«Бақыт құсы» – көрермен назарында
Қазақстандағы ұлттар достығын жырлайтын «Бақыт құсы» қойылымы толықтырылып, көрерменге жол тартпақ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте режиссер Нұрқанат ЖАҚЫПБАЕВ хабарлады.
Қазақстан халқы Ассамблея¬сының мерейтойы қарсаңында жарыққа шығатын, Ұлттар теат¬ры қоятын бұл қойылымның ереꬬшелігі көп. Онда Астана қала¬сындағы «Жастар» теа¬трының, М.Лермонтов атын¬дағы Мемлекеттік академиялық орыс театрының, республикалық мем¬лекеттік Корей музыкалық комедия театрының, Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік республи¬калық ұйғыр музыкалық комедия театрының әртістері ойнайды. Және де әрқайсы өз ті¬лінде сөйлейді. Бұл туралы осы театрдың жетекшісі Любовь Ни: «Дайындық кезінде әртістер та¬ра¬пынан ешқандай қиындық тумайды, бәрі бір-бірін жақсы тү¬сі¬неді» деді. Қойылым авторы, жазушы, драматург Дулат Иса¬беков қойылым тарихын былай деп түсіндірді: «Бұл пьесаны жазуға ұсыныс түскенде, бірден келісе кетпедім. Өйткені, ұлттар достығы онсыз да айтылып жүр. Оның сахнаға шығарсақ, көркем шығармадан гөрі, үгіт-насихат парағына көбірек ұқсап кететіндей көрінді. Бірақ, уақыт өте келе көзқарасымды өзертіп, алдымен көркем шығарма жазуды, содан соң идея көтеруді көздей отырып жазып шықтым. Бұл жерде ескеретін жайттар бар: достық деген сіз-бізден ғана емес, шыж-быждан да тұрады. Және де қазақ халқы негізгі мемлекет құрушы ұлт, қалған ұлттар – диаспора. Бірақ, сол халықтардың барлығы бір шаңырақ астында қазақстандықтар деп аталып, өмір сүріп жатыр. Соны көр¬сеттік. Осыған дейін де екі-үш рет қойылған еді, енді бірнеше кейіпкер қосып, толықтырдық».
Қойылымның жаңа нұсқасы¬ның шымылдығы 25 сәуір күні Астанадағы «Бейбітшілік пен ке¬лісім» сарайында ашыл¬мақ. ҚР Мәдениет және спорт минис¬трлігінің өкілі Асхат Маемировтың айтуынша, қойы¬лым алдағы уа-қытта облыс орталық¬¬тарында да қойылуы мүмкін.
Арман ӘЛМЕНБЕТ,
«Орталық Қазақстан»
ortalyk-kaz.kz/