"Барлық мәселе менде еді. Ол мені сүйді": Баян 6 жылдан кейін экс-күйеуімен кездесті

"Барлық мәселе менде еді. Ол мені сүйді": Баян 6 жылдан кейін экс-күйеуімен кездесті

Баян Алагөзова алты жылдан кейін түрме құрсауында отқан экс-күйеуімен кездесті.  Бұл туралы продюсер Harpers Bazaar басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Oinet.kz-ке сілтеме жасап.

Есентаев 2016 жылы оған пышақ жарақатын салғаннан кейін, 9 жылға сотталған еді. 

 

"Алты жыл бойы мен онымен байланысқан жоқпын. Өткен аптада өз қалауыммен екеуміз сөйлестік. Мен оны, оның ұстанымын естігім келді. Өйткені, қайталай бергім келмейді, ол менің балаларымның әкесі. Өзіне де: "Сен менің балаларымның әкесі болып қала бересің, ол үшін саған алғысым шексіз", - деп айттым. Оның миына кіріп шығатын мүмкіндігім болмады. Ешкім ешқашан біреудің басына кіре алмайды, бірақ мен солай жасағым келді", - деді ол.

 

Мақсатқызы кездесудің қалай өткенін әңгімеледі. 

 

"Алты жылда көп су ағып кетті. Қазір екеумізді қыздарымыз бен немеремізден басқа ештеңе байланыстырмайды. Эмоционалды салқындық сезілді, әрине. Бірақ ол өзін жақсы ұстады, мен де", - деп түсіндірді Баян Мақсатқызы.

 

Бақытбек Есентаев енді үш жылдан кейін бостандыққа шығады.

 

Журналистің "2016 жылғы жағдай қайталанады деп қорықпайсыз ба?" деген суалына продюсер: 

 

"Мен ертең үйден шығып, басыма кірпіш түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан толықтай мына әлемге, өмірге, құдайға, әділеттілікке сенемін және барлығы жақсы болады деп үміттенемін. Өйткені осыдан көп жылдар бұрын мен оны өзім таңдадым ғой. Осы адаммен жиырма бір жыл бірге өмір сүрдім. Қазір келіп "бұл үлкен қателік болды, сұмдық болды" дегенім болмас. Олай айтпаймын да, өйткені ол шындық емес.  Мен ол адаммен бірге тұрдым. Екеуміздің жақсы естеліктеріміз болды, әлі де бар. Біз жақсы балаларды тәрбиелеп өсірдік. Күйеуім жаман, ал балаларым жақсы болмайды ғой. Балаларым адекватты, толыққанды, әке-шешешсінің махаббатына қанған. Оны жоққа шығара алмаймын. Барлық мәселе ода емес, менде еді. Ол мені сүйді.  Менде бәрі болды. Гүл де, бриллиант та, шуба да, жақсы өмір де, машиналар да... Мұның барлығы онымен бірге болды. Қолынан келгенше мені жақсы көрді. Сондықтан қазір отырып бәрі жаман болды дей алмаймын. Бәрі жақсы болды, тек әйелдер үшін маңызды сол бір эмоционалды бөлігінен басқа... Мен махаббатты қаладым. Махаббатты қаласам, оны да алдым. Сондықтан бірге өмір сүрген жылдарымыз үшін оған алғыс айтамын", - деді Баян Мақсатқызы.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста