Байқаулар шын жүйріктің бағасын өсіре ме, түсіре ме?

Байқаулар шын жүйріктің бағасын өсіре ме, түсіре ме?

Соңғы уақытта конкурс өткізу сәнге айналды. Айтулы мерекелерге орай белді, беделді ұйымдардың ұйымдастыратын бәсекелі сындары өз алдына, қазір әр сала, ірілі-ұсақты әр мекеме, тіпті жекелеген адамдар да әдебиет, өнер, жалпы, мәдениет саласына қатысты бәйге жариялауды жиілетті. Аталған сала өкілдерін сәл де болса ынталандыруға себепкер болатындығын ескерсек, бұл, бір жағынан, өте құптарлық та, қуанарлық та жағдай. Бірақ дүркіреген атымен дүйім жұртты дүрліктіретін сол конкурстар, бәйгелер қалай өткізіліп жүр?
Бізге белгілісі, қайсы конкурстың да нақ­­ты шарттары, жеңімпаздарға берілетін жүлде мөлшері алдын ала жария болады. Қа­тысушылар соған барын салып ты­ры­са­ды, жұмыстарын жібереді, үміттеніп кү­теді. Нәтижесінде сенімдері ақтала бер­мей­ді. Не жүлдесі, анау айтқандай, қомақты бол­май шығады, не бір жүлдені бірнеше адам­­ға бөліп, әрқайсысына мардымсыз тиын-тебен ұсынады, кейде тіпті «бас жүл­деге лайықты туынды болмады» деген сы­ңай­­лас себеп айтылады. Алайда бұл се­беп­тен гөрі жалтаруға көбірек ұқсайды. Өйт­­кені қанша жерден талап жоғары бол­ғанымен, сарапқа салынған шы­ғар­ма­лар­дың бірінің ілгері, бірінің кейін болатыны заң­ды. Сондықтан осы жағдайларды есеп­ке ала отырып, уәделі жүлделерді қалайда тағайындаған абзал.
Конкурстарға қатысты тағы бір мәселе – «қай жерде қандай конкурс өтіп жатыр?», «кім қандай бәйге жариялады?» деп үнемі құлағын тігіп жүретіндер немесе кездейсоқ естіп қалатындар болмаса, жұрттың дені оның қашан өтіп, қашан жарияланғанын біле де бермейді. Тиісті мәдениет, өнер мекемелері өз саласының қайраткерлерін бәйгелер, конкурстар жөнінде үздіксіз хабардар етіп отыруды қажет санамайды.
Жалпы, конкурстың ұйымдастырылуы тұрғысынан айтқанда, көңілге қонбайтын бірқатар жайттар бар. Мысалы, қай бәйгеге болсын үміткер өзін-өзі ұсынып, тиісті шы­ғармаларын, кей жағдайда әлдебір ме­ке­ме­лердің, құзыретті орындардың ке­піл­де­мелерін ұйымдастырушыларға өзі жинап тап­сырып, әбігерге түседі. Яғни баз бір бәйгеге қатысып, бақ сынап көру үшін де адам­ға еп керек. Бірақ елдің бәрі бірдей пы­сық, бәрі бірдей епті емес. Мұндай тір­лікті тіпті ар санайтындар да жетіп-ар­ты­лады. Бірақ олардың ел ішінде елеусіз жү­ріп-ақ үлкен іс тындыруы және олардың ту­ғызған дүниелері әлдебір байқауда жүл­де алған шығармаларды он орайтындай са­пада болуы әбден мүмкін. Дегенмен бай­қауға қатысқандармен бақталас бола ал­мағаны үшін ғана оларды ешкім көр­мей­ді, ешкім бағаламайды. Сондықтан бәй­ге шартына лайық дүниелерді баз бір бай­қауды ұйымдастырушылардың өздері ірік­теп, сұрыптағаны дұрыс болар еді. Күні бү­гінге дейінгі қай байқауда болсын әділ­қа­зылар алқасы дегендер алдына келіп түскен жұмыстарды ғана саралап, сал­мақ­таған болады. Сөйтіп, өздері айтып жүр­гендей, «лайықты шығармаларды анықтау қиынға түсіп жатады». «Біреудің өзі жақсы, біреудің көзі жақсы» дегендей, мұндайда көңілжықпастыққа жол берілетіні де өтірік емес. Сол үшін байқауларды өткізу тәр­ті­біне, ережесіне өзгеріс керек-ақ. Мы­салы, ол әдебиеттің нақты бір жанрына байла­ныс­ты конкурс болса, «белгілі бір уақыт ара­лығында сол бағытта кім не жазды жә­не оның мән-маңызы қандай, артықшы­лы­ғы неде, оқырманға не берді?» деген мә­селе бойынша конкурстық ко­мис­сия арнайы жұмыс жүргізсе, сөйтіп, шы­на­йы үздіктерді дербес түрде анықтаса, әл­деқайда әділетті болар еді.
Талантты актер Бекжан Тұрыс қайсыбір жылы «Дарын» сыйлығын алғанда «қалай­ша?» деп таңғалыпты. Себебі өз аяғымен барып ешкімге ешқандай өтініш айтпаған, құжат тапсырмаған. Сөйтсе, бұл – театрда өзімен бірге қызмет етіп жүрген Дулыға Ақмолда сияқты әріптестерінің Бекжанға білдірмей істеген тірлігі екен. Яғни достарының дара дарынын, қазақ өнеріне сіңірген азды-көпті еңбегін лайықты ба­ғалаған олар қажетті құжаттардың бәрін сырттай жиыстырып, өздері тапсырған. Міне, нағыз азаматтық іс. Сол жолы Бекжан үшін ең үлкен жеңіс, ең басты сый – «Дарынды» алғаны емес, жанындағы әріп­тестерінің ақ адал көңілі мен өнерін баға­ла­ғаны болғаны анық. Алайда мұндай жағ­дай некен-саяқ кездеседі. «Балапан ба­сымен, тұрымтай тұсымен» күн ке­ше­тіндей заман демейміз. Бірақ көп жағдайда әркім өз қамын күйттеуден аса алмай қа­ла­тыны бар.

Сөз арасындағы сыр
... Осы орайда мына бір әңгіме ойға оралады. «Күш атасы» ретінде даңқы төрткүл дүниеге жайылған Қажымұқан өмірінің соңғы жылдарында торығып, қоңыр төбел күй кешіпті. Ресми орындар палуанның өтініш-тілегіне қатысты шаруаларды бір-біріне сілтеп, сөзбұйдаға сала беріпті. Сөйтіп жүргенде әлдекім:
– Сізді бүкіл дүниежүзі таныды. Кезінде палуандық жолда жүргенде қолыңызға қаншама қаражат түсті! Сіз соның бәрін жетім-жесірлерге, ғаріп-ғасірлерге үлестіріп жібердіңіз. Соғыс жылдары жеке қаражат жинап, ұшақ жасаттыңыз. Сол байлық бүгінгі қартайған шағыңызға жетпегеніне өкінбейсіз бе? – деп шамына тиген көрінеді. Ашуға іштей булыға тұра, сезімін сабырға жеңдірген Қажекең сонда:
– Мен еліме жасаған қызметімді бұлдаған емеспін. Өнерімді көрген халқым сені емес, мені мәңгі есінде сақтайды. Оның рас, мен бүкіл өмірімді халқыма арнадым. Тумысымнан қара бастың қамын ойлаған адам емеспін. Әлі де сондаймын. «Көппен көрген – ұлы той», не көрсем де елмен бірге көремін, – дейді. Сосын осы ойын өлеңмен жалғастырып:
Қиналсам да қайыспаймын,
Қиындыққа майыспаймын.
Қажы Мұқан атым барда –
Сендейлермен алыспаймын,
Намыс пенен ар ұстаймын,
– деп орнынан тұра беріпті...
Бір анығы, арлы адам ел игілігі үшін сіңірген азды-көпті еңбегін еш уақытта бұлдамайды. Бірақ кімнің кім екенін халық бәрібір біледі. Түптің түбінде жұрттың есінде кімнің қандай атақ алғаны, қандай байқаудан қандай жүл­де иеленгені емес, еліне не бергені, не тындырғаны ғана қалады. Қажы­мұқан атамыз айтпақшы, «бүкіл өмірін халқына арнаған», «тумысынан қара басын ойламаған», «не көрсе де көппен бірге көретін» адал адамдарды ел мәңгі есінде сақтайды...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста