Балғынбек Имашев өзіне тоқал іздеп жүргенін айтты

Балғынбек Имашев өзіне тоқал іздеп жүргенін айтты

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзіне тоқал іздеп жүргенін ашық айтты.
Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұқбатында сұрақтарға кеңінен жауап берді.

Мұны ойламайтын еркек болмайтын шығар. Мен ғана емес, бүкіл еркек осы тақырып көтеріле қалса, жымыңдап, бойларына қан жүгіріп, көздері жайнап қалады. Мен ойлап қана қоймаймын, бұл жөнінде талай хабарға да қатыстым. Оң пікірімді білдіріп, инстаграм парақшамда анда-санда осы мәселені көтеріп қоямын. Мұның басқа адамдарға, әйелдердің шамына тиіп кететінін білеміз, бірақ халықтың санын көтеру үшін, жетім-жесірлер азаюы үшін қазаққа өте қажет.

Шариғатта Алла Тағала не нәрсеге рұқсат берген болса, оның ешқандай зияны болмайды. Алла Тағала нені тыятын болса, оның қоғамға тигізетін зияны көп. Алла Тағала Құранда «зинаға жақындамаңдар, ол өте жаман жол» деп зинаны түпкілікті тыйып тастады да, екі, үш, төрт әйелге үйленіңдер деп, жақсылығы мол жағынан рұқсат беріп отыр. Бізде көбіне «екінші, үшінші әйел алады да, ажырасып кетеді» деген сын айтады. Бір әйел алғандар ажыраспай жатыр ма сонда?! Қалада әрбір үйленген екінші, ал Қазақстан бойынша әрбір үшінші адам ажырасып жатыр қазір. Осыншама ажырасқандар ертең кімге тиеді, оларды кім алады?
Өз басым көп әйел алуды құптаймын, қолымнан келгенше мен де сүннети амал жасаймын. Бала тәрбиесін қайдан бастаймыз дегенде, оның анасын таңдаудан баста дейді ғой. Сондықтан мен болашақ ұрпағыма жақсы ана іздеп жүрген адаммын, егер тағдырымда ондай адам кездесіп жатса, екінші, үшінші, төртінші әйел алудан ешқашан бас тартпайтынымды елге ресми мәлімдемесем де, Алланың бұйырғаны болады. Тағдырымызға не жазылғанын білмейміз ғой, аламын деген алмай, алмаймын дегендер керісінше алып қалуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселеге мен оң көзқарастамын, жүрген жерімде мейлінше насихаттап жүруге тырысамын”, – деді ол. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста