Балалар қатыгез болып барады

Балалар қатыгез болып барады

Қазақстан қалаларында дәл қазіргі кезде көрсетіліп жатқан балаларға арналған анимациялық және кино көрсетілімдерінің негізгі тізбегі төменгідей екен: «Монстры против пришельцев», «Ведьмина гора», «Игорь», «Сорванцы из Тимпельбаха» секілді батыстық үлгідегі, қазақ баласының психологиясына қарама-қайшы түсірілген фильмдер. Әрине, техниканың заманауи жетістіктерін пайдалана отырып түсірілген бұл көрсетілімдерге балалар көптеп барып, тамашалап жатқаны даусыз.
Батыстың осынау атынан-ақ мазмұны қандай бағытта екені белгілі фильмдерін бүгінгі күні балалар бір жағынан мәж­бүрлікпен көреді. Өйткені балаларға арналған отандық кино, анимациялық өнімдеріміз көрермендерін әлі қуанта алмай отыр. Сөйтіп, еріксіз шетел «шедеврлеріне» телмірген болашағымыз – балалар ондағы кейіпкерлердің қы­лық­тарын жаттап, саналарына сіңіруде. Күн өткен сайын бала сезімін улап қана емес, ұлттық салт-дәстүріміз бен қа­за­қи тәрбиеден ал­шақ­татып жатырмыз.
Ал жоғарыдағы фильмдердің мағы­насы адам миын шар­­шатып, көңілін те­­ріс бағытқа итер­ме­­лейтіні анық. Өң­кей ке­лімсектер мен адам шошырлық өзге пла­неталық қор­қы­ныш­ты бейнелерден құралған фильмдер бала психо­логиясы­на қандай әсер бе­­­ріп жат­қа­нын ой­­ла­­саң жа­ның түр­ші­геді. «Сор­ван­цы из Тимпельбаха» фильмі­нің маз­мұны – кішкене ғана қа­ла­шықта ба­ла­лар бұзықтықтың сан алуан түрлерін жасап, өзге балаларды қорлау секілді қылықтарынан құрал­ған, ең сорақысы – олар өз ата-ана­ла­рына да дәл осы бұ­зықтықты жа­сай­ды. Кинотеатрларымыз, әсіресе ба­ла­лар көр­сетілімдерін таңда­ғанда жауап­кер­шілік, мәдениет, тәрбиеге көңіл бө­луді ойлап несіне бас қатырсын, бар мақсат­тары – тек қаржы табу мәсе­лесі.
Кеңес заманында тәрбиелендік, ба­ла күнімізде көбіне Ресей өнімдерін та­ма­ша­лағанның өзінде қатыгездік пен аз­ғын­дық, мейірімсіздік пен жан түр­шігерлік оқиғалары арқау болған кино, анимациялық фильмдер теледидарда көрсетілмейтін. Қайта адамгершілік, адал достық, ата-анаға, бауырға деген қам­қорлық насихатталып, жаман, теріс пиғыл­дағы кейіпкерлер оқиға соңында жа­заланатын еді. 
Ал балаға 10-12 жасқа дейін қандай бағытта тәрбие берілсе, өмір бойы, тұрмыс-тіршілігі мен ұстанымының негізі сол бағытта болатыны белгілі. Бүлдір­шін­деріміздің, жас ұрпағымыздың бойына нені сіңіріп жатқанына көзімізді тарс жұ­мып қашанғы отыра бермекпіз? Қазіргі кезде жасөспірімдер, мектеп оқушылары арасында қылмыс санының арта түсуінің бір ұшы осыған келіп тірелері сөзсіз. Теле­дидардағы өнімдерді сараласақ та ба­лаларға арналып қазақшаланып көр­сетіліп жатқан анимациялық фильм­дердің ұлттық тәрбиемізге қарама-қайшы екенін аңғарасың.
Осы бағытта жұмыс істемесек, тіпті кеш қалуымыз ғажап емес.

Тамызық
Кабельді теледидардан көрсетіліп жатқан анима­ция­лық фильмдер қазіргі күні ата-аналардың уайымына айналды. Қазіргінің балалары сол анимациялық фильм­дерді сағат бойы тапжылмай көруге бар. Әке-шешесіне тек соны қосып беруін талап етеді. Оған компьютер ойындарын қосыңыз. Осыдан барып балаларымыздың бойына өз қолымызбен қатыгездік пен жауыздықтың дәнін егіп қана қоймай, оның алғашқы жемістерін көріп отырған жайымыз бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста