«Балаусаның» әншісі

«Балаусаның» әншісі

«Мен кең-байтақ Отанымды сүйемін,
Болашағы зор екенін білемін.
Балғын бала – үлесімді мен қоссам,
Биіктерге жетеміз деп сенемін!»

Бұл – 10 жасар Алуа қыздың өз жүрегінен шыққан өрнекті өлең жолдары. Ол былдырлап тілі шыққан алғашқы кезден бастап ән мен күйге елітіп, биге әуес болып өсіп келеді. Ата-анасы да өнерге жақын балдырғанның бетінен қақпады, жолын тоспады. Керісінше, қыздарының бойында бұлқынған өнерге деген құлшынысына демеу болып келеді.
Бір қараған адам кішкентай Алуаны бұйығы, ашылып сөйлей бермейтін тұйық қыз деп ойлайды. Шындығына келгенде, ол ән айтқанда, би билегенде, өзгеше қырлары ашылып, тіпті құлпырып кетеді. Бұл  өнер деп аталатын құбылыстың сиқырлы күшінен болса керек. Біз сөз етіп отырған өнерпаз қыз Алуа Болатқызы Кәрімбаева 2000 жылдың 9 қыркүйегінде Алматы қаласында туған. Бүгінде Алматыдағы №93 жалпы білім беретін, қазақ тілі мен ағылшын тілін тереңдете оқытатын мектептің оқушысы. Сондай-ақ ол – Алматы қаласы Бостандық аудандық №3 Балалар шығармашылық үйінің жанынан құрылған «Балауса» вокалдық ансамблінің белді мүшесі. Осы шағын өнер ұжымында үш жылдан бері ән салып, би билейді. Алуаның шағын көк дәптері бар. Оған ол өзінің ойына оралған шумақ-шумақ тақпақтар мен айналадан көрген-білген әдемі әсерлерін жазып жүреді екен. Өзге қатарластарындай күнұзақ компьютердің алдында тесіліп отыра бермей, кітап оқығанды ұнатады. Әсіресе, қазақ әндерін сүйсіне тыңдайды және сол әндердің ырғағына ілесе отырып, өзінше би қимылдарын ойластыруға тырысады. Бибігүл, Мақпал, Роза апайлары сынды әнші болуды армандайтын Алуаның талпынысына ұстаздары дән риза. Мектеп директоры, білікті педагог-маман Рита Тәжімқызы, сынып жетекшісі Бақыт Тоқашқызы, Әділ Шапайқызы сынды ұстаздар да өнерге ынтасы бар балаларға үнемі қолдау көрсетіп келеді.
Ал «Балауса» ансамблінің өркен жаюына айтарлықтай үлес қосып, өнерпаз өрендерге жетекшілік етіп жүрген музыка маманы Масымходжаева Сенім Ахметжанқызы Алуадан келешекте көп үміт күтуге болатынын айтады. Алуа өнер көрсететін «Балауса» ансамблі мектепаралық шараларды айтпағанның өзінде, аудандық, қалалық деңгейдегі барлық мәдени-көпшілік бағдарламалардан қалыс қалған емес. «Балаусалықтар» өткен жылы белгілі сазгер Мұхтар Құраловтың авторлық кешінде өнер көрсетіп, үлкен сахнадан «Туған жер» әнін нақышына келтіре шырқады. Көрермен де жақсы қабылдады. Бұл өнер ұжымы енді бұдан да ірі сахналардан көрініп, биік белестен көрінсек дейді. Бұған қоса кішкентай Алуаның актерлік қабілеті де байқалып жүр. Былтыр қала бойынша атап өтілген «Бауырсақ» мерекесінде әр мектептен жиналған жас таланттар әр халықтың өнерін көрсетуден жарысқа түскенде, Алуа оқитын мектеп те байқауға қатысқан. Олар орыстың «Колобок» ертегісінің «Бауырсақ» деп аталатын қазақша нұсқасын сахналаған. Байқауға бір-ақ күн қалғанда, балалар өз беттерінше ізденген. Алдын ала жазылған сценарий жоқ, дайындалып та үлгермеген. Бірақ оқушылар аяқастынан тапқырлық танытып, бәрін ойдағыдай орындап шыққан. Алуа бұл ертегіде Шымшықгүл кемпірдің рөлін сәтті ойнап шықты. Нәтижесінде, олар байқауда бірінші орынды иеленді.
Әлбетте, өнер атаулы адамның бойына тектен-тек дарымайды. Ал Алуаның атасы Кәрімбаев Жатқанбай кезінде елге белгілі театр режиссері, актер болған. Әсіресе халық әндерін әуелете шырқаған. Ендеше, Алуаның өн бойындағы ерекше дарынды осы атасынан берілген деуге толық негіз бар.
Әзірге үйдің кенжесі саналатын Алуаның Гүлзина есімді әпкесі мен Димаш есімді ағасы бар. Анасы Әлфия Белесбайқызы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бүгінде жекелеген балаларға арнайы сабақ берумен айналысады. Әкесі Болат Кәрімбаев– техника мамандығының білгірі. Біздің Алуа осындай қарапайым ғана қазақ отбасында өнер мен білімге құштар болып өсіп келеді. Болашақта әншілік өнермен қатар, тележүргізуші болсам деп армандайды. Бос уақытында дойбы, шахмат ойнағанды ұнатады. Мектептегі пәндерден әсіресе қазақ тілі мен математиканы аса бір ықыласпен оқиды. Күнделігі де кілең бестікке толы. Білімің шыңдалып, өнерің өрге жүзсін, балауса дарын иесі!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста