«Балапан» 1-ге толды

«Балапан» 1-ге толды

Осыдан тура бір жыл бұрын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет бүлдіршіндерге арналған, таза мемлекеттік тілде хабар тарататын «Балапан» телеарнасы тұсауын кескен болатын. Осы уақытқа дейін отандық ақпарат кеңістігінде балаларға арналған жекелеген бағдарламалар әр тұстан эфирге шығып тұрғанымен, қазақ баласына көзайым болатындай жеке телеарна болған емес.
Алты Алашқа сауын айтылып, «Бала­панның» тұсауы кесілгенде бөркімізді аспанға атып қуанғанымыз рас. Әйтсе де мұның бағыты қалай болар екен деп, жаңа жобаға күмәнмен қарағандар да болды. Бірақ «Балапан» аяғын  шалыс басқан жоқ. Біз бүгін жұмысына білікті мамандар тартылған, бағдарламалар сипаты жөнімен жолға қойылып келе жатқан арна ұжымы­ның жемісті еңбегінің алғашқы нәтижелерін де көре бастадық.
Мемлекет басшысының арнайы тап­сырмасымен «Қазақстан» ұлттық арнасы­ның негізінде ашылған бұл арна аз ғана уақыт ішінде миллиондаған аудиторияны өзіне тарта білді. Қазіргі уақытта «Балапан» ұсынған бағдарламаларды еліміздің барлық аймағында кабельдік желі арқылы көруге болады. Бұған қоса жаңа арнаны он-лайн режимінде интернеттен (balapan.kaztrk.kz) тікелей тамашалауға  да мүмкін­дік бар. Дегенмен жер серігімен байланыс орнатуға әрі интернетке қосылуға кез келгеннің жағдайы келе бермесі анық. Егер де «Балапан» арнасы «Қазақстан», «Хабар» сияқты қолжетімді желі  арқылы тарайтын болса, еліміздің шалғай өңірлерінде  тұратын бүлдіршіндер бұл игіліктен қалыс қалмас еді. Арна басшылығы бұл мәселе­лердің алдағы уақытта кезең-кезеңімен өз шешімін табатынын айтып отыр. Жуырда «Балапанды» қанатының астына алып отырған «Қазақстан» арнасы да толығымен мемлекеттік тілге көшті. Бұл – әрине, Тәуел­сіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында атқарылып жатқан игі істердің бір парасы ғана.

              «Бауырсақ» бағдарламасы
Аяғын енді-енді тәй-тәй басып келе жатқан арна бір жылдың ішінде көрермен назарына өз тарапынан 12 бағдарлама, бір мультипликациялық сериал   ұсына ал­ды. Атап айтсақ, бүлдіршіндерді шыны­ғуға шақырған «Алақай, балақай!», «Толағай», тәтті ұйқыға жетелеген «Айжұлдыз»,  білімнің  есігін қақтырған «Әліппе»,  қиялға қанат бітірген «Шеберхана», танымды арттырған «Кел, ойнайық!», «Еркетай», көңіл пернелерін басқан «Ән салайық!», «Айгөлек»  бағдарламалары мен  ғаламның ғажайып сырларын ашқан, 200 сериялы «Ғажайыпстанға саяхат» мульттоптамасы – «Балапан» телеарнасының отандық ақпарат кеңістігіндегі өзіндік  беталысын таныта алатын дүниелер. Арна жаңа мау­сы­мында талғамшыл жас көрерменнің тамы­рын дөп басқан хабарлар ұсынуымен ерекшеленді. Нарық заңдылықтарын сара­лаған «Санамақ»,  ойнай жүріп ойлан­дыр­ған  «Жүзден жүйрік», тағамның пай­далы­сын дәріптеген «Бауырсақ» бағдарлама­лары бүгінгі қазақ баласын танымдық си­патта тәрбиелеуде үлкен рөл атқара баста­ды.
Қызықты әрі танымдық сипаты мол «Балапан» телеарнасы­ның жетекшісі – белгілі журналист Жанар Шәмел.  Жас та болса, үлкен істерге ұйытқы болып жүрген ол – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­тетінің шығыстану және журналистика  факультет­терінің түлегі. Исламабад қаласындағы Қазіргі тіл­дер ұлттық институтының урду тілі мен әдебиеті бөлі­мінде білім алып, арнайы оқу-тәжірибеден өткен. Қазақ, орыс, урду, хинди, ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын «Қазақстан» ұлттық телеарнасының таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлесті­гінде редактор-жүргізуші болып бастап, продюсері қызметін атқарған. Көрерменге жақсы таныс «Еркетай» бағдарламасының және басқа да көптеген жобаның авторы.
Жанар Шәмел, «Балапан» телеарнасының жетекшісі:
– Біздің эфирге шыққанымызға бір жыл ғана уақыт болды. Не нәрсені болса да бастау қиын. Дегенмен мемле­кет қолдау көрсетіп, шығармашылық ұжымымыздың ізденісінің арқасында біраз шаруаны еңсерген сияқтымыз. Әйтсе де алда атқарар істеріміз, жүзеге асыратын жоспарларымыз да баршы­лық. Қазір заман басқа, қоғам да өзге­ше. Қалай болған күнде де біз уақыт ағы­мына ілесіп, көрерменге тың дүние­лер ұсынуымыз қажет.
Айта кететін жайт, біздің бағдар­лама­лар­дың басым бөлігін балалардың өздері жүргізеді. «Балапанның» жүргі­зушілік мектебінен өткен  Жамбыл, Ай­бек, Әзиза, Аяжан, Азат, Ернар, Ақерке сынды өрендердің ертең эфир  тізгінін ұстайтын білгір маман боларына күмән жоқ. «Балапан» телеарнасы көрерменін жуырда  ойын-сауықтық «Құлыншақ», әзіл-сықақтық «Тентегім», оқу-таным­дық «Хеллоу, Балапан!» бағдарламала­ры­мен қуантпақ.  Ал шытырман оқиға­лы «Балдырған» мультсериалы отандық телевизиядағы соны жаңалық болмақ. Мультипликациялық сериал  елордамыз Астананың мәртебесін көтеріп, ауылдың жағымды имиджін қалыптастыруға қызмет етпек. Балалар телеарнасы – озық отандық әрі әлемдік балалар ки­но­сы мен анимациялық шығармаларын сапалы түрде дубляждап, көрермен назарына қазақ тілінде ұсынатын бірден-бір арна. Мәселен, осы уақыт аралығында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы  түсірген 32 мультфильм көрсетілді. «Балапан» арнасы ендігі ретте балалар киносы мен анимациялық фильмдерінің отандық қорын қалыптастыруға  негіз болмақ.
Біз жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеріп, білімі мен білігі ұштасқан интеллектуалдық ұлт болуға бет бұрған мемлекетпіз. «Бала­пан» арнасының алға қойған мақсаты да – осы келешек ұрпағымыз­дың тамырына рухани нәр беріп, интеллект иесі, білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ержетуіне ықпал жасау және дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбексүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

              «Санамақ» бағдарламасы
Қайырымдылық арнасы
«Балапан» телеарнасы өзінің бір жылдығында жеңіл-желпі ойын-сауықтан гөрі, ауқымды қайырымдылық шарасын өткізуді ұйғарыпты. «Балапан» телеарнасы – балалардың қамқоршысы, ата-ана­лар­дың серігі.  Демек, балалар  телеарнасының  біржылдық межесін қайырымды іспен түйін­деуді мақсат етуі  – заңдылық.
Осы орайда бүгін сағат 13.00-14.00 және 17.20-17.45 аралығында  «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тіке­лей эфирінде күрделі науқасқа  шалдыққан Рамазан Есмағамбетов (аяқталмаған  остеогенез), Диана Мақ­сат (церебральді сал ауруы), Гүлназ Омар­бекова (микрокорнеа, петерс синдромы) есімді бүлдіршіндердің еміне қажетті қаражат жинау мақсатын­да қайырымдылық акциясын өткізу жоспарлануда. Мұндағы басты мақсат –  еліміздегі әр баланың тағдырына бей-жай қарай алмайтынымызды көр­сету.
Бала денсаулығының халық үшін, мемлекет үшін ең басты  құндылық екенін дәріптеу. Көрерменді, халықты жанашыр­лыққа шақыру, қайырлы іске ел болып жұмылуға үндеу.
Қайырымдылық акциясына  студент­терден бастап, зейнеткерлерге дейінгі аралықтағы азаматтар атсалыспақ. Тікелей эфир барысында студияға елге танымал тұлғалар шақырылмақ. Ал науқас бала­ларға қаржылай жәрдем бергісі келетін отандастарымыз үшін арнайы банк есеп­шот­тары жұмыс істейді. Жанашыр азамат­тардан қаражат қабылдап жатқан банкпен тікелей қосылымдар ұйымдастырылып, жиналған қаржы туралы  мәлімет беру көзделуде.
Алдағы уақытта арна жаңа жобалармен толыға түспек. Олармен біздің кішкентай көрермендеріміз өз кезегінде қауыша жатар. «Балапанның» шығармашылық ұжымы бір жылдың ішінде осыншама жетістікке жеттік деп тоқмейілсіп отырған жоқ. Қызықты эфир күнделікті тыңғылықты жұмыстың жемісі емес пе?! Алғашқы жыл көрермен аудиториясын барлап, мүмкіндіктерді байқап көру жылы болды. Сол себепті де жаңа арнадағы жұмыс қарқыны енді тіпті қыза түсетін сияқты. Бала деген – ең қатал сыншы, ең талғампаз көрермен. Оларды алдау мүмкін емес. Сондықтан да арна ұжымы бар күш-жігері мен тәжірибесін сол балалар үшін сарқа жұмсап, бәсекеге қабілетті арна жасау жолында аянып қалмауы тиіс.
Қазақ баласының санасына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіре отырып, білім мен тәрбие көзі болуды діттеген бірегей ақпа­рат құралына айналып келе жатқан арнаға артылар жүк жеңіл болмақ емес. Олай болса, бүгінде бір жасқа толған «Балапан­ға» қанатың қатайып, биік белестерді бағындыра бер демекпіз.

Стоп-кадр
«Балапан» телеарнасы өткен жылдың 27 қыркүйегінен бастап хабар тарата бастады.
Жаңа арна үш пен он жас аралығындағы балғындарға арнап танымдық, музыкалық, спорттық ойын-сауық бағдарламаларын ұсынып келеді.
Эфирлік уақыты: 12 сағат.
Биыл «Мәдениет» арнасы іске қосылды.
Келесі жылы  «Білім» телеарнасын құру жоспарланып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста