Балалар ғаламтордан не іздейді?

Балалар ғаламтордан не іздейді?

Қазіргі кезең – ғылым мен техниканың қарыштап дамыған уақыты. Сонымен қатар ғаламтор атты «құдіреттің» билеген дәуірі деуге де болады. Еліміздегі орта мектептердің барлығы дерлік интернет желісіне қосылғанын ескерсек, ғаламторға деген қолжетімділік жоғары деңгейде екеніне көзіміз жетеді. Әрине, жақсы-ақ. Балалар мен жеткіншектер интернет арқылы ақпараттық ресурстарға қол жеткізіп, білімін жетілдіру мүмкіндігіне ие. Алайда «Айдың арғы бетіндегі» зиянды жақтары ұшан-теңіз.
Психолог мамандардың пікіріне құлақ ассақ, пікіріміз осыған пара-пар келеді. Олардың айтуынша, кейінгі кездері өткір тұрған отбасы мәселелерінің бірі – баланың интернетке тәуелділігі. Кеңес дәуірінде жеткіншектерге арналған түрлі тегін үйірмелер мен аула клубтарының орнын компьютер клубтары басқалы қашан. Кейбір ата-ана баласының бос уақытында компьютерлік клубтарға баруына қарсы емес. Тіпті әр үй интернет желісіне қосылып та алған. Дәрігерлер мен психолог мамандардың жан айқайы түптің түбінде баланың «нашақорлық» сияқты бұл тәуелділіктен де арылуына мезгілдің кеш болатынын ескертеді. Зерттеу қорытындылары бойынша, қала балалары түрлі жиіліктегі интернетті жиі қолданады. Қалада интернетті пайдаланушылар ауылға қарағанда біршама көп.
Бірақ мониторға телміріп отырған бала ғаламтордан не іздейді, осы жөніндегі пікірлерге назар салсақ:
Астра ВАН, Павлодар облыстық көз аурулары бөлімінің меңгерушісі, офтальмолог-дәрігер:
– Өкініштісі сол, қоғамымызда бала денсаулығына селқос қарайтын­дар көп. «Партада дұрыс отыр!», «Көзге жиі жаттығу жаса!» деп дәрігерлер мен мұғалімдер ғана емес, үйдегі ата-аналар да ескертіп отыруы қажет. Баланың көзі алыстан немесе жақыннан дұрыс көрмейтін болса, бұған салғырт қарамаған жөн. Ал ғаламтордағы «құндылықтар» баланың бойындағы ашушаңдық сынды мінез-құлықты қалыптастырып, көз денсаулығын ғана емес, физиологиялық-психологиялық тұрғыдан дамуына да кері әсерін тигізері сөзсіз. Кейде балалардың екі көзі  бейнені екі түрлі қабылдауы мүмкін. Мұндай кезде жүйелі  ем жүргіз­бесе, ауру асқынып кетуі мүмкін.

Нұрлығайын ЕЛЕУСІЗҚЫЗЫ, ауыл мектебінің мұғалімі:
– Жалпы, ауылдық жерлердегі мектептердің барлығы ғаламтормен қамтылған. Бір «әттеген-айы» жылдам­дық өте нашар. Мүмкін, бұл жақсы да шығар. Қарап отырсақ, ғаламтор оқушылардың бойында жалқаулықты өрбітеді. Үй тапсырмасын берсең, интернетке шұқшиып, жауабын содан табуға әуестеніп алған. Кітап, баспасөз құралдары сынды ақпарат көздері екін­ші орынға түсіп алады. Олар интер­неттің көмегіне осылайша жүгінеді. Алайда кейбір жеткіншектер әлеуметтік желілердің құлдарына айналып, бос уақытын соған жұмсайды. Интернетті басқа адамдармен танысып, бос әңгіме құруға жұмсайды. Ал ғаламтор арқылы ақпарат жинау, онлайн жүйесіндегі курстардан білім алатындары некен-саяқ. Бұл тұрғыда балаларымызды интер­нет-тәрбиеге баулыған абзал.

Ғанибек ЕСІМХАНОВ, 7-сынып оқушысы:
– Ата-анам интернетке кіру үшін шағын модем сатып алып берген. Күн­делікті ғаламторды емін-еркін пайда­ланамын. Ешкім шектемейді. Сабаққа берілген тапсырмаларды кітапхана­ларда отырып орындағанның орнына ғаламтордан жылдам тауып аламын. Осы мақсатта интернеттің пайдасы мол. Ал сабақтан тыс уақытымда интер­нет-ойындарды ойнаймын. Сонымен қатар «м-агент» ақпарат алмасу ресурсы арқылы достарыммен әңгімелесемін. «Мой мир» әлеуметтік желісінде көп отырамын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста