«Барып қайт, балам, ауылға...»
Ақпанның 20-сы күні Алматы қаласында Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында композитор Темірәлі Бақтыгереевтің «Барып қайт, балам, ауылға туған барып қайт» атты концерті өтпек. Концерт композитор шығармашылығының 40 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Осыдан он шақты жыл бұрын Алматыдағы Әл-Фараби мен Достық көшелерінің қиылысында жол апатына ұшырап, содан бері ел-жұрт елеусіз қалдырған қазақтың тамаша сазгері енді, міне, сол Алматының қақ төрінде қайтадан жарқ етпек. Қазақтың ән қорына бір емес, «Барып қайт, балам, ауылға туған барып қайт», «Сағыныш», «Желтоқсан», «Ғашықтар сенімі» секілді мықты-мықты 300-ден астам туынды қосқан Темірәлі Бақтыгереевтің әндерін осы кеште еліміздің танымал әртістері – Сұлушаш Нұрмағанбетова, Нұрлан Өнербаев, Рамазан Стамғазиев, Медеу Арынбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Сембек Жұмағалиев, Шахизада тағы басқалардың орындауында тыңдаймыз.
Концерт ақпанның 20-сы күні сағат 19:00-де басталады.