«Бәйтерек» балетке айналды

«Бәйтерек» балетке айналды

Астанада ұлттық ән өнері та­ри­­­хындағы алғашқы музы­ка­лық сахналық балет қойылымы жұрт­шылық наза­рына ұсынылды. «Бәй­терек» деп аталған бұл қо­йы­лымның премьерасы ел­ордада Тәуелсіздік күні мерекесімен орайлас өтті. Екі актілі музыкалық сах­на­лық туындының тұң­ғыш қо­йылымын көрген тал­ға­мы жоғары елордалық өнер­­сүйер қауым әлемдік ба­лет жау­һар­ларының өре­лі та­лаптарына сай де­ген ба­ға­сын да беріп отыр. Бей­бітшілік пен ке­лісім са­рай­ында тұсауы кесілген ту­ын­­дының премьерасын мәде­ниет ми­­нистрі Мұхтар Құл-Мұхаммед те тамашалады.
Екі актілі қойылымның жалпы маз­мұ­ны­на келетін болсақ, балет бүгінгі заманғы шына­йы өмірді қаузап, шабытқа шала мас ке­йі­п­кер мүсіншінің бір үзік өмірінен сыр шер­теді. Қазақстанда тұратын мүсінші үлкен күй­­зелісті басынан кешіріп жүреді. Мұндайда ал­дымен оның қиялына бейне бір көне заман кейіп­керлері – аңыз құсы Самұрық пен өмір ағашы Бәй­терек һәм оны қоршай күзетіп тұрған жауын­герлер орала береді. Осының әсерінен арыла ал­маған мүсінші ойынан кетпеген көріністі өз туын­дысына айналдырмаққа ұмтылады. Алайда жолы болмай, көптеген кедергіге ұрынады. Со­дан бір жағынан ессіз тобырдың зор­лығынан қа­шып, екінші жағынан ұлы шабытын іздеп, жа­һанды кезуге бел буады. Осындай күйзелістің бәрін­де оған тек қиялында көрген Самұрық құс қана рухани дем беретін тәрізді. Сондай жа­бық­қан кейіппен әлемді шарлаған мүсінші бі­ресе Испаниядан бірақ шықса, енді бірде араб елін­де, тағы бірде Үндістанда шабыт қуып, сол құ­діретті ауыздықтап қана бақытына жетуді аңсай­ды. Бірақ жер жүзін, бүкіл әлемді шарлап шы­ғып, дүниенің ешқандай бұрышынан іздеге­нін жолықтыра алмайды. Есесіне өзі болған жер­дің барлығынан ата-бабасының мә­де­ни мұра­ларын танып, көз көрген ұлы даланың көне ескерткіштерінен нәр алып, сондай ұлы сабақтастық арқылы туған даласына аңсары қайта ауады.
Осылайша, мүсінші өз қиял-ар­манынан туған шын­дықты тек өз Отанынан, туған даласынан ғана табады. Басқа еш жерде жоқ бұндай бақыт. Елге, елордаға оралған ол жас құры­лысшылардың күн сайын әсем ғимаратты дүниеге келтіріп жатқанының куәсі болып, қиялындағы Бәйтеректің – өмір ағашының келешекке қол созғанын көзбен көреді. Әлемді шарлап, түк таппа­ған мүсінші ақыры нағыз бақытты жаңа қаладан – елордадан табады. Қол жетпестей болған қиялындағы барлық дүниесі жасампаз астанада дүниеге келіп жатады. Қалықтай көтерілген балеттің шегі осылайша шарықтай келіп, тәнтілетіп аяқталады.
Өнертанушы мамандар жаңадан жұрт­шылыққа жол ашқан, тұсауы кеше кесілген «Бәйтерек» балетін жанр, стилистика, хореография, пластика, интоннация, ырғақ, оркестр, сценография жағынан мейлінше күрделі туындыға балайды. Қо­йылымның түгелдей шығармашылық һәм ұйымдастырушылық жұмыстары К.Бай­сейітова атындағы ұлттық опера жә­не балет театрының өз күшімен, өнер труп­пасымен атқарылған. Музыкасын қазіргі күні Канаданың Ванкуверінде тұрып жат­қан, композитор Ғ.Жұбанованың  шәкірт­і Әділ Бестібаев жазыпты. «Негізі, «Бәй­терек» туындысы туралы ой Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен былтырғы жылы жүзеге асқан «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық байқауға орай туып еді. Шешім қабылдағанда да ең алдымен бүгінгі заманғы шынайы өмірімізді көрсеткім келді. Ал бүгінгі өмірді өткен тарихсыз елестету еш мүмкін емес. Кез келген жаңа мемлекет өзінің ежелгі тарихынан тәлім алуы шарт. Осындай ел тарихын сығымдап, жинақтап отырып, балеттегі басты кейіпкер болатын мүсіншінің ішкі күйзелісінен соны аңғартқым келді», – дейді қойылымның музыкасын жаз­ған дарынды композитор, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Әділ Бестібаев. Әйтсе де, қазір елден жыраққа кетіп, канадалық болып жүрген жерлесіміз Ә.Бестібаевтың тағдыры да өз шығармасындағы кейіпкер мүсіншінің тағдырына әбден ұқсас секілді. Ол да бір кездері шабыт іздеп шалғайға кеткенімен, ата жұртынан еш алыстамағанын да аңғартты. Әңгіме барысында тарихқа үңіліп, тағылымдылықты білдіргені — со­ның айғағы іспеттес. Ендеше, дарынды ком­позитордың ұлы далаға қайта оралатын кезі де алыс емес деп топшылауға келетін тәрізді. Бұған да себеп жоқ емес. Өйткені соңғы жылдары опера мен балет секілді талғамды өнерге елдің де, мемлекеттік көзқарастың да бетбұрысы тәуір. Бұл ретте ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында алдағы уақытта дүйім жұртқа танылған шетел мэтрлерін қазақстандық сахналарға шақыртумен қатар, өзіміздің жас өрендерді, таланттарды әлемнің байтақ сахналарына шығарып, қабілетін шыңдауға ерекше көңіл бөлу қажеттігін міндет қып жүктеген болатын. Бұдан бөлек, Елбасы бүгінгі заман психологиясын ашатын тың шығармалар жазу керектігіне де аса мән берген еді. Ал кешегі күні ғана тұсауы кесіліп, өнерсүйер қауымды «сүйінші» сезімге бөлеген «Бәйтерек» балеті де осынд­ай бастамадан туындаған шығарма екендігі анық. Айтпақшы, Елбасының Жолдауынан кейін Мәдениет министрлігінің қолдауымен былтырғы жылы «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық байқау өткені белгілі. Бүгінгі күні жұртшылыққа жол тартқан «Бәйтеректің» де әлгі байқау­мен байланысы баршылық. Өйткені был­тырғы байқаудан кейін-ақ министр Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі драма, опера және балет театрларының репертуар­ларын жаңа туындылармен, отандық автор­лардың озық шығармаларымен толық­тыру мақсатын қолға алған болатын. Сонымен қатар 1986 жыл мен 2006 жыл аралығындағы 20 жылда қазақ сахнасында бірде-бір опера және балет туындысы жазылмаған екен. Осы тұрғыдан кел­генде, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының директоры Төлеубек Әлпиев соңғы жылдары опера мен балет өнерінде тың серпілістің қар­қынын ерекше бағалап отыр. «Әрине, біздің театрымыздың репертуарында көп­теген шығармалар баршылық. Алайда олардың дені 50-60 жыл бұрын дүниеге келген шығармалар ғой. Мәдениет ми­нистр­лігінің бүгінгі қолға алып, қолдау білдіріп жатқаны — заманымызға, елдігіміздің тарихи тақырыбына сай шығармаларды дүниеге келтіру. Бұл – ұлы жұмыс. Сол мақ­сатпен Тәуелсіздік күнінде «Бәйтеректі» қойып, тұсауын кесіп жатырмыз», – дейді Т.Әлпиев.
Туындының музыкасын Канадада тұ­ра­тын жерлесіміз Әділ Бестібаев жаз­са, қою­шы-балетмейстері Санкт-Петер­бор­дың Римский Корсаков атындағы опе­ра және балет театрының бас балет­мейс­тері Давид Авдыш, қоюшы дирижері Айдар Абжаханов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста