Байтанаев оқулары өтті

Байтанаев оқулары өтті

Жуырда белгілі ғалым, «Абай жолы» роман-эпопеясының  зерттеушісі, «Шын шеберлік» атты монументалды монографиямен қатар басқа да еңбектердің авторы Әбіш Байтанаевтың ғұмыры мен еңбектеріне арналған Байтанаев оқулары өтті.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік пе­да­го­гикалық институты ғимаратында ға­лым­ды еске алып, оның өнегелі өмірін кейінгі ұр­паққа үлгі ету мақсатында өткізілген ша­ра барысында Байтанаев ұрпақтары ға­лым­ның 1мың дана кітабын институт кітап­ха­насына тарту етіп, Байтанаев атындағы дәрісхананың  ашылу рәсіміне қатысты.  Ол кабинетке ғалымның тұрмыста қолданған зат­тары, еңбектері, кітаптары қойылды.  Әбіш Байтанаев ұстаздық еңбегінің  бір па­расын ұдайы ғылыммен ұштастырып отыр­ған. Нәтижесінде 1956 жылы «Жамбыл Жа­баевтың ақындық өнері» деген тақы­рыпта кандидаттық диссертация қорғаса, 1971 жылы «М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын жазудағы шеберлігі» тақырыбы аясында докторлық диссертация қорғаған. «Шын шеберлік», «Абай жолы» эпопеясының образдар жүйесі», «Абай жолы» айшықтары», «Әдебиет теориясын орта мектептерде оқыту» және Саттар Еру­баев, Жамбыл Жабаев  жайында ғылыми еңбектер жазған.
Бұл күні саналы ғұмырын білім жолына ар­на­ған ұлағатты ұстаздың еңбектері негізінде  «Про­фессор Әбіш Байтанаев және Әуезов әле­мі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Бай­танаев оқулары республикалық білім беру ке­ңістігіне қазіргі кезеңдегі педагог ма­ман­дар­ды даярлау үрдісін интеграциялау мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  Конференцияда педагог  мамандардың бүгінгі білімі мен біліктілігі әңгіме арқауына өзек болды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста