қазақ стенографисі, ал ұлы Бақытжан – атақты музыкант, сазгер, Мемлекеттік хор капелласының негізін қалаушылардың бірі. Бақытжан Байқадамұлының жұбайы Валентина Ивановна – даңқты генерал Панфиловтың қызы. Кітаптағы әрбір отбасы мүшесі жайлы жазылған дерек өзінше қызықты.

Кітаптың «Тарихи тұлғалар» деп аталатын үлкен бір тарауы Ахмет Байтұрсынов, Әліби Жангелдин, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы, Ілияс Есенберлин, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұлова секілді белгілі тұлғаларға арналған. Сондай-ақ аталмыш еңбекте Бақытжан Байқадамұлының мұрағат құжаттары, рецензиялары, очерктері және оның музыкалық шығармаларының СD жинағы қамтылған.

Кітаптың тұсаукесеріне зиялы қауым, өнер қайраткерлері қатысты. Күнімжан Байқадамованың аталмыш еңбегінің жай-жапсары туралы кітаптың редакторы Гүлжаһан Жұмабердіқызы жан-жақты әңгімелеп берді. Сондай-ақ жиын барысында Күнімжан апайдың шәкірті, бүгінде ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мырза сөз сөйлеп, Байқадамовтар әулетінің ұрпақтары жайлы әсерлі баяндама жасады. Кеш соңында белгілі сазгер Бақытжан Байқадамовтың жеке дауысқа және хорға арналған шығармалары орындалды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста